Әңгіме: Біз 1 жасқа толдық

Құрметті сайт қолданушылары! Достар!
Бүгін біздің порталға 1 жыл толды! (2015 жылы 14 наурыз күні порталымыз дүниеге келді)

Тәй-тәй басқан сайттың жетілуі мен дамуына үлес қосқан әрбір «жанкүйерімізге» алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, сайттың іргесі қаланғалы бірге болып келе жатқан "ардагер" қолданушыларымызға құрметіміз ерекше.

Ары қарай да порталды дамытып, пайдалы жаңалықтар мен өзгерістер енгізіп, өздеріңіз үшін қызмет ете беретін боламыз. Ал, сіздерден барынша белсенділік пен қолдау күтеміз.

Біз сіздермен біргеміз! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Сырқат әйел

Баққа бөленген әдемі қаланың ортасына салынған емхана бір көшені бір-ақ алып тұрады. Оның көше жағына қараған беті дәрігерлер науқас адамдарды қабылдайтын бөлмелер де, аула жақ беті ұзын зал. Ұзын залдың бойына қойылған отырғыштардың босы көп болғанымен қабылдау кабинеттерінің бәрінің алдында адам баршылық. Адамның ең көп отырған жерлері құлақ, мұрын, тамақ ауруларын, көзді, тісті қарайтын кабинеттер алды. Ұзын залдың ашпалы терезелерінің барлығы ашық. Осы ашық терезелерден таңертең соққан самалмен бір хош иіс келеді де, адам мейірін қандырмай жоқ болады. Сусап отырғандарға зор сабадан бір-бір тостағаннан қымыз беріп бір жайқар келіншек ізінше қайтып шығып кеткендей болып тұр. Жанға сая көктемнің лебі отырған науқастарға табылмас шипадай сезіледі. Самал тағы да, ессе игі еді деседі, отырғандар;

Залдың. кіре беріс есігі кең ашылды да, денесіне жабыстыра тіккен қалың күрең қызыл көйлегі бар бір әйел көріне кетті. Ол есік жабылар — жабылмастан залдың оң жағына қарай тез басып жүріп берді. Осылай қарай бұрылуымен одан хош иіс бұрқылдап, терезеден келген лепке жарымай отырғандардың мұрнын жарып жібере жаздады. Ол құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет алдынан аяғындағы өкшесі дірілдеген жылтыр қара туфлиін шажамайын шиқылдата, екі қолын артына лақтыра тастай сыпыртып өте шықты. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет ең түкпірде еді. Бұдан былай кабинет жоқ болса да ол етіп барып бұрыштан кілт бұрылып, қашаған қуып үйренген қысыр биедей өкшесінен қайтты. Туфлиін шиқылдатып бері жүрді. Екі құлағын кезек басып шыдай алмай шеткерірек отырған орта жастағы Ерекеңнің беті тыржың ете түсті. Оған жалғас отырған қартаңдау әйел де татып кеткен айран ұрттан алғандай мұрнын тыжырып, бет-аузын қатпарландырып, аулын ырсита қойды. Көзі әлгі әйелде. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Күдік


Әйелімнің төркіндеп кеткеніне бір аптадан асып барады. Амандық болса, ертең-бүрсүгүні келіп те қалар. Оның келуіне қарсы мен көп жұмыс істеп тастадым; үйдің іші-сыртын әктеп, есік-терезені көгілдір, жалтырақ бояумен сырладым. Көрпе-жастықты, кілемді қағып-сілкіп самалдаттым. Керуеттің босап кеткен сымының құлағын бұрап, домбыраның шегіндей қылып бабына келтірдім. Саусақтың ұшы тисе болды, «дың» етіп шаттық күйін шерткелі тұр.

Үш жұмсақ арқалығы бар, ала бажалақ диван сатып алдым. Бұл жаңалықты жұбайым көрсе қатты қуанып та қалар-ау деймін. Үйге кіріп келген ол әрине алдымен мамық диванды көреді. Сосын, «шалымнан айналдым» деп менің бетімді өппесіне кім кепіл?! Әлде «еркек деген осындай болар!» — деп, арқамнан қағып қана қояр ма екен?..

Әйелім сүйсінетін бұдан басқа да толып жатқан шаруалар істеп тастадым. Оның ескі туфлиін ремонтқа беріп, су жаңа қалпына келтірдім. Туфлидің біз өкшесін жарқыраған күміс сауытпен күптеткіздім. Қалай кисе де оңайлықпен тоза қоймас-ау! Бұл жақсылығымды сезіне білген парасатты келіншегім шексіз қуанышқа бөленіп, менің мұртымнан сүйіп жүрмесе игі еді!.. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан Дойл | Жырық ерін


