Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Қарасу есік алды лайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды. Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды......
Жасырмаймын; Мен аса Шеттеу кетпей тегімнен, Шәйір болып тумасам, Шаруа болар едім мен. Артық нәрсе шашылып Жатпас еді ауламда. Мәз болар ем Ғашығым Күнде сиыр сауғанға. Солай бол деп әр үйге Берер едім тәрбие........
Барлық әдістерді статикалық және динамикалық деп қарастыруға болады. Массивтен статикалық әдіспен іздеу кезінде оның мәндері өзгермейді. Массивтен динамикалық әдіспен іздеу кезінде оның өлшемі өзгеруі мүмкін, себебі ол қайтадан сұрыпталады. Біз көбінде статикалық әдісті қолданамыз, үйткені мәтіндік редактордағы сөздерді өзгерте алмаймыз, ал динамикалық тәсіл ойын құрғанда пайдаланылады. Іздеу әдістерін сондай-ақ нақты кілттерді пайдаланатын және туындаушы кілттерді пайдаланатын деп екіге бөледі. Бұл жағдайда кілт деп өзіміз іздеп отырған сөзді айтады. Мәтіндік редакторға қолданылатын кілт – туындаушы болып табылады, себебі ізделінетін массив алдын-ала алфавит бойынша сұрыпталған. Бұл рет іздеуді жеңілдету үшін пайдаланылады. Кейбір кітаптарда бұл әдіс «экстраполяция әдісі» деп аталады. Экстарполяция – берілген интервалдан тыс бірнәрсені анықтау әдісі, ал интерпояция – сол интервал аралығына анықтау әдісі. Сондықтан да «экстраполяция әдісі» деп атау қате, үйткені ізделінетін сөзді шекарадан тыс аумақта іздеу мүмкін емес.бұл әдісті сипаттамас бұрын сізге ағылшын тіліндегі «treasure» сөзінің аудармасы қажет болды дейік. Яғни сіздің алдыңызда тапсырма – осы сөзді сөздіктен іздеу. Біздің келесі іс-әркеттеріміз қандай да бір іздеу алгоритмін құрумен жалғасады. Ізделінетін сөзді алфавит бойынша сұрыпталған массивтен іздейміз, ал керекті сөз бізге белгілі. Оны тез арада тауып алуға болады. Енді осы іздеуге толығымен тоқталайық. Бізге керекті сөз «т» әрпінен басталады, яғни алфавиттің екінші бөлігінде, немесе біз ол қандай орында тұрғанында шамамен есептеп ала аламыз. Яғни қанша дым жасауға болатынын анықтап аламыз. Егер ізделінетін массив үлкен болса осы әдіс арқылы оның шекрасын көрсетіп, тек осы аралықты ғана іздеуге болады. Ол үшін келесідей ек теңдік аламыз: T1=M*N; T2=2M*Log(2)N+N*Log(2)N; N – массивтегі элементтердің саны. M – рет іздеуге болады. Тура ауытырудың алгоритмі жасайтын операция саны M*N-ге тең. Ал сұрыптауға кететін уақыт N*Log(2)N-ге тең, оған тағы 2M*Log(2)N дихотомия әдісін қосамыз. T1=T2 кезінде екі алгоритм де тиімді шекарада боламыз. ....
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөлін атқарады. Ол арқылы кәсіпопындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдер жүгізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтарымен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай – ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық инвистициялық, сенім кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатан несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігін өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардық бір саладан екіншісіне қайта құйылуан қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. ....
Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы.
Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы.
Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.
Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды. .....
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н. Қазақстан халқына ұсынған «Қазақстан-2030» атты болашаққа бағытталған даму бағдарламасында, ең маңызды мәселенің бірі ретінде отанымыздың саяси, қорғаныс, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету деп атап өткен. Осы бағдарламаны жүзеге асырудың бірден-бір жолы Республика тұрғындарының денсаулығы мықты, физикалық белсенділігі жоғары жастардың санын арттыру болды.[1] Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мемлекеттік саясат халық денсаулығын басты назарда ұстап келді. Көп ұлтты, көп дінді зиялы қоғам құруға бағыт ұстанған Қазақстан Тәуелсіздікке ие болғаннан бастап өзінің өміршең мемлекеттік саясатын халық денсаулығы деп жариялап келеді.[2] Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылды. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның, ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ-балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту–қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің бірі болып табылады. [3] Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша экологиялық зардаптар бүкіл адамзат ауруларының 33%, уыттанудың, 68%, астманың 44 %, онкологиялық аурулардың 19% және 1,3 млн. қатерлі ісіктен қайтыс болудың себептері болып табылады. [4] Жер жүзінде экологиялық апатты аймақтардың пайда болуы, жаңа технологияларды қолданысқа кеңінен енгізу, урбанизация факторлары иммундық жүйе қызметінің бұзылуынан бастап иммундық тапшылық ауруларына дейін әкеледі. Әлемде, 2002 жылдан бастап ауа ластануынан қайтыс болғандар саны автокатастрофадан мерт болғандардан асып түсті. [5] Иммундық жүйенің сезімталдығы антропогендік факторлардың тірі ағзаларға әсерлерін ерте басын анықтайтын бірден – бір индикаторлық көрсеткіш болып табылады. [6] Иммундық жүйенің қызметіне әсер ететін бірден- бір фактор қанның- морфофизиологиялық көрсеткіштерінің ауытқуы қазіргі заманғы денсаулық саласының өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселенің аз зерттелуінен жоғары мүгедектіктің және еңбекке қабілетсіз адамдардың көбеюіне себеп болып отыр. Иммунды жүйе ағзаның ішкі орталығындағы антигендік тұрақтылықты қадағалайтын және рециркуляция жолымен байланысатын жасушалардың мүшелерден қан айналымына ауысумен кері қайтуына арнайы лимфоидты мүшелермен тіндердің өзара жиынтығы.[7] ....
