Анимальды полюс (көне грекше: polus animalis; көне грекше: animal — жануар; көне грекше: polus — полюс) мезолецитгі жоне телолецитті жұмыртқа жасушаларының ядролары орналасқан цитоплазмасының жоғарғы полюсі. Жұмыртқа жасушасы ( овоцит ) цитоплазмасының анимальды полюсінде сарыуыз қоры тым аз мөлшерде болуы болмаса тіптен болмауы да мүмкін. .....
Несиелік жүйе – нарықтық экономиканың ажырамас бір бөлігі. Несиелік жүйенің дамуы қашанда тауарлы өндірістің дамуымен тығыз байланысты келеді. Бүгінде несие жүйесінің құрылымы барған сайын күрделене түсуде, яғни оның құрамына жаңа қаржы-несие мекемелері пайда болып, клиенттерге жаңаша қызмет көрсетуде жаңа әдістерді несиемен қамтамасыз етудің жаңа әдісі пайдалануылын талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан банкілері шетел банкілерімен тәжірибе алмасуда өзінің мүдделерін арттыра түсуде, сондай-ақ банк ісіндегі әлемдік тәжірибелік жаңалықтар, Қазақстандағы қазіргі банк өнімдерінің дамуына өз ықпалын тигізуі тиіс. Осындай жоспарда банктердің арасында орын алып отырған бәсекелестік әрекеті, олардың жаңа клиенттер тартудағы күресін шыңдай түсіп, нәтижесінде клиенттерге көрсететін қызмет түрлерінің сапасын арттыруға және олардың санын көбейтуге итермелейді Қазіргі несиелік жүйенің тұрақты икемді, тиімді инфрақұрылымын жасау – қазіргі кезеңнің негізгі мәселесі болып табылады. Курстық жұмыстың басты мақсаты –Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің қалыптасуы мен даму тарихын және құрылымын қарастыру болып табылады ....
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады. Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды. Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында ....
Кіріспе Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздегі нарықтық қатынастарының кеңеюі жағдайындағы мемлекеттің экономикалық функциясын жүзеге асыру жән оны күшейту, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету. Бұл реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады. Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау. Транзит операциялары – жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты, материалдарды , отынды және басқа материалдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар. Транзиттік тауар айналымы-көтерме сауда айналымының бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады. Нарықты мемлекеттік реттеу- нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика- нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,тұтыну, бөлу, оны бағдарламау және реттеу саласын біріктіретін экономика. ....
Анаболия (гр. ἀναβολή — көтеру, көтерілу) — организмде немесе оның мүшелерінде эмбриондық дамудың соңғы сатыларында пайда болатын құрылымдық өзгерістер. Бүл құрылымдық өзгерістер организмге, оның есеюі кезінде түрақты белгілер ретінде беріледі. Анаболия — филэмбриогенездің бір түрі. Филэмбриогенез теориясын А.Н. Северцов ашқан .....
Тәуелсіздіктің екінші онжылдығының белортасынан асқан кездегі демократиялық қайта құрулар кезеңінде біздің қоғам одан ары даму жолы мен демократия үлгісін таңдау алдында тұр. Егер бұл мәселе дұрыс шешілмесе, онда тоталитаризм мен демократия арасын таңдау мәселесі қайтадан өзекті мәнге ие болуы мүмкін. Мұндай мәселені шешу этнос, ұлт, ұлттық мемлекет деген сияқты категорияларды түбегейлі түрде анықтауға әкеліп тірейді. Қазақстан – өзінің полиэтникалық құрамы арқылы ерекшеленетін мемлекет. .....
Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді. Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі....
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады. Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі. Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.....
Кіріспе Менің курстық жұмысымда «Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік IS-LM моделі» қарастырылған. Қазақстанды экономикалық дамудың «өмірлік локамативіне» - ал еліміз қазірдің өзіне көп мәселеде осындай болып табылады – және оны әлемдік экономиканың табысты «ойыншысына» айналдыра аламыз. Әлемдік шаруашылық жүйесінде нақты бір қазақстандық «тауаршаларды» іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі-озық жобаларға қатысу, сондай-ақ біздің экономикамызға қатысушыларды жан-жақты және жауаптылықпен қолдау соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы міндеттер бағдарламалары болуы керек. Бұл ретте негізгі назарды Ресей, Қытай, Оратлық Азия, Каспий мен қара теңіз өмірлерінің рыноктарына шоғырландыру қажет. ТМД ЕурАзЭҚ ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ықпалдастық саудадағыбасты бағдар болып қала береді. Біз мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құруға жетуді, оны біздің басқа көршілеріміздің кіруі үшін қолайлы етуді ұсынамыз. Қазіргі кезде әлемдік рыноктарда біздің тауарларымызға, қызметтерімізге және, озық идеяларымызға жаңа «тауаршалар» құру мен жеңіп алу үшін жеке меншік бизнеспен мемлекеттің күш жігерін топтастыру мәселесі қай кездедегіге қарағанда да өзекті болып отыр.....
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі. Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі. Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек. Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады: • депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;....