Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б С (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту «Сен даланың бұлбұлысың» Қошым-Ноғай Б С
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолдану және өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда өз тұжырымдарын негіздей алады
Кейбір оқушылар: өлеңді нақышына келтіріп, дауыстап мәнерлеп оқиды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы

Мәселенің өзектілігі.
Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес, барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1].
«Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Жамал Омарова

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген. Ж. Омарова қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты. Ол 1934-1936 жж. музыкалық драмалық спектакльдерден Мақпал (Б. Майлиннің “Шұғасы”), Қамқа (Ғ. Мүсіреповтың “Қыз Жібегі”), Айман (М. Әуезовтің “Айман-Шолпан”) образдарын жасады. 1937-1976 жж.- Қазақконцерт пен қазақ филармониясының солисі. Оның репертуарында “Бипыл”, “Қараторғай”, “Ертіс”, “Ләтипа”, “Шынарай” сияқты қазақтың халық әндері, Ш. Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным”, А. Телғозиевтің “Менің елім” және т. б. әндері бар. Ж. Омарованың орындауында қазақтың халық шығармашылығына ұлттық сипаттар, оның әуезділігі, фольклорлық жанрдағы патетика тән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін салушы

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимиллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Кешегі жүрген жәйлы әкем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Ажал шіркін жеткенде,
Айрылдық жұртым панадан.
Опасыз сұм қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
Дүние салды жәйлі әкем,
Іштен жалын қайнаған.
Халқына арнап өмірін,
Елінің қамын ойлаған.
Баяны жоқ дүние-ай,
Пендесі жоқ өлмейтін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М. Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух

Кіріспе
Қазіргі қазақ әдебиеті күллі әлем әдебиетінің сапынан елеулі орындарының бірін иелейді.Әдебиетіміздің жетекшісі артып, саласының бірі-поэзиясының эстетикалық байлығы артып, көк жиегі кеңіді. Әдебиеттің даму кезеңдеріндегі әрбір дәуір бір ақынды туғызады десек, қазақ ақындарының әрқайсысы өзінше қайталанбас творчестволық тұлға ретінде жеке дара көріне алады. Сондай талантты ақындарымыздың бірі-Мұқағали Мақатаев.
ХХ-ғасырдың қазақ поэзиясында қара өлеңнің құдіретін паш еткен Мұқағали Мақатаев жыр сүйер әр жүрек түкпірінен орын тепкен ақын.
ХХ-ғасырдың 60-70 жылдар аралығындағы қазақ поэзиясы жөнінде сөз қозғай қалсақ, поэзия өкілдерінен Қ.Мырзалиев, Сағи Жиенбаев, Т.Молдағалиев, Т.Айбергенов секілді өзгеше таланттар есімін атамай өтуге болмайды. Осы толқындар ішінде М.Мақатаев бар. М.Мақатаев-қазақ поэзиясына, әсіресе қазақ лирикасының философиялық мазмұнын айырықша байытып, өмір тіршіліктің мұңды, сырлы шындығын аса шебер жырлап, қазақ өлеңінің шоқтығын біршама биік деңгейге көтерген дара дарын. Дәлірек айтсақ, Мұқағали-қазақ поэзиясында ерекше құбылыс. Оған Әбділда Тәжібаевтің «Бізде енді поэзия дәуірі басталды. Сол ғажайып даналықтың бір көзі-Мұқағали поэзиясы»,- деген пікірі дәлел.\3:7\
Қазақ лираикасының көркемдік өрлеуі 60-70 жылдардан бастау алды. Себебі, бұл жылдар бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, көңілдерін оқу-тоқуға аударып, поэзияға талғаммен қарай бастаған кез еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру Меңдібай Әбілұлы «Құпия әуен» (4 сынып, II тоқсан)

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру Меңдібай Әбілұлы «Құпия әуен»
Оқу мақсаттары: 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру ;
4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Мереке» Қанат Қайым (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Мереке» Қанат Қайым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
• 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
• 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды және мазмұны бойынша әдеби кітаптардан нақты ақпаратты тауып, оны берілген сызба түрінде бере алады
Көптеген оқушылар: әдеби кітаптардан нақты ақпараттарды тауып, белгілі бір жүйеге салып жинақтай алады
Кейбір оқушылар: кестеге салған ақпараттар жөнінде қосымша мәліметтер айта алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды . 1926 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры оның « Еңлік – Кебек » пьесасымен ашылады . Драмашы бұл шығармасын кейінне әлденеше рет өңдеп , жетілдірді , соның арқасында пьеса театр репертуарының тұрақты орын алған классикалық туындыға айналды .
« Еңлік – Кебек » трагедиясы ел ішінде кең тараған тарихи аңыз негізінде жазылған . Ол – ескі рулық-феодалдқ әдет-ғұрып шырмауын үзіп , жүрек қалауымен бір-біріне қосылған екі ғашық – жас Еңлік қыз бен Кебек батырдың ру шонжарларының қатал үкімімен өкінішті қазаға ұшырап , арманда кеткендіктері туралы аңыз еді . Мұхтар Әуезов аузша айтылып келген аңызды идеялық бағыты айқын , көркемдік қуаты мол трагедиыға айналдырды . Пьеса жазылған кезеңде қазақ ауылында көне кертартпа салт-сана айығып болмаған еді . Қызды сүймеген адамына айттырып , күйеуі өлген жесірді сол елден шығармай , ағайын-туған рулас біреуге зорлап қоса салатын әмеңгерлік әшкереленуге тиіс болатын . Алғаш рет жайлауда , жалғастырыла тігілген киіз үйде қойылған « Еңлік – Кебек » пьесасы қазақ сахнасында мүлде жаңа бір түрінің – драматургияның пайда болғанын әйгілейді , дала өңірінде талай жылдар бұрын өткен қайғылы оқиғаның кейіпкерлері тұңғыш рет сахнада көрермендер алдына шықты . Пьесе тек әдеби оқаға ғана емес , халқымыздың рухындағы ұлттық рухани , мәдени оқиға да болды . Шығарма толық , сенімді ашылған көркем тұлғаларымен де , қазақтың байырғы шешендік өнерінің жарқырап көрінуімен де тартымды . ....
Рефераттар
Толық
0 0