Реферат: Биология | Ішкі мүшелер

Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады.Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым - қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады. Сондай-ақ 1995 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi «Бухгалтерлiк есеп туралы» жарлыққа қол қойып, 2002-жылы 24-маусымда ол қайта өзгертулер мен түзетулер енгізіліп заң болып қабылданған болатын. Ал үстіміздегі жылдың 28-ақпанында жаңа №234-III «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» -деп аталатын заң жарық көрді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудит субъектілері және құқықтық негіздері

«Аудит» термині осыдан екі мың жыл бұрын «аudio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі — ол аудиторлар және аудит фирмалары деп керсетілген.
Аудитор — ол, маман, біліктілік комиссиясының шеішімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық, қызметін жеке немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы. Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан ғана жұмыс атқаруына болады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашылық есеп түрінде жүргізіледі. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орындалатын аудит жауапкершілігі келісім - шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, аққшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады. Өзінің балансы болады.
Дербес шаруашылық субъектіретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды.
Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған.
«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі бақсаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әбілхайыр хандығы

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Акробласт

Акробласт (akroblastus; грек, akros — төбесі, ұшы; blastos — өскін, ұрық) — аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар басындағы сопақша ядронын алдыңғы жағында орналасқан, тығыз дәншелер (гранулалар) жиынтығынан құралған Гольджи кешенінің туынды құрылымы. Акробласт — еннің ирек тұқымдык өзекшелерінде жүретін сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидаларда түзіледі. Сперматозоид басының қалыптасу кезеңі барысында акробласт мөлшері жағынан ұлғайып, сперматида ядросының алдыңғы жағын оймақ тәрізді қаптайды. Акробласттың орталық аймағында еріту ферменттеріне (гиалуронидаза, протеаза) бай тығыз денешік — акросома орналасады

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абсорбент

Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) :
газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат. [1]
бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты затАдам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар (лизосомалар т.б.);
Өсімдіктер организмдерінде — тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жаткан жасушаларының плазмолеммалары жатады.Абсорбент (лат. absorbens— сіңіргіш зат) — абсорбент, көлемді сіңіргіш зат — бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі

Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0