Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шәкәрім лирикасы

Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиеті идеялық, тақырыптық және көркемдік жағынан жаңа сипатқа көшіп, соны бағытқа бет бұрды. Бұл бағыт өмір құбылыстарын кестелеудегі шынайылықты, имандылқ пен азаматтық үнді қастерлейтін реалистік бағыт еді. Қандай дап болсын реалистік туындының күш – құдіреті айнала қоршаған ортадағы былайғы көпшілікке беймәлім құбылыстар мен құпия сырларды мейлінше нанымды әрі көркем етіп жеткізе білуінде болса керек. Реалистік әдебиеттің әлеуметтік маңызы мен қоғамдық мәнінің өзі оның өмір құбылыстарын, уақыт пен кеңістік сипатын дәл де шынайы бейнелей білумен өлшенбек.
Төл әдебиетіміздің даму тарихындағы аса маңызды белеске айналған осынау дәуір ұлттық лирикамыздың жан-жақты баюына, нәрленіп, ажарлануына аса мол ықпалын тигізеді. Бұл дәуірде Абайдың ақындық дәстүрі тұтас мектеп е айналып, өзінің ізбасары мен жалғастырушылары арқылы тамырын кең жайды. Осынау ұлағатты дәстүрді нысана тұтқан ақындардың алдында өз заманындағы қазақ даласының әлеуметтік - саяси жағдайынан, рухани мәдени психикалық хал-ахуалынан туындайтын сан тарау тақырыптар бой көтерді. Мұның өзі лирикалық поэзияға аса мол м індеттер жүктеді. Ендігі жерде халықтық лирика бұқараның қоғамдық жағдайы мен эстетикалық таным-түсінігін бейнелеуге ұмтылды. Халық өмірінің әрбір сәтін қалт жібермеуге әзір елгезек лирика жанрының маңызы бұл кезеңде ерекше өсті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Елік-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шалқар вальсі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шахарда Шалқар деген ұлтымыз бар
Осында ер жігіттер, өңки қыздар
Көлі бар құралай көз мөлдіреген
Жағаға шатыр тігіп қондыңыз ба?

Қайырмасы:
Шалқар көлі өзімізге шағалаға нық теңіз
Шалқар құмы өзімізге
Күндей ыстық леп теңіз....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары

Кіріспе
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап болама?
Қыз таңдап, ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қонама.

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу,
Атым білмей қор болдым,
Әйтеуір, сол қыз - бір сұлу......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Н.И. Илминскийдің өмірлік жолы және педагогикалық жүйесі

Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21 сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми - зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Сүйекті үйден шығарғанда айтылатын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қош енді, әкем, қош енді,
Қоштасқан жерім осы енді.
Қателігім болса енді,
Кешір, әкем, балаңды,
Кеттің-ау, әкем, кеттің-ау!
Көзімнің жасын төктім-ау!
Жел ұшырған қаңбақтай,
Бұл дүниеден өттің-ау!
Кең дүниеге симадың,
Артыңда қалды жиғаның.
..........................
Жолдасың болсын иманың.
Әкетті сені бақиға,
Алдамшы тірлік жасаған.
Шаңырағың шайқалып,
Мұртынан сынды босағаң.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту Е Елубаев «Туады шығады түседі келеді» өлеңі (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту Е Елубаев «Туады шығады түседі келеді» өлеңі
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) таба алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді біледі.
Көптеген оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтай алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айтады..
Кейбір оқушылар:. әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) қолданып, өз ойын айтады, шығарма жанрының айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып, қорытынды жасай алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0