Әңгіме: Бекболат Баян | Жақсы сөз жарым ырыс

Жақсы сөз жанның жылуы. Бір бірімізге жылы қабақ танытып, жақсы сөзімізді арнап жүрген қандай ғанибет. Қарыштап дамыған өркениетке ілесеміздеп осынау жақсы қасиетімізден айырылып бара жатқандаймыз. Асығыспыз... Тіпті ет жақынымызбен араласуға уақыт жоқ. Қайда асығамыз?... «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...», «Жақсы сөз жарым ырыс», т. б. толып жатқан мақал – мәтелдерді естіп жүрміз. Жақсы сөз естіп көңіліңнің көтеріліп қалғанын өзің де байқамай қаласың. Тұнып тұрған психология! Жаз жайлау, қыс қыстау мал соңында жүріп, психология оқымаған қазақ осының бәрін қайдан білген?! Сірә, халық даналығы деген осы болар.

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, қабырғаларда ілініп тұрған түрлі мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді көріп, біріміз болмаса да, біріміз ойланып жүретін едік. «Тәрбие тал бесіктен емес пе?». Бірақ бұл өскен соң тәрбиені тоқтатып қоюға болады деген сөз емес қой. Айтқым келгені біздің ҚазҰУ - нің механика – математика факултьтетіне келгелі мен ол тәрбиені көре алмадым. Ұлы адамдардың портреттері ілініп тұр, олда тәрбие, бірақ, тәрбие көптік етпейді ғой.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біздің факультетте және өзге де факултьеттерде, егер жоқ болса, мақал – мәтелдеріміздің және нақыл сөздеріміздің ілініп тұрғанын қалар едім. Бір жағынан тәрбие, екінші жағынан қазақы дәстүр университетіміздің ажарын аша түсер еді. Көрген көзде жазық жоқ, естіген құлаққа алтын сырға.

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Механика – математика факультеті

Бекболат Б. baian-gt@mail.ru

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ӘҢГІМЕЛЕП БЕРУ МЕН МӘНЕРЛЕП СӨЙЛЕУ.

Кіріспе
Балабақша тәрбиешілері алғаш балабақша табалдырығын аттап, сауат ашуға ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбысың таңбасын жазып, оқып дағдыланады. Алғаш екі әріптің басын қосып оқыған кезде оның мағынасын түсінуге тырысады. Біртіндеп екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді оқып үйренеді. Осы кезден бастап балалар не оқыса да түсііп, дұрыс оқиды.
Зерттеудің өзектілігі: Оқуға қойылатын түсінік, дұрыс оқу талаптарын саналы меңгере бастаған соң-ақ бала сөйлемдегі сөздерді біршама жылдамдықпен бір-біріне ұластыра оқып кетеді. Оқыған сөйлемнің мағынасна, абзацтағы бірнеше сөйлеммен айтылған ойды ұғы, сол арқылы белгілі тақырыптың мазмұнын түсінеді. Бұл процесс балабақша топтарында жеңілден ауырға қарай деген дидактикалық принциппен бала психологиясының дамуына, тілдік материалдарды жүйелі меңгеруіне тікелей байланысты дамуы осы жұмыстың өзекті мәселсі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Балабақша топ тірбиешілері алдындағы баланың оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саны түрде түсініп, дұрыс оқуға төселгенде тексті қиындықсыз біршама жылдамдықпен оқиды. Текстегі сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттер бірден оқылмайтынын түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқыға талаптанады. Оқу үлгісінің түрлерін мұғалім көрсетіп береді, үйретеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: О Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж3.Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Әдемі қыз көзіңе жақын


В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.

Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Қыз баланың ұстанар ережесі: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі ағылшын тілін оқыту


Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын.

