Өлең: Ал, бұлбұл әнім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің жақтың жолықсаң еркесіне,
Қарамайды тоныңның келтесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Жалғыз атын қонаққа кешке сойып,
Жүген ұстап қалады ертесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру». (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық талдау
Сабақ тақырыбы: «Сапалы реакциялар көмегімен ІІ топтағы метал катиондардарын анықтау үшін экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру.»
Оқу мақсаттары: - көпсатылы экспериментті жоспарлау және жүзеге асыру;
- сапалық анықтау арқылы мәліметтерді жинап, арнайы кестеге жинақтап рәсімдеу;
- гипотезаны қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасау, талқылау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
зертханалық жұмыстың мақсатын айқындайды;
зертханалық жұмыстың гипотезасын жазады;
зертханалық жұмыс жоспарын құрайды;
зерттеуде пайдаланатын құрал жабдықтар туралы шешім қабылдайды.
қажетті жабдықтар және химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін ықтимал тәуекелдерді айқындайды.
зерттеу жұмысын жүргізіп катиондарды анықтау үрдістерді орындай алады.
зертханалық жұмыстың нәтижесін және қорытындысын көрсететін эксперимент туралы қарапайым есеп жазады.Өз гипотезаларын қолдайтын немесе теріске шығаратын тұжырымдама жасап, талқылайды.
- қауіпсіз және тиімді тәжірибе жобалау бойынша идеяларды ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Трапеция. Трапецияның түрлері және қасиеттері 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі, трапецияның қасиеттерін есеп шығару барысында қолдана алады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының мәнi, функциялары және ролi

Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржы (“қолма – қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады.
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғалам. Макро және микро әлем (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Ғалам. Макро және микро әлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата біледі және мысалдар келтіреді
Сабақ мақсаттары: Макро және микро әлем туралы сипаттама жасайды
Макро және микро әлем нысандарына сипаттама жасайды.
Оқушылар суреттерді қолдана отырып макро және микроәлем нысандарын топтастырады
макро- және микроәлем нысандарын пайдаланылуы бойынша талдайды. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Аққу әні)

Қиясына шығып Кемер тауының,
Аққу әнін тыңдадың ба, бауырым?
Тыңдадың ба, күй сазына қандың ба!
Аққу болып өзің де әнге салдың ба!

Қос қанатын көкте баппен сабалап
Көлге қонбай ұшты ма аққу жағалап?
Сонда аспаннан төгілді ме сұлу ән,
Сонда саған жыр келді ме аққудан?....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Информатика – қолданбалы пән

Қазіргі ақпараттық технологияның минут сайын қарыштап дамыған заманында информатика пәнінің ғылымдар арасында алар орны ерекше. Информатика – ЭВМ арқылы ақпаратты жинақтау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән. Информатиканы оқудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭВМ-ді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіндігі болып табылады.

Қазіргі кезде жаңа ЭВМ-дер күнбе – күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми – техникалық процесске айналып отыр. Сонымен қатар, ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен – күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан информация ұғымы информатикамен ЭВМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның берілу тәсілдері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның берілу тәсілдері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
Сабақтың мақсаты: Функция анықтамасын және берілу тәсілдерін меңгерту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Физикалық және химиялық құбылыстар (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгерісі
Сабақ тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Сипаттамалары және белгілері бойынша физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0