Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (8 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Мейрамбек Беспаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде....
Ит мініп ирек қамшылап, итшілеп жүріп, ит жылына да жеттік-ау. Иншалла!
«Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс-несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Өйткені... күту мен үміттен ғана тұратын ит тірліктің соңында жадырап шығар күн, жарқырап жетер бір жақсылық бар шығар. Тек соны итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай ит арқасы қиянда емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім, бар тамаша, бар қазына Қазақстанда деп, ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан бөгде-бөтен аз ба қазір? Мен білсем, олардың тұмсығы иттен иісшіл. Естеріңізде болар, ертеде солар ит жегіп, ит қорлығын көріп, Итжеккен мен Аляскаға да жетті емес пе? Ақыры сонда ителмен, инк, индейіс деген халықтарды атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Ал, «ит тойған жеріне» деп, сол арада қалып қойған бөгделердің көбі кейін жеке-жеке ел болып кетті емес пе? .....
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017). Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді: - Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.....