Реферат: Биология | Аморфты зат

морфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса[1]. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминдігликандардан, протеиндігликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан түрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминдігликандардың күрделіполимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз.
Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Алдыңғы аяқ

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ОЖЖ –нің зақымданулары

ОЖЖ –нің зақымданулары.



Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т.б./



Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді.



1.басылу немесе тежелу синдромы-бала селқос, қозғалыс белсенділігі төмен, рефлекстері төмен немесе жоқ.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден,3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы,таралуы және дамуы,суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс,өнімді,тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал,үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген.
Зерттеу нысаны Қазақстандағы суармалы егіншілік
Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес,республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі.ал,қазіргі көлемі 1млн.гектар аумақты алып жатыр,бұрындары ол 2,5 млн.гектарға жеткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Балаларға арналған тақпақтарды оқу (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Балаларға арналған тақпақтарды оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Т4 Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді, еркін қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы

Еуразия континентінің ортасында Еуропаның үлкен динамикалық тұрғысындағы нарық дамуында орналасқан Қазақстан Республикасы-ның экономикасы Шығыстың және Оңтүстік-Шығыс Азияның транзиттік мүмкіндіктерін тиімдіпайдалануымен ерекшеленген мем-лекет. Үлкен аймақты еліміздің (2720 000 шаршы/км) Ұлттық Автокөлік жүйесі даму үстінде және жергілікті халықтың тығыздығы-ның мөлшері = 1 шаршы/км 6-адам.
Қазақстан Республикасының транспорттық кешені Темір жол, Әуе, Теңіз және өзен, Құбыр және т.б. қатысатын түрлерін қамтиды. Бұл кешендегі қызметтердің барлығы нарықтық қатынастың еркін түрінде өтіп отырады. Ал, 1990-1999жж арасында барлық Автокөлік түрлері-мен жүк тасымалдау 2,5 есеге, жүк алмасу 3,5 есеге, жолаушылар тасы-малдау 5 есеге қысқартылды. Кейінгі кезде осы бағыттардағы беталыс өсіп келе жатыр.
1990 жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып ел болғанда экономикамыз оның ішінде көліктік қызмет көрсету сала-лары көп тоқырауға ұшырағаны белгілі. Сол кездерде ұжымдық шаруашылықтар таратылып, соның әсерінен еш тоқтамсыз жұмыс істеп тұрған көліктік ұйымдар өз жұмыстарын өзгеріссіз ұстап қала алмады. КСРО кезінде Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы Қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл Әлемге танымал «Ұлы Жібек жолы» көп бөлігін басып өткен.
Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады.
Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі транспотр құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, Автомобиль көлігі Су және Темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Кәзіргі уақытта Автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы Дүниежүзі-лік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сөйлеу мәдениеті жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші

Сөйлеу мәдениеті- адамның жалпы мәдениетінің ажырамайтын және құрама бөлімі. Сөйлеу мәдениеті сипаттамасы, ұғымның теориялық қорытындысын талдау.
Мұғалім сөзі –оқыту, тәрбиелеу әдісі. Сөйлеу мәдениетінің тәрбие теориясы біліміненғ, жұмыстағы ептілік, дағды оқу пәнінің және оған шектес пәндер материалдарын игеруге өз бетінше жетілуге үздіксіз талаптануға негізделген мұғалімнің жан-жақты қызметімен байланысты.
Жеке адамның сөйлеу мәдениетін көтеруде мұғалімге қойылатын жауапкершілік.
Сөйлеу техникасы - көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін таңдыушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың, құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауына ішке жүту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жогары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Шарап өндiрiсiнiң биотехнологиясы

Шарап өндiрiсiнiң биотехнологиясы.
Жоспар:
1.Шарап жасаудағы ашытқы.
2. Жүзiм және жемiс жидек шарап технологиясы.
3. Коньяк Спиртiнiң алуы.
1. Sacch шарап ашытқылары. Vini, Sacch. Oviformis ) шарап жасалуында қолданылады. 3-8 мкм эллипс сияқты, кейде сопақ немесе дөңгелек, 5-12 мкм, еннiң торшасының ұзындығы шарап дрожжейлерiнiң торшаларының формасы. Шарап ашытқылары бүршiктенулерден тысқары дөңгелек тегiс спора түрінде бөліне алады. Шарап ашытқылары жемiс-жидек шырындарында болады, глюкозаны, фруктозаны, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Вирус және оларға қарсы күрес

Компьютерлiк вирустар нелер және олармен қалай күресуге болады?
Бұл аса көңiл бөлiп қарайтындай соншалықты қиын тақырып болып көрiнбес. Алайда, компьютердегi ақпараттың жоғалуына бiрден-бiр себепкер болатын осы компьютерлiк вирустар болып табылады. Вирустардың кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тосқауыл болған көптеген оқиғалар белгiлi. Сонымен қатар бiрнеше жыл бұрын компьютерлiк вирустың адам өлiмiне себепкер болған оқиға тiркелген. Нидерландияның бiр ауруханасындағы емделушi компьютердiң вирусты жұқтырып, қате ақпарат беруiне байланысты морфийдiң әжептеуiр көлемiн қабылдаған.
Өзара бәсекелес антивирустық фирмалардың мүмкiндiктерiне қарамастан компьютерлiк вирустың тигiзетiн зардаптары жылына шамамен жүздеген миллион сомманы құрайды. Бұның негiзгi себебi көптеген компьютердi пайдаланушылардың вирустарға аса назар аудармауы, әдебиеттiѕ тапшылығы болып табылады.
ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан информатикалық эраға өтуiмен ерекшеленедi. Бұл ғасыр техникаға үлкен өзгерiстер әкелдi. Осыған байланысты информацияны алу қабiлеттiлiгi оны жөндеу күнделiктi iсте пайдалану кең етек жайып келедi. Көптеген тұтынушылар қарапайым почтадан электрондық почтаға сондай-ақ мобильдiк телефондарға көштi. Макро және микро компьютерлер пайда болды. Бұлармен қоса компьютерлiк вирустар да өмiрге келдi.
Компьютерлiк вирустар күрделi және көрнектi мәселелердiң бiрi. Сондай-ақ жасанды тiршiлiк жасау әрекетi. әрине, сәттi-ақ әрекет, бiрақ пайдасыз екенi сөзсiз. Компьютерлiк микроорганизмдер тек сәтсiздiк әкелетiн зиянкес жәндiктердi еске түсiредi. Тiрi ағзалар тәрiздi компьютерлiк вирустар да тiршiлiк етедi, көбейедi. Ал компьютерлiк вирустарға қарсы күрес адамзаттың адам ойымен күресi болып табылады. өйткенi компьютерлiк вирустapды бiр адамдар жазса, ал екiншi бiреулер оны жоюдың әдiсiн ойлап табады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0