25.02.2014, 19:08 Жарақаттар кезінде асқынушылық Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді.
Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда болған аурады жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен арқылы өнеді. .....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Есептер шығару: Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру; Сабақ мақсаттары: Оқушылар қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеп және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіреді......
Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита. Әрине адамдарға Ай не үшін қажет, одан қандай пайда түседі деген сұрақтар тууы мүмкін. Адамдардың соңғы жылдардағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар Айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз. Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады. Ай ресурстарын мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану. Қазіргі заманғы жоғары дәрежелі өнеркәсіптің өркендетілуі жылма жыл бізді дүние жүзілік экологиялық апатқа әкелуде. Ай бізге қалай көмектеспек, егер онда ауа да, су да болмаса? Әрине, Айдан ешкім су мен ауа әкелейін деп жатқан жоқ. Бірақ та жердегі индустрияны, әсіресе зиянды реактивті және химиялық өндіріс орындарын Айға апаруға болады. Үлкен бұл жұмысты жүзеге асыру үшін қиын да, ауыр жолдардан өту қажет, міне, осы жолдың бастамасын ХХІ ғасырдың 1 жартысында қалау керек. Айға қоныстандырудан бұрын, алдымен тұрғындарды қалай оттегімен және сумен қамтамасыз етуді ойлау қажет. Сонымен бірге тіршілікке қажетті заттарды жергілікті орында қайдан алуға болатынын қарастыру керек. Жерден бәрін тасу мүмкін емес қой! Айдағы негізгі жыныс құрайтын минерадарда орташа алғанда 40% оттегі бар. Бұл минералдар пироксен, плагиоклаз, ильменит болып табылады. Осыларды оттегіні өндіруде қолдану қажет. Ай топырағынан оттегі ал технологиясы жердегі зертханаларда пайдаланылған. АҚШ-та Ай бетінде оттегіні өндіру өнеркәсібіне автоматтандырылған завод жобасы жасалған. Бұл заводтың өндіргіштігі - -жылына 1000т дейін оттегіні құрайды. Негізгі тапсырмалардың бірі – бұл суды алу және қорландыру болып табылады. Ай бетінде жоғарғы мұз жамылғылары ретінде көп су құрамының болуы мүмкін жағдай. Соңғы ашылған «Ай күмбезі» деп аталатын аймақ түгелімен мұз басқан ай бетінің шыңдары. Олардың гидролакколит деп те атайды. Айдағы мол су қорлары мүмкін осылар шығар. Негізінде күн желінің ағына мен галактикалық ғарыштық сәулелер гелиймен араласқан таза сутегін құрайды. Есептеулер нәтижесінде 1млрд жылда 1 см² ай бетіне корпускулярлы сәулелену түрінде 10г сутегіден түсу керек екендігі анықталды. Ай реголиті губка тәрізді суды өзіне сіңіріп алады. Ай пайда болғаннан бері оның бетіндегі реголиттің 1м³-де 1 литр су жинақталған. ....
Пән:Музыка Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Музыка - өмір тынысы Сабақтың мақсаты:Музыка және технология Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану; 6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау; 6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау. Сабақтың мақсаты: - шығармашылық жұмыс орындау барысында пәндік терминологияны қолдану; - әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып орындау; - С. Апасованың «Мен диджеймін» әніне музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, ремикс шығару. .....
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады. Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. ....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген. Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында. Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді. Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі ....
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік – эканомикалық мәнін түсіне білудің, оның іс – әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан эканомикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. "Коммерциялық банк" термині, банкілер басымды жағдайда саудаға (commerce), тауар айырбасы операцияларына және төлемдерге қызмет көрсетуі кезіндегі банкі ісінің ерте кезеңінде пайда болды. Оның негізгі тапсырыскері сатармандар еді. Банкілер тауар айырбасымен байланысты тасымалдау, сақтау және басқада операцияларды несиелендірді. Өнеркәсіптік өндірістің өркендеуімен өндірістік циклді қысқа мерзімді несиелендіру бойынша операциялар пайда болды: айналым капиталын толықтыру, шикізаттар мен дайын бұйым қорларын құру, жалақы төлеу және т.б. несиесі. Осының бәрі жалпы несиелендіру процесін және оның жеке аспектілерін толық және егжей тегжейлі қарастыруға мүмкіндік берді. Процестің теориялық және құжаттық жақтары зерттелінді. Несиегер мен қарызгердің функциялары, олардың құқығы мен жауапкершіліктері, жәнеде өзара әрекет жасаудың барлық бойлығында, нарықтық жағдайда екі жақтыңда бет алыс бағыты анықталды. Барлық жиналған мәліметтерді зерттеу кезінде, Қазақстандағы несиелік қатынастың өркендеуінің мүмкіндікті жолдары қарастырылды. Негізгі дипломдық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен тұрады. Бірінші тарау несиелік процестің теориялық аспектілеріне арналған – онда несиелендірудің мәні мен негізгі принциптері қарастырылған. Екінші тарауда коммерциялық банкілердің несие беру процестерінің талдауы келтірілген: несие беру үшін қажетті құжаттар көрсетілген, банкілік несиелер типтері анықталған, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ағымды күйі қарастырылған, сонымен қатар несие беру мәселелері – оларды шешу жолдары. Үшінші тарауда Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеу келешегі анықталған. ....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика Сабақ тақырыбы: Импульс және энергияның сақталу заңы. Кеңістік пен уақытқа тәуелділігі. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Сандық және эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде сақталу заңарын қолдану. Сабақ мақсаттары: - Импульстің сақталу заңын түсінеді - Энергияның сақталу заңын түсінеді Сақталу заңдарын пайдалана отырып, есептер шығара алады.........
Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады ....