Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. .....
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалды. Зерттеудің теорилық және практикалық негіздері мен ғылыми жаңалықтары тұжырымдалып, еңбектің сыннан өтуі мен жариялану жайы баяндалды. "Қытайдағы қазақтардың тарихи жырларының жиналуы мен зерттелуі” деп аталатын бірінші бөлімде Қытайдағы қазақтар арасында бұрыннан сақталып келе жатқан тарихи жырлар мен кейіннен туған тарихи жырлардың жиналуы мен зерттелу деңгейі қарастырылды. .....
Іштөлдік кезең (плодный период) — эмбриогенездің соңғы кезеңі. Іштөлдік кезеңде жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына және жеке организмдерге тән белгілер дамиды. іштөлдік кезең, мысалы, сиырда 61-270 тәуліктердің аралығында болады. Оның ішінде бастапқы іштөлдік кезең 61-120 тәулік аралығында жүріп, тұқымға байланысты белгілер дамиды, ал 121-270 тәулік аралығындағы соңғы іштөлік кезеңінде жануарлар организміңде барлық мүшелер жүйелері қалыптасады, өсіп жетіліп, жеке организмге тән құрылыс белгілері мен ерекшеліктері дамып жетіледі .....
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады. Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi . Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi....
Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып, Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде. Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп келемін. Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі. Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді. Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр, теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес. Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді. Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де, содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды. Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті. ....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы Сабақ тақырыбы: Функцияның өсу және кему белгілері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу; 10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу; Сабақ мақсаттары: Функцияның өсу және кему аралықарын табуға байланысты есептер шығару.....
Қай ел болсын, оның шаруашылық өмiрiмен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кiмнiң қолында? Немесе адамдардың өмiр сүру негiзi - материалдық игiлiктердi иемденетiн кiм? Бұл билiктiң мәнi – өндiрiс қурал-жабдықтарына және оның нәтижелерiне тиiстi меншік қатынастары болып табылады. Меншiк – қогамдық құрылыстың экономикалық негiзi – қогамдық бастаулардың негiзiне жатады. Сондықтан әрбiр мемлекет меншiк туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншiк, заң жағынан алып қарағанда, мүлiктiк қатынастарға жатады.Құқықтық нормалар мен актiлерде материалдық байлық әр түрлi субъектiлер (жеке адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетiнi және бөлiнетiнi анықталады. Меншiк иесi заңмен анықталған мүлiктерге ие болады. Және ол қолындағы мүлiктердi: иемдену, пайдалану және оған иелiк жасау өкiлеттiлiгiн алады. Бұрынғы Одақтағы қоғамдық iлiмдер дамуының басты кемшiлiгi – объективтiк процестердiң нақты күрделiлiгiн жеңiлдетуге саяды. Бұл жағдай “меншiк” ұғымын зерттеу процесiнде де көрiнiс табады. Бiрiншiден, меншiктi жiгерлi қатынастар ретiнде, тек құқылық феонмен деп түсiну. Егер саяси экономия объективтi экономикалық процестердi қарастыратындығы және ол меншiктiң мазмұнын бiр жақты түсiнетiндiгiне көңiл аударсақ, онда бұл көзқарастын дұрыстығына күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншiктi құқықтық жағынан қарастыру – иемденудiң экономикалық қатынастарын бейнелейтiнiн, сол себептi де бұл, олардың түрлерi екендiгiн де мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық қатынастарды, меншiк қатынастары ретiнде қарастырудың орнына, түрдi мазмұнынан айырып алады.....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу тарихы мен оның даму барысы және мұнда Қазақстан Республикасының мүше болуы егменді еліміздің дипломатиялық тарихындағы ең маңызды мәселерлердің бірі болып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты ұйым ретінде 2001 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылды. Оған мүше елдердің жер аумағы Еуразия кеңістігінің бестен үш бөлігін құрайды. Халқының саны- 1 миллиард 455 миллион адам. Яғни, жер шарын мекендеген адамзат қауымының тәрттен бір бөлігін қамтиды. Ұйым құрамында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше екі бірдей алып мемелекеттің, яғни Қытай мен Ресейдің болуы оның халықаралық деңгейде үлкен саяси беделге ие болуына және өңірдегі осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңестіре ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ қызметі ешбір елге қарсы бағытталмаған және ашық жағдайда жұмыс істеуге бағытталған. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап ұзақ мерзімді Ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы сыртқы саясатты белсенді жүргізіп келеді. Бұл арада Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа да елдермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық көлемінде жауап береді.....
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы. Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....