Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Т Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі 2-сабақ (5 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құндылықтары
Сабақтың тақырыбы: Т Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі 2-сабақ
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы
Сабақтың оқу мақсаты: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Көксерек

Қараадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелердің барлығын аласа боз қараған, тобылғы басқан.

Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Бастары көгеріп, бүрленіп қалған қалың қараған жел лебімен сыбдыр-сыбдыр қағып, теңселіп, ырғалып қояды. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің исі келеді.

Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті. Бұрын итмұрын жанындағы кішкентай алаңда кеңдігі кісі сыйғандай үш үлкен ін болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан. Бәрінің ауданы бір, жер астынан қатынасы бар.

Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндері көрінеді. Қыстан қалған түбіті қазір де әр жерде сөйтіп жұлынып қалып жүр. Ӏндердің орта жерінде екі қалың сасыр шайқалып өсіпті. Қазірде соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Бауырында кішкентай көк күшіктері қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Көзі бір сығырайып ашылып, бір жұмылып қалғуға кетеді. Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесінде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұрын бастары қозғалақтайды.

Бір мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, қу шөпшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тасырлатып келіп қалды. Атып тұрды... Баурындағы көп күшік шашылып-төгіліп, ұмар-жұмар домалап қалды. Тұрғанда "арс" етіп, азу тістері ақсиып, ырылдай түрегелді.

Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас, қызыл қозы топ ете түсті. Соның артынан секіріп шыққан — көк шолақ. Ентіккен, көбік аққан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иіскеп, әр жерін жалап алды. Содан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала — "ырр" етіп бас салды.

Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қан жоса болып дар-дар айрылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ етіп қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады.

Аз уақытта екеуі қозының орнын ғана иіскелеп қалды. Енді біразда көк шөпте әрлі-берлі аунап-аунап, керіліп тұрып, жегендерін құса бастады.

Алдымен туған, көзі ашылған күшіктер жемденіп жатыр. Ең соңғы туған екі күшік бауырын көтере алмай, тырбаңдап жатыр еді; енді оларды бауырына алып, емізе бастады.

II

Ертеңіңе түсте жат иіс шықты, алыстан әлде қандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.

Ӏн үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап, дүбірлетіп келді; айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты.

Ӏн аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне бірі үйіліп, бауырын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.

Жып-жылы мықты тұсаулар мойнынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін — ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ӏн қаңырап қалды...

Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Ел негізі – бала тәрбиесіндегі патриотизм

Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 11-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Шабуыл)

Жақып, Шоңмұрын, Антонов, Телқозы.

Телғозы (қолын шекесіне қойып, честь беріп). Сонымен сағат тоғызға шейін Шыршық қаласы түгелімен біздің қолға түсті. Жалпы әскер, әсіресе біздің қазақ жігіттері ойламаған ерлік көрсетті... Есенгелдінің ғана қолға түспей тұрғаны болмаса... Ит екен өзі... Бірталай адамдарымызды қырып салды...

Жақып (ашулы). Есенгелдіні әлі күнге ұстай алмаған.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Жетім көрсең жебей жүр

«Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Не себепті қоғамда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар көбеюде, оларға кімнің жаны ашып, кім жәрдемдеседі, кім қамқор болып, кім назарға алуда. Бұл сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақ та одан қорытынды шығару мүмкін емес. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр», «Жетімнің көз жасы удан....
KZ
Толық
7 -4

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Он алты жасар чемпион


АУРУШАҢ БАЛА

Ұлжан шешеміз сегіз жасар баласы Мұратпен екеуі шай ішіп отыр. Аласа дөңгелек стол, тізерлей отырған Мұраттың көкірегінен келеді. Ол шайынан ұрттап жатып, қарсы алдында отырған шешесіне көзінің астымен қарап қояды.

— Іш, іш, — дейді шешесі, — тойып ал, шырағым.

Мұрат екі кесе шай ішті де:

— Тойдым, — деп орнынан тұрды.

Ұлжан шайын ұзақ ішті. Ол кісінің шайды ұзақ ішуі Мұратты жалықтырып жіберді.

Шешесі әрі қарап, әлі шай ішіп отыр. Есік ол кісіге бір қырын болатын. Мұрат жүрген дыбысын білдірмей, ептеп басып, есікке барды. Шешесі оны байқаған жоқ.

Мұраттың есікті білдірмей ашқысы келді. Екі көзі шешесінде болып, иығымен итеріп көріп еді, есік ашыла қоймады. Одан гөрі қаттырақ итеріп қалғанда, есік шыйқ етті де ашылып кетті.

Ұлжан шешеміз жалт қарағанда, зымырап жөнел ен Мұраттың өкшесін ғана көріп қалды. Есік тарс етіп қайта жабылды.

Мұрат жүгірген бойы Садықтың үйіне келді де оны тысқа ертіп шықты.

Олар футбол ойнап жүрген балаларды іздеуге шықса да, Мұрат оларға барғысы келмей, басқа жаққа сүйреледі.

— Солдаттар ойнап жатыр, солардың қасына барып, ойындарын көрейік, — деді ол Садыққа.

— Жүр! — деді Садық та оны қуана қостап.

Ауылдан жоғары, сайдың ішінде шекаралық застава бар болатын. Мұрат пен Садық ат ойнатып жатқан әскерлерді көреміз деп, заставаға келді.

Ол екеуі заставаның қасындағы, алыстан қарағанда төңкерген қазандай көрінетін, төбешіктің үстіне шыққанда, футбол ойнап жүрген балалардың да осылай қарай келе жатқанын көрді. Дабырлап сөйлесіп, олар жүгіре басып келеді.

Шекарашылардың шыбық шапқаны, ат қарғытқаны, шауып бара жатып ат үстінде әр түрлі қыймылдар жасауы балаларға қызық көрінетін. Олар мына төбешіктің үстінде тұрып, будан бұрын да талай рет тамашалап қараған. Сол әдетінше төбешіктің басына бір топ бала жыйналып қалды.

Ақбоз аты ойнақшып, қолындағы жалаң қылышы мен фуражкасының күнқағары жарқылдап, заставаның начальнигі тебініп қап, шаба жөнелгенде:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0