Осы міндеттерді орындауда Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңартулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтуде. Ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етеді. Сол үшін жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану ерекше маңызға ие.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» базасында «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде. Курс бойынша облысымыздың әр аймағынан келген 32 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұл | Атадан ақыл


Әкесі елу тоғызға шыққалы бері Адалдың қатты мазасы кетіп жүрді. Әйелінің әр сөзі дұрыс та болса, оған инедей қадалады. Өсіп, алды он беске, арты беске келген үйелмелі-сүйелмелі жеті бала жақындап жанына әкелеп келсе, оларды да маңына жолатпады. Несіне жолатады? Өзін апарып жардан лақтыратын, өзінің ажалы солардың бірінің қолына екенін біле отырып оларды қалай жақсы керуге болады. Әкесі болса бар шаруаны тындырады. Мұның табанына кірген шәңге менің маңдайыма қадалсын дегеннен басқа байқұс шалда не жазық бар еді. Бірақ хан жарлығы солай, «алпысқа келген атаңнан ақыл сұрама!» Бұл ойын біреуге тіс жарып айтуға болмайды, оны зәушайтан біреу-міреу біле қойып жеткізер болса, ертесіне-ақ әлде тура, әлде қайқы қылыш көтерген жасауылдардың жетері хақ. Сонан соң жаның жаһаннамға кетті дей бер. Басың алмадай домалап көкжендет алдында жатады. Міне, жыл тез етіп барады. Енді біраздан кейін Адал әкесімен біржола қоштасады. Өзі қолымен жардан лақтырып өлтіреді.

Байқұс Ақыл шал да соңғы күндері өзінен өзі шөжіп, торы еттен ажырап, тамақты татып алмайтын болды. Кемпірі қазанға толтыр ұйытқан, қасық тік тұратын қой қатығының бетін сыпырып әкеп шал алдына қояды. Қазандағы айранның қаймағын келін сыпырып алып қарашұнақ балалардың біріне беріп қоймауы үшін таң рауандап к еле жатқаннан тұрып, зар қағады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Біз ұрыстарда ер жеттік

28-гвардияшы Панфиловшылар өздерінің қанымен өшпес даңққа ие болды. Халқымыз олар туралы өлең-жыр шығарды, аңыз етеді. Олардың есімдері халқымыздың гитлершіл басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысының тарихында мәңгі сақталады. Дивизиямызды құрушы Иван Васильевич Панфиловтың есімі мәңгі өшпейтін жауынгерлік даңққа бөленген. Сондықтан да панфиловшы ерлерді көргенде:

— Сіз расымен Панфилов дивизиясынансыз ба? — деп таңданған адамдарды талай кездестіргенім бар.

— Ия, — дейді панфиловшы. Сол таңдандырған панфиловшы кәдімгі жай адам болып шығады.

Ол керемет батыр емес, асқан алып емес, ол, тіпті, соғыстан бұрын армияда болмаған, тек бір колхозда адал еңбек еткен, фабрикада немесе заводта жұмыс істеген, я болмаса бір мекемеде бухгалтер болып қызмет еткен өзіміздей бір адам болып шығады. Әриие, бұл бейбіт совет азаматы солдат шинелін киіп, қолына винтовка алғаннан кейін де бірден жауынгер бола қойған жоқ.

Осындай әр алуан қарапайым адамдардан Генерал Панфилов 2,5-3 айдың ішінде жауынгерлік құрама жасақтады. Взвод емес немесе рота, полк емес, тұтас бір дивизия құрды. Бұл — Панфиловтың зор еңбегі. Ол 8-гвардия дивизиясының қолын жеңістерге жеткізді.

Панфилов соғыс өнерінің кемеңгері еді. Ол соғыстың өнері мен әдісіне мейлінше жетік, ұрыста батыл, соғыс ғылымында жаңалық тапқыш ақыл-ой иесі еді. Ол ұрыстарда дұшпанның генералдарынан басым түсіп отырды, оларға өз дегенін істей білді, жаудың әскер сапының осал жерлеріне қатты тиіп, оған істің түйіні шешілетін учаскелерде, үзілді-кесілді кезеңдерде қирата соққы бере білді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ананың көңілі

Сақан ауылға дүниеден өтіп кеткен әке-шешесіне құран оқытуға барды. Сақандар бір әке-шешеден екі ағайынды жігіт. Ағасы ауылда тұрады.