КІРІСПЕ Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында ,тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне пайдаланылады. Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз.Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан,жоғарғы оқу орындарында Электртізбектерінің теориясы курсын ашуға тура келді.Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып саналады. Осы курстың негізгі бір міндеті,ол құбылыстарды токтар, кернеулер,қуаттар,магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу,зерттеу. Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті, ол әр бір құбылыстарды электр кернеулігі,магнит өрісінің индукциясы,қуат ағындары,т.б. түсініктер арқылы есептеу,зерттеу.Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге,ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге,зерттеуге арналған. ....
Әрбір қоғамның әлеуметтік-эканомикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның өсіп-жетілуіне байланысты. Олай болса, өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың жасөспірімдердің дұрыс қалыптасуы, бүгінгі тәуелсіз елімізде дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мінез-құлқы қалыптасқан ұрпақты қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Себебі өтпелі кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғарыға өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Осы тұста жасөспірімдердің психикалық даму тарихында қатаң иерархия үстемдік етеді. Түрлі функциялар (ес, зейін, қабылдау, ерік, ойлау) бір ыдысқа салынған бұтақтардың шақтары іспеттес бір-бірімен қатар дамымайды. Әрбір даму процесінде осы функциялардың барлығы-орталық немесе жетекші функциялы ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі иерархиялық жүйені құрайды. Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылыммен күрделі синтезге түсіп, интеллектелінуі, ойлау негізінде ұғымдардың өзі де қайта құрылады. Бастапқы қарапайым функциялардан бөлек өзгеше заңдылықтары бар мүлдем жаңа функциялар пайда болады және төменгі функциялар өз іс-әрекетінің бір бөлігін жоғары функцияларға беруге байланысты; кей жағдайларда жоғары, логикалық есті қарапайым, механикалық еспен жақындастырып, екеуінде бір қарарда бір ғана генетикалық түзу бойында жатқандай қарастырады, біріншісінде тікелей жалғасын көреді. Дәл осылай функцияның жоғарыға өтуі жоғары немесе ырықты зейінді қарапайым, ырықсыз зейінмен жақындастырып, оны соңғының жалғасы ретінде қарастыруға әкеледі. Тек психикалық процестер ғана емес, сонымен қатар жасөспірімнің психикалық қасиеттерінде де өзгерістер пайда болады. Олардан нетерия, афазия, шизофрения генетикалық тұрғыда әр қырынан көрініс табады. Бүгінде жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі жоғары психикалық функциялардың дамуы зерттеудің қажеттілігі осыдан туындап отыр. ....
Кіріспе Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары сол халықтың тарихына, экономикасына, тіл мен мәдиниетіне тікелей байланысты. Халық тәрбиесінің асыл тізбегі үзілмей келе жатқан дәуірлерден сол тарихтағы ірі –ірі төңкерістер дәуірінде тәрбиеде адам айтқысыз өзгерістер болды. Сол болатын өзгерістерді қазақтың ойшылдары бұрынғы ғасырлардың өзінде тура болжап кеткен, Мысалы Мөңке бидің сөзіне құлақ түрсек: Ақыр заман алдында, Құрамалы үйің болады, Толқымалы биің болады, Ежірейген ұлың болады, Бедірейген қызың болады, Кекірейген келінің болады, Ақырайған әйелің болады, Табалдырақтан биік тау болмайды, Туысқаннан артық жау болмайды, Тана, торпаққа жүк артылады, Ар-ұяттан жұрдай боп, Қарап тұрған жігітке қыз артылады, Дәл осы пікірге дау айтуға бола ма? Бәрін қапысыз болжап, қолма-қол суреттеп отырғандай. Бұл жағдай, сөз жоқ, тәлім-тәрбие тізбегінің орынсыз үзілуінен болғаны белгілі. Оқу-тәрбие ісінде бас-аяғы 60-70 жылдың жеткен жақсылығымызды жауып тастамай және жоғалтқан асылдың бірі- халық педагогикасы деп білуіміз керек. Олай болса халық педагогикасының балалар мен жастарды тәрбиелеудегі басты мақсаты мынау: Бүгінгі жастарымыздың – болашағымыздың бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ер, намыс, ождан, ата – мекен, ана тіліне деген ерекшелік, әдеп, иба, қайырымдылық, үлкенді, ата – ананы құрметтеу, кісілік, кішілік, қарыз – парыз, борыш, міндет, имандылық. Ел, жерге деген сүйіспеншілік, достық, жолдастық, махаббат т. б. жақсы қасиеттерді дарыту, яғни жастардың өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, сол нәрмен сусындату.....
1.Кеңестік " Әскер коммунизм саясаты ” 2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның 3.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай 4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. Мақсаты: Кеңестік " Әскер коммунизм саясаты ”мен ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау, индустриализация саясатының қорытындыларын деректер негізінде ашып көрсету. .....