Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ Сабақ мақсаты: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау....
Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін, Оятқан ізгілікке жүректерін. Бұл күнде ел біледі, құрметтейді Мектептің мақтанышы – Түлектерін.
(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)
Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.
– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.
Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.
Базарға алып барған он шақты тұяғын ерте сатқан Құрмаш құмалақшы түс ауа қайтқан болатын. Содан біраз ат шалдыру үшін Күрті өзенінің Жаңабай көпірі атанып кеткен жеріне келіп аттан түсті де, осында әлдеқашан біреу еккен, бірақ осы кезде тозып бара жатқан жоңышқаға атын тұсап жіберді. Он-он бес қозылы қойдан басқа маңдайына біткен жалғыз торының жайына қарамаса бола ма? Күз болса келіп қалды. Жаз рет айналып жерге түскендей ыстық болды. Қыс қатты болмаса не қылсын. Мизам ұшқалы, жусан басын шалғалы да екі апта өтті. Күннің аптабы қайтты, сүмбіле туды десе де әлі теріскей жүрсең арқаннан, күнгей жүрсең маңдайыңнан қызу өте шығады.
Құрмаш шапанын шешіп төседі де, үстіне малдасын құрып отырды. Сонан соң қызыл қоржынмен бірге қанжығадан шешіп алған, сырты дорбамен қапталған қарыннан түйе көзіндей ағаш тостағанға айран құйып, бірден демалмастан тартты. Маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті. Күн қандай ысыса да қарындағы, местегі, торсықтағы сусынның сұп-суық болып тұратыны несі екен деп ойла .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым» Сабақ тақырыбы: Достық туралы әңгімені жоспарлау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша әңгіме құрып айту Сабақ мақсаттары: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды . Берілген сюжетті сурет юойынша әңгіме құрып айту.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау» Сабақтың тақырыбы: Дені саудың - жаны сау. Спорт туралы әңгіме оқу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.6.1 Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі 1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды 1.2.3.1 Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды Сабатың мақсаттары: Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында сипаттау сөздерді қолданады Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды. Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп оқиды және мағынасын түсінеді. .....
“Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі” тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - биыл туылғанына 300 жыл толған қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай бейнесіне қатысты аңыз бен ақиқат мәселесін зерделеу, идеалды билеушінің бейнесін жасаған қазақ аңыздарындағы Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашу. Зерттеу жұмысында маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетуде аңыз әңгімелердің орны ерекше екендігі айтыла келе, Абылай туралы аңыздар мен қазақ фольклорында жиі кездесетін тұрақты мотивтер талданған. Қазақ аңыздарындағы Абылай ханға берген халықтың бағасын көрсету үшін Абылай хан туралы аңыздарды жинақтай отырып, Абылай бейнесі, оның мінез қырлары жан - жақты ашылған. Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рәмізіндей болып сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуі Абылайдың тектілігінен, елді жаудан қорғаған батыр, дарынды қолбасшы, халқын даналық істермен басқарған билеуші болғандығынан екендігі көрсетілген. .....
Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......
Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп, қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды. Жұрт орындарынан түрегеп есікке қарай бейімделді.
Орта тұста отырған бүкірлеу қаба сақал кішкентай шал да трамвайдың әбден тоқтауын күтпей, имек бас таяғына сүйеніп, ілгері қарай жүрді. Бір қолында тағамдар салған сумкасы. Кенет трамвайдың жүрісі күрт баяулағанда, шал ілгері лықсып, құлай жаздап қалды. Оның арт жағына таман тақыр бас кішкене бала түр еді. Шалдың қолтығынан шап беріп, сол ұстап үлгерді. Әйтпегенде қауқарсыз қарттың не құлап, не алдағы біреулерге сүзе барып соғылатыны айқын еді.
— Рақмет, балам!
Тақыр бас бала шалды трамвайдың басқышынан да демеп, сүйеп түсірді.
Бұл — көз байланып қалған кешкі мезгіл еді. Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. Бұлтты аспан әлі де сыз бүркіп түнере салбырап тұр.
Трамвай қоңырауын тағы да шылдырлатып, келген ізіне қарап бұрыла жөнеп берді. Терезеден түсіп, жерді жарық етіп тұрған шаршы көзді сәулелер онымен бірге қозғалды. Енді маңайды қараңғы түнек басып кетті.
Шал шалшық судан қорынып, қалай қарай аяқ басарын бағдарлай алмай тұр.
— Ата, бері қарай жүріңіз, — деп тақыр бас бала шалды қайтадан келіп қолтықтады. -Сумкаңызды маған беріңіз. Мен алып жүрейін.
Бейтаныс баланын көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді.
— Балам, сен қай баласың?
— Мен сіздің үйдің жоғарғы жағындағы кешеде тұрамын. Сіздің Сашаңыз екеуіміз бірге, бір класта оқимыз, — деді бала.
— Жарайсың, балам. Азық-түлік алайын деп бағана базарға барып едім. Содан соң күн жауып, кешігіп қалғаным. Ал менің Сашам қалай оқиды, соны айтшы?
— Жақсы оқиды.
Класта тыныш отыра ма? Тәртіпсіздік қылықтары жоқ па? .....
Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат» Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазу Айдын Айымбетов Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.3.3.1 Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру. Сабақ мақсаттары: Ғарыш тақырыбында мәтін құрастырып жазу.....