Өлең: Шоқанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шоқан сүйген жарымыз,
Жігіттің гүлі, нарымыз.
Ажалға тоқтау бола алмай,
Сарқылды қолда барымыз.
Ажал келіп қиядан,
Сұңқарым ұшты ұядан.
Сүйген жарым бүгінде
Өтіп кетті дүниядан!..
Туғаннан соң өлмек хақ,
Кімдерден дүние қалмаған?!
Не істесе Алла, еркі өзі,
Ешкімге ақыл салмаған.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биссиміллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссиміллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Қайран да менің асылым,
Жоқтамай қайтып тастайын.
О-о-у, қормалым!
Қормалым еді-ау қорғаным.
Кермеден кетті дүлдүлім,
Бағынан ұшты бұлбұлым.
Пәниден көшті бақиға,
Табылар қайдан бір күнің?!
Әкем бір қосқан досым-ай,
Мұңлық деген осы ма-ай.
Заманым болар бір сығым,
Заршылық түсті басыма-ай.
Қолымнан ұшты бұлбұлым,
Кермеден кетті дүлдүлім.
Рақымсыз ажал өшірді,
Иранбақтың бір гүлін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Аяулым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара төбел қарағым құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Іңкәрім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Жумабаев шыгармалары

Кіріспе
Бүгінгі өз алдына тәуелсіздік алған егенменді елміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындай түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадам алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталғаны баршамызға мәлім. Алаш азаматтары яғни қазақ зиялылары қазақ ұлтын жеке автономиялық мемлекет етіп құруды мақсат етті.Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық идеяларын айналды. Бұл ұлт – азаттық идеяның әдебиетте алғаш көрініс беру еді. Бірақ ұлт – азаттық идея ұстанған ағым өкілдірі саяи айыппен қоғамнан аластатылды да, оларды тану, зерттеу соңғы жылдары қолға алынды. Басқа сөзбен айтсақ алаш азаматтары аңсаған екріндікті, егемендікті ұрпақтары біз көріп отырмыз.
Бүгінгі таңда жарты ғасырдан астам өз оқырманын күткен Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығы қазақ халқының асыл мұрасына айналды. Осы уақыт ішінде Мағжан Жұмабайұлы шығармашылығы жан-жақты зерттелді.Ақынның қаламынан туған классиқалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі бір көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы естетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халық ауыз әдебиетінен халықтық мәдениеттен алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық ұстанымын тануда патриоттық рухта жазылған поэмаларының рөлі зор. Поэмаларының ішіндегі ең көлемдісі және алдымен ауызға ілігері - "Батыр Баян". Өйткені поэма идеясы ұлт тағдыры идеясынан туындаған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Гүлдерайым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.
Кішкене ұршық қорғасын,
Осындай болам деп пе едім?!
Еркелеткен ағекем,
Маңдайыма көп пе едің?!
Ағекем едің алдымда,
Айрылып сізден қалдым ба?
Балаларың жас қалып,
Сары уайым салдың ба?
Көлдей болып көз жасым,
Жылаумен бардым үйіңе.
Орның тұр, өзің жоқ,
Осылай ма еді дүние?!
Күмістей ерден қас кетті,
Ауылымнан бас кетті.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ағузубилла алһамнан
Сөз барлығы басталған.
Қысқа бір дүние, тар заман,
Талайлар саған тап болған.
Кешегі кеткен аташым,
Көңіліме қайғы дақ салған.
Бойымда әдеп сақтаған,
Асқар бір таудай қорғаным,
Аударып қағаз ақтарған.
Жалғаншыны жат етпе,
Алласын ойлап тоқталған.
Афуза—ғалам ғафудан
Іздесем, ізің табылмас,
Үмітім таңда махшардан.
Балапаны баураусыз,
Ұясында жас қалған.
Жағдайды айтып халқыма,
Базарым қайтты, бақ тозған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бес кәмпит (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде сары беткей, сары беткей,
Жатады сары беттің, дүние-ай, қары кетпей.
Барында оралыңның ойна да күл,
Бетіңнің алақандай, дүние-ай, әрі кетпей.

Бес кәмпит, алты жаңғақ, он бауырсақ,
Сағындым өзіңді аңсап,
Дүние-ай, өзіңді аңсап.

Құрбым-ау, сылдыр үзбе, сылдыр үзбе,
Жайладық жаз Майтөбе, дүние-ай, құмды күзде......
Өлеңдер
Толық
0 0