Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И4. Шығармашылық жұмыс Сабақ мақсаты: А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С 1.Тарихи және көркемдік құндылығы Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.....
Жалпылама фильмдер көркем-өнер туындысы, табыс көзі болумен қатар қоғамға бірдеңелер түсіндіру, ой-пікір жеткізу мақсатында жасалуда. Ұлттық санада дайындалған отандық фильмдер арқылы жастардың білім-танымын, әдет-ғұрпын, жақсы мен жаман ұғымын түсіндіруге, мәселен тарихи фильмдер арқылы жастарға отанға деген махаббатты, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге болады. Ал батыстық фильмдерден көбінесе арсыздықты, жалаңаш киінуді, темекі шегіп, арақ ішу, наша шегуді, гомосексуалды болуды, өзгенің жұбайына қырындауды, ажырасуды қалыпты етіп көрсететіндері көп. Соған еліктеген кейбір отандық фильмдер ұлттық құндылықтарды кері тартпа, ал батыстық азғындықтарды ілгерілік деп көрсететіндері де бар. Бұлар әрине жастардың ой-санасына әсер етпей қоймасы анық. Мәселен азулы фильмдердегі қате пікірлерді сіңіріп өскен жастар дұрыс нәрселерге қарсы шығып, бұрыс нәрселерді қолдайтын болуы мүмкін. Осы тұрғыдан киноиндустрия өте маңызды құрал. Жарық жылдамдығындай қарқынмен күннен күнге көбейіп қоғамға ұсынылып жатқан шетелдік фильмдер сүзгіден өтпейтін болса, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін отандық фильмдерге ден қойылмаса халіміз неғайбыл. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи біршама кинолар жарық көрді. Жас-кәріміз осыларды тілге тиек етіп, еңселеріміз көтеріліп қалды. Осыны жалғай түсіруге болатын дастандарымыз, тарихи тұлғаларымыз хандарымыз, батырларымыз жетіп жатыр. Қорыта айтқанда осы саладағы аға-әпкелеріміз осы мәселеге де жақсырақ ден қойса дейміз. Осындай мәдени қазыналарымызды ашатын, жастардың ұлттық рухын көтеретін көрсетілімдер көп болғай.
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 8-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау Сабақ мақсаты: тақырыбы мен идеясы ұқсас шығармалардың айырмашылықтарын, ортақ белгілерін анықтап, салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру......
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған түрі. Бұл жыр "Қыз Жібек" хикаясы сияқты тек қазақтың өз тумасы ғана емес, мұның әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" әңгімесінің бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде "Қозын Еркеш" дейтін жыр бар. Солардың бәрі де "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. Бізге мәлім болған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырларының кейбір варианты ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі XVIII-XIX ғасырда өңделіп жаңғырған. Және кейде "ноғайлы" деген ескі атаулары жойылып, оның орнына Кіші жүздің Шеркеш руы, не Орта жүздің Бағаналы (Найман) руларының аттары аталады. Бірақ, бұл нұсқалардың қай-қайсысын алсаңыз да, алғашқы сюжет асылы - біреу. Әр дәуірдің, әр жердің ақындары өз ортасындағы тыңдаушыларының ыңғайына тартқанымен, оның негізгі мазмұны, оқиға желісі бір арнаға саяды. .....
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор. .....