Курстық жұмыс: Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері

Кіріспе.
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ.Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Өнімді өткізу және тарату

Өндірілген өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Қазақстан Республикасындағы жанама салықтар мәні мен,мазмұны

Кіріспе
Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | КЕЙБIР 0МЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ДАМУЫ

Ұрықтану және майдалану. Ланцетниктің эмбриологиясын толық зерттеген орыстың ұлы ғалымы А.О.Кавалевский болды. Ланцетниктерде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Жыныс продуктыларын суға шашу тәуліктің белгілі бір мерзімінде (кешке қарай) болады. Жұмыртқасы гомолецитальды типке жатады. Сперматозоид жұмыртқаға пісу дәуіріндегі бірінші бөлінудің соңында енеді. Жұмыртқаның екінші бөлінуі сперматозоидтың ядросы жұмыртқаның протоидазмасында орнын ауыстырған кезінде өтеді. Ұрықтың толық және біркелкі майдалану қуысы ортасына орналасқан қабырғасы бір қабатты, биіктігі бірдей пластинкалардан тұратын целлобластула түзілуімен аяқталды.
Сегізінші бөлінуге өтерде (128 бластомералы кезеңнен соң) майдалану толық емес түрге ауысады. Соның, нәтижесінде мөлшері біркелкі емес клеткалар түзіледі. Бластуланың қабырғасынан майда және ірі клеткалардан тұратын әртүрлі екі бөлім пайда болады. Сонымен қатар вегетативтік жартылай шеңбер қабысып, шарт тәрізді бластула күмбез түріне айналдырады. Нығыздалған вегетативтік бөлімі бластуланың түбін, ал жоғарғы анимальды бөлімі қақпағын құрайды. Бластуланың түбі келешекте шектің, энтодермасын түзетін ірі клеткалардан құралады. Ал бластуланың қақпағын келешекте эктодерма түзетін ұсақ клеткалар құралды. Түбі мен қақпақшасының аралығында мезодермаға дамыйтын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады. Келешек мезодерманың клеткалары тез қарқынмен бөлініп, өзінің майда мөлшерімен, қасындағы майдаланудың баяулығын сақтаушы энтодермалық ірі клеткалардан тез ерекшеленеді. Егер бластулаға вегетативтік жартылай шеңбер жағынан қарасақ, түбіне жақын энтодерманың үстінде хорда және нерв жүйесі дамитын клеткалардың бірнеше қатарын көреміз. Бластуланың қалған басым көпшілігін жануарлардың келешек жамылғысын дамытатын клеткалар құрайды. Бластула кезеңінде-ақ клеткалар бір-бірінен осылай ерекшелене бастайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бактерия, өсімдік және жануар жасушаларының құрылымының ерекшеліктері. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасуша биологиясы
Сабақ тақырыбы: Бактерия, өсімдік және жануар жасушаларының құрылымының ерекшеліктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 11.4.2.5 прокариот жасушаларының және өсімдік, жануар жасушаларының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру
Сабақ мақсаттары: 11.4.2.5 прокариот жасушаларының және өсімдік, жануар жасушаларының құрылыс ерекшеліктері мен қызметтерін салыстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

“Негізгі құралдар” бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе запастағы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетілед. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннң меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны және тозуы және қалдық құны жеке–жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіруқұнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағалағаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады (яғни қалпына келтіру құны баланстық құнға айналады).
Есеп беруде негізгі құралдардың тозуы жекелей көрсетіледі.Сонымен, баланстық “Негізгі құралдар“-ды толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: “Жер”, “Үйлер мен ғимараттар”, “Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылар”, “Көлік құралдары”, “Басқалар“, “Аяқталмаған құрылыс”, “Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, “Машиналар мен жабдықтардың, беріліс құрылғылардың тозуы“, “Көлік құралдарының тозуы“, “Басқалардың тозуы“.
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен маңызы

Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен , еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды. «Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», – деп жазған.
Кәсіпорын скерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру;
Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Нарықтың мәні атқаратын қызметі түрлері мен құрылымдары

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдык өнімнің нақтылы қозғалысы сан мындаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардын, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылыгғның экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің "қан айналымы" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы козғалысында рынок маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршендігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен рыноктардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориалық айтыстар толастамай келеді. Экономикалык әдебиеттер мен зерттеулерде "рынок" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла койған жоқ. Көпшілігі рыноктық катынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет "дәрі" деп те, немесе осы салада орын алып отырған олкылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтің керемет "күш" деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістін үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдык қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы кұрылымдары, өнімнің түрлері және баска да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен рынокта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, рынок белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнін оған жұмсалған енбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Рыноктың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін олбағаның қоғамдық кажетті еңбек шығындарын накты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар рыноктық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындар (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сұйықтар мен газдардың механикасы
Сабақ тақырыбы: Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындарды сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Барлығы: Сұйықтар мен газдардағы ламинар және турбулентті ағындарды сипаттай алады.
Көпшілігі: Ламинар және турбулентті ағындарды сипаттау арқылы идеал және реал сұйықтытардың қасиеттерін түсіндіре алады. Үзіліссіздік теңдеуін қорыта алады.
Кейбіреуі: Идеал және реал сұйықтардың қасиеттерін «сұйықтың тұтқырлығы» түсінігі арқалы түсіндіре алады, өмірден мысалдар келтіре алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0