Өлең: Шәпибай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.

[Қайырмасы]
Ахоу, қайран жар ай, (3)
Пай-пай-пай!
Бөде үй, бөде үй,
Арман-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға» Б С Қошым-Ноғай (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға» Б С Қошым-Ноғай
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 6.2.2.1 күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі
маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
• күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретінде таниды
Оқушылардың басым бөлігі:
• күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Кейбір оқушылар:
• тарихи құндылығын анықтайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Сусамыр – елдің жайлауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Нұрмұхамедұлы Жанқожа

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Бөбегім-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ құсым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Саған деп - айтар әнім,
күн сайын қайталадым.
Аяулы жарым - сенсің,
Бақытым,барым - сенсің.

Қайырмасы:
Сен - менің арманым, ақ құсымсың,
Сен - менің ардағым, бақ құсымсың.
Бір сен деп, ақ құсым, аңсағаным,
Әлемге әніммен жар саламын!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Түркітану | Көне Рим әдебиеті

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.
Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.
Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Сарыұлы Ақтамберді

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)- атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады. Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады. Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0