Әулие Георгий атындағы діни білім беретін колледждің ұстазы, кісі қолынан жазым болған марқұм Элиас Уитнидің інісі Айза Уитни наша тартуға дағдыланып алды. Колледжде жүрген кездің өзінде-ақ де Куинсидің нашақордың көретін түсі мен алатын әсері сипатталатын кітабын оқығаннан кейін аталмыш жазушының нендей кепті бастан кешкеніне көз жеткізу мақсатында әсіре әуестікпен темекіге апиын қосып тарта бастаған. Басқалар сияқты бүл да тастаудан гөрі тартудың әлдеқайда оңай болатынына көп ұзамай-ақ көз жеткізді, сөйтіп күллі дос-жаранының аяушылығын туғызып, үрейін ұшырып, ұзақ жылдар бойы өз құштарлығының құлы боп қала берді. Оның сарғыш тартып ісінген болбыр беті мен қарашығы сығырайып кеткен мөлиген көзін, креслода дәрменсіз жатқан денесін көз алдымда ап-анық көріп тұрмын – бір кездегі көшелі азаматтың қаусап, қалжырап біткен қалдығы еді бұл.

Бір күні кешкісін, 1889 жылғы маусым айында, дәп сол қайта-қайта есінеп, сағатқа қарағыштай беретін шақта, біреу келіп пәтерімнің қоңырауын шылдыратты. Мен креслоға тіктеліп отырдым, ал тігіп жатқан нәрсесін тізесіне қоя салған әйелім жақтырмай қабағын шытты.

— Науқас қой! - деді ол. - Ауырып жатқан біреуге баруыңа тура келетін болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бізге көмектесетін дос туралы әңгіме (2-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:
Сабақ тақырыбы:Бізге көмектесетін дос туралы әңгіме (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.3.1 мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады және сәйкес тыныс белгілерін қолданады
Көптеген оқушылар: сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады және сәйкес тыныс белгілерін қолданады
Кейбір оқушылар сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажыратады және сәйкес тыныс белгілерін еркін қолданады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сәбит Мұқанов | Кер заман


1

— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.

Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:

— Қайдағы салық? — деді хажы.

— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.

— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.

— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.

— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Білімнен жаққан шамшырақ


(Ұстаздар күнімен оқушының құттықтауы)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыл сайын жыл құсындай болып айналып соғар ұстаздар мерекесі тағы да есік қағып тұр. Ұстаз мамандығы қай қоғамда да, қай заманда да қадірлі де құрметті бола білді. Өйткені ұстаздық - тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелеуші ұлағатты іс. Күні кеше ғана мектеп есігінен тарыдай боп кіріп, ақыл дариясы толысып таудай боп шығар әрбір шәкірт - осы бір киелі мамандықтың алдында мәңгі қарыздар. Себебі "Есімде әліппені жаттатқызып, ең алғаш қолға қалам ұстатқаның" деп белгілі ән жолдарында айтылғандай, білім кемесі мектеп табалдырығынан аттағанда, күлімсірей қарсы алып, қолыңнан жетелеп партаңа әкеп отырғызатын алғашқы ұстазыңнан бастап, әрбір ғылым сырының негіздерін жалықпай үйретер жоғары сынып ұстаздарының барлығы да шәкірт жүрегіне өз ізін қалдырып үлгереді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме айтуды дамыту (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім.
Сабақ тақырыбы: Әңгіме айтуды дамыту
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу)Т/А 4 Астарлы мағынаны болжау
Сабақ мақсаттары: Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызықты әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Қызықты әңгімелер оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1 Оқу түрлерін қолдану
2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу
Сабақ мақсаттары: Мәтінді іштей оқып, кейбір ақпаратты белгілейді, мәтін мазмұнын түсінеді. Нақтылау сұрақтарын қойып, оның жауабын мәтіннен табады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Дәметкеннің зары


(Шөкенұлы Құсайынның естелігінен)

Дәметкен Далабайдың шешесі. Далабай жалғыз. Өзі жарлы кемпір. Дәметкеннің екі көзі жоқ, су қараңғы кемпір. Ол Далабайын қапсыра құшақтап, шырқырағанда жер басып тұра алмадық. Сондағы Дәметкеннің зарынан. Әр жерінде құлағымда қалғанын елге қайта қосылғанша ойымнан шығармадым. Бірақ анда-сандағы бір бөліктерін ғана ұғып қаппын.

Дала жаным, жалғызым,
Су бойында жалбызым.
Маңдайдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Жүзіңді көріп қалуға
Ашылсыншы сұм көзім!..

деп тыржиған қабағын жоғары-төмен көтергенде сәулесі жоқ тұңғиық қара көзінен тамшылап жас шығады.

Жалғызым, жаным Далажан,
Тым болмаса екеу боп,
Артыңнан біреу ерсеші,
Тентекшіл, теріс қу құдай,
Зорлықшылды көрсеші.
Тым болмаса жар болып,
Жарқ етіп көзім ашылып,
Далаштың жүзін көрсемші,
Сылқ етіп, сүйіп өлсемші.
Тірі күйік тартқызбай
Қолыңнан мені кемсеңші.
Мейірім қана сүйейін,
Келсеңші, сәулем, келсеңші!.. —

деп оңды-теріс кетіп тұрған Далабайының бетін тарамыс қара қолымен сипалап тауып алады...

Facebook .....
Әңгімелер
Толық
0 0