Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ү әрпі бойынша ат қою)

ҮМІГҮЛСІМ - араб тілінен - Гүлсімнің анасы, туысы; монтиған, томпиған бүйрек бет.

ҮМІТ - иран тілінен алынған — омид — сенім, тілек, қалау.

ҮРИЯ - араб тілінен алынған хория — хор қызы, сұлу, көркем.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Шығарма: Табиғат және біз

Табиғат тылсым дүние, ол біді өзіне баурап алады. Табиғат өте әдемі оның көркіне көз тоймайды. Оның мөлдір бұлағы, ну орманы, сарқырап аққан тау суы ақының шабытын оятатын, суретшінің суретіне жан бітірітін осы бізді қоршап тұратын табиғат. Біздің табиғатымыз ол Жер – Ана, туған жер. Туған жер қасиетті кіндік қаның тамған қасиетті жер. Шыр етіп жерге түскен минутыңнан–ақ туған жердің исін сезе бастайсын. Туған жерді сан жылдардан бері ата-бабамыз біліктің күшімен, найзаның ұшымен анталаған жаудан қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Туған жердің табиғатын қорғау біздің парызымыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның 10 - сынып оқушысы Смагулова Самалдың «Аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» атты ғылыми жобасына
Кіріспе
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Арнайы педагогика педагогика ғылымының бір саласы. Арнайы педагогика – дефектология түзету педагогикасы. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі. Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көне тарихи мәдени ескерткіштер тәрбие құралы

Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады.
1. Жеке
2. Топтық
3. Ұжымдық......
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

Тақырыбы: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру «әдістері»
І. Кіріспе
Жерлесіміз ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш. Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді.
ҚР - ның үздік білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басым бағыттардың бірі болып патриоттық тәрбиенің бекітілуі де бекер емес. Шынында да, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жоқ адамнан адамгершілікті де, сұлулықты да, мәдениетті күтуге болмайды. Ендеше, патриоттық тәрбие - тәрбиенің басты бағыттарының бастауы десек, қателеспейміз. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Әжеден қалған асыл мұрам киіз басу өнер маған

Зерттеудің мақсаты: Бұрынғы өткен ата-баба, шебер әжелеріміздің ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, бізге қалдырған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету. Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу. Тұрмыста қолдана білу.
Пайдалы кеңестер: Жүннен жасалған бұйымдар-Ревматизм, остеохондроз, радикулит т\б ауруларға ем.
Мәлімет: Жануарлар терімен бірге ланолин шайырын бөледі. Ланолин – бағалы өнім, ол түрлі майлар мен кремдердің негізі ретінде қолданылады. Ланолин 35-37 градус температурада ериді, әрі теріге тез сіңеді. Бұлшық етке, тамырларға, омыртқаға, тыныс алу жүйесіне оң әсер етіп, қан айналысын жақсартады. Қойдың жүні екіге бөлінеді.
1. Жабағы жүн – күн жылып, мамыражай уақытта, яғни жаз айларында қойдың жүнін қырқып алынады. Жұмсақ, қылшығы ұзын, бұйра нәзік болады. Жіп иіріп кілем тоқуға, киім тоқуға, күзем жүнге араластырып киіз басуға қолайлы. 2. Күзем жүн – күз мезгілінде қой жүнін қырқып алынады. Жабағы жүнге қарағанда қылшықтары қысқа болады.
Орындалу әдісі: видео, киіз басу, бұйым тігу.
Қорытынды: Жасыратыны жоқ, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған заманда синтетикалық бұйымдардың көбейіп кетуі, адам ағзасына кері әсер етуі табиғи жүндердің жоқ болып кетуіне себепші болып отыр. Осыған орай киіз басу технологиясын қолданып, киізден кәжекей, бас киім, аяқ киім өңдеп, ұсынып отырмыз......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0