Сақан ауылға барғаннан кейін көршісі Толыбай ағаның үйіне кіріп-шықпақ болды. Ондағы бір ойы ауылда ағайындарым аз, ертең өзіңіз келіп, бас-көз болып жүріңіз демек. Толыбай, негізінен, жасы алпыстан асып кеткен, қара жұмыс істеп зейнетке шыққан, балаларының алды үйленген, солардан немере көріп отырған кісі. Мінезі ақ көңілдеу адам.

Сақан Толыбайдың ауласына кіргенде, Толыбай аулада тұр екен. Сақанды көріп елпілдеп қалды. Сақан ауылға не шаруамен келгенін айтқанда, Толыбай басын изеп Сақанды құптап-ақ тұрды. Сақанның ертең үйде болыңыз деген сөзін естігенде "барамын, шырағым, барамын, ішінде боламын" деп Толыбай тағы да елпелектеді. Осы Толыбайдың қартайған шешесі бар еді. Сақан енді Толыбаймен әңгімелесіп болып, Толыбайдың шешесіне де амандасып шықпақ болды.

- .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Шатқалаң


Бұл есіз, меңіреу қараңғылықтан Айша қорқып жүрген жоқ. Оны бүгінгі күннің қырсығының бірі деп біліп, қарғап-ұрсып, күюмен жүр. Түпсіз тұңғиық қараңғылықтың ішінде біртүрлі бір, жабысқан дымқыл салқын түн сызымен бірге, әлденеше көгеріп базданған шірік исі де білінеді. Айша бүгінгі шеккен азабы мен әлі күнге айықпай тұрған ауыр ойларының әредігінде бұл иісті талай рет ұмытып еді. Бірақ артынан қазіргідей, еріксіз қайта табады. Өнебойы оттай жанып, қыстығып кеп:

— Бұл не пәле? Қайда кеп түстім, сорлы басым-ау, — дегенде қазіргі тұрған орны бұрын ат-атағын естіп көрмеген құбыжық зындандай көрінеді. Өйткені ол айдалада жападан-жалғыз тұрған баз-кілеттің ішінде. Айналасы құлан елсіз. Кем қойса бес шақырымнан жақын жерде ешбір жан иесінің мекені жоқ. Өзі жым-жырт, қап-қара дала түні. Неткен ұзақ түн? Айша бұл күйге түскелі қашан? Жалғыз басы. Жап-жас әйел.

Өзіне өзі жаны ашып бір сәт көзінен жас ыршып босаңси бастайды. Бірақ сол арада, ілезде, өзінің сілейіп бос тұрып қалғанын байқап, тағы қарманады. Асыға еңкейеді. Сипалайды. Баяғы құрғыр екі тақтай. Бұның ұзын бойын талай рет тегіс сипап, ине жасуындай жер қалдырмай қарап өткен... Далбасалық па, тағы сипай түсіп қайта түңіледі.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өз үйі


- Өз үйіме қайтамын! - деді бала.

Айнала тұрғандар баланың сөзіне жамырай күлісті.

- Әй, өз үйіңде не бар?! - деді күліп осы жерде тұрған үлкен апайлардың бірі балаға. - Не бар өз үйіңде?!

- Өз үйімде атам бар! - деді бала.

- Атаң деген отырған жоқ па мұнда?!

Жаңағы апай сәкінің үстінде отырған баланың нағашы атасын көрсетті.

Бала басын шайқады:

- Жоқ! Ол менің атам емес. Өз үйімде өзімнің атам бар!

Айнала тұрған адамдар баланың сөзіне тағы да дуылдай күлді.

Жиенінің сөзіне сәкінің үстінде отырған кісі де күлді:

- "Жиен ел болмайды" деп осыдан айтылған ғой. Өзімнің де ұлдарым үйленер. Өзімнің де "аталап" жүретін немерелерім болар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0