Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан. Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді. Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. ....
Кіріспе Ұлы орыс халқының классикалық және совет әдебиетін, қазіргі әдебиетін, туысқан ұлттардың халық демократиясы елдерінің және дүниежүзілік әдебиеттік үлгілерін қазақ тіліне аудару – идеологиялық және мәдени зор маңызы бар іс. Бұл әдебиетіміздің шеберлік жағынан жетеле түсуіне көмегін тигізіп қана қоймайды. Сонымен бірге халқымыздың рухани мәдениетін ерекше байытады. Аударма ісінің белгілі бір сатыға көтерілуінің нәтижесінде қазақ оқырмандары Пушкин, Лермонтов, Горький, Тургенев, Гоголь, Толстой, Маяковский, Шолохов т.б. орыстың классикалық және советтік әдебиетінің тамаша өкілдерінің шығармаларын өз тілінде оқитын болды. Қазақтың көркем әдебиет баспасы қазір орыс классиктерінің шығармаларын , мемлекеттік сыйлық алған шығармаларды түгел дерлік қазақ тілінде шығару мақсатын қойып отыр. Әдебиетіміздің аударма саласында елеулі - жұмыстар істеліп белгілі бір кезеңнен өтіп, енді алда айрықша зор міндеттер тұрғанда, өткен жолымызды шолып, іс тәжірибемізді қорытып, болашақтағы міндетіміздің негізгі бағытын белгілеп, көркем аударма өнеріндегі басты мәселелерді шешіп алу кезек күттірмейтін мәселеге болу тиіс. Орыс тілден қазақ тіліне жүздеген кітаптар аударылды. Бұл үлкен іс ірі кемшілігіне қарамастан, үлгілі тәжірибесіз емес. Осы жолдағы М. Горькийдің әнгімелерін қандай тәжірибеде аударғанын көретін боламыз. Жалпы Горький әңгімелерін игере бастауы аударма әдебиетіміз үшін ғана емес қазақ әдебиеті, көркем әдебиеті үшін де елеулі кезең. Біз әдебиетіміздің қыруар байлығын мақтан ете аламыз. Қазір дүние жүзі халықтары сүйіп оқитын М.В. Маяковскийдің мағыналы, жалынды поэзиясы, М. Горкийдің мәңгі өлмес асқақ та терең мұралы т.б.....
Кіріспе «Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз». (Ы. Алтынсарин) Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз. Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы. Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Кіріспе Қазақ даласының Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта тұсында аяқталды. Осыдан бастап қазақтар қай жағынан болсада да Ресейге тәуелді күй кешті. Бұл кезде Ресейде капиталистік қоғам өркен жайған болатын. Капитализм Ресейге ғана емес, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, сонымен қатар қазақ даласында да қалыптаса бастаған еді. Ресейде болып жатқан экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар, мәдени даму үрдістері азды – көпті болса да қазақ даласына жетіп жататын. Патшалық Ресей шет аймақтарындағы халықтарды аяусыз қанады, барлық жағынан дамуына кедергі жасап, соған тікелей күш жұмсады. Бұл жағдай ұлттар арасындағы араздықты қоздырды. Ресейге қараған басқа халықтар сияқты, қазақтың да тілі, ұлттық мәдениетіне зорлық келді, қорланды. Қазақ халқының рухани дамуы патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының жасында әдістерімен жетелеп отырды. Патша өкіметі қазақ өлкесінде ғылым мен білімнің дамуына, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне көңіл аударған жоқ. Патшаның жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі ресми құжаттардың біреуінде былай деп жазды: «Мен қырғыздарды (қазақтарды) орналастыру, оларды оқытып ағарту, оларды Еуропа халықтары шыққан сатыға шығару сияқты мүсіркегіштердің мейірбандық әурешіліктерімен шұғылданбаймын.....
Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз. Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің, Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жарымсың......
Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компонеттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі мміндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді. Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады: 1 жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;....
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған. Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді. Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді. «Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы Сабақ тақырыбы: 1.2. Шығарманы мазмұндау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/сахналау 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкерлердің портретін сипаттап оның іс-әрекетін, мінез-құлқына баға береді және өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндайды. Көптеген оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, мінез-құлқынын анықтап, соған ұқсас мысалмен байланыстырып мазмұндай алады. Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап баға беріп, өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырып мазмұндай алады..........