Реферат: Экономика | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:
- берілген инвестицияларға байланысты тәуекелді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субьектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады.
- тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақытылы төлене ме деп белгісі кеметін қарыз берушілер;
- тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушылар және басқа сауда кредиторлары;
- сатып алушылар. Оларға субьектің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субьектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;
- қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, сонымен қатар субъектінің еңбек ақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;
- ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
- көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру

Экономикалық білім негіздері - қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.
Ал жастардың экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:
 Нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
 Нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.
 Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.
 Жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.
Экономикалық білім негіздері - бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.
Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды қорғайтын құқықтарды біліп, оны игеру, сонымен бірге адам құқықтарының тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.
Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерліктің мәні формалары және бағыттары

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары».
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады : «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін ітемеу». Екінші жағынан жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» ұғымда бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар және липидтер 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2 көмірсулар, липидтердің қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: көмірсулар мен липидтердің өкілдерін ажыртау;
көмірсулар мен липидтердің қасиеттерін сипаттау;
көмірсулар, липидтердің қызметінің маңызын түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.1.2.4 бүтін көрсеткішті дәреженің сандық мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету;
Сабақ мақсаттары: Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ановуляциялық айналым

Ановуляциялық айналым (көне грекше: an — жоқ + көне грекше: ovum — жүмыртқа + көне грекше: ovulatio) — жұмыртқалықтың жарылу процесі , жұмыртқаның бөлінуі) — овуляция (жарылу арқылы жұмыртқалықтан жұмыртқа жасушасының құрсақ қуысындағы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру

Кіріспе
Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан сәйкес формалары.
1.Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің езіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2..Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
3.Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0