Түркістан комитеті -Уақытша үкіметтің Түркістан өлкесіндегі жергілікті органы. Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 7 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған бұл органға Түркістан өлкесінде туындаған мәселелерді шешу, орталық билік атынан басқару міндеті жүктелді. 9 адамнан тұратын Түркістан комитетіне кадеттер партиясының белсенді мүшесі Н.Н.Щепкин төраға болып тағайындалды. .....
Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады. Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды ....
Кіріспе Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады. Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. ....
Пән:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақтың тақырыбы: Еліктеу, жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры: (ОБ сілтеме) 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады 2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан сахналық қойылымға қатысады. Шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Қарапайым және жиі қолданатын батырмамыз Button және ол Standard бетінде орналасқан. Оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма .Сирек қолданатын батырмамыз BitBtn , оның айырмашылығы бейнелеу мүмкіндігі бар .Олардың қасиеттері мен оқиғалары бірдей . батырманың сыртқы тұрғыда негізгі қасиеті Caption . Батырмаға жазғанда пернені қолдануға болады тездетілген доступ үшін , яғни жазудың бір символын ерекшелейміз .Бірақ символдың алдында амперсанд ‘&’ қойылады. Бұл символ жазуда болмайды , ал келесі символ сызулы болады . Мысалы : Caption қасиетіне ‘&выполнить’ , ал батырмада мынандай жазу болады ‘выполнить’. Кез-келген батырманың негізгі оқиғасы – onclick , өзін басқанда пайда болады . Әсіресе бұл жерде операторлар жазылады , яғни олар батырманы басқанда орындалу керек . Cancel қасиеті, егер ол ақиқат болса , ол анықтайды қолданушының басуы, яғни Esc пернесі эквивалентті басылады батырмаға . Default қасиеті True болса , енгізуші Enter пернесін берілген батырмаға эквивалентті басылуын анықтайды . ModalResult қасиеті модальді формада қолданылады . Қарапайым жағдайда mrNone – ға тең болу керек . BitBtn батырмасына тоқталатын болсақ , онда батырмаға бейнелеу қасиеті Glyph беріледі . Бұл қасиетті ашқанда Обьект инспекторында терезе шақырылады . Load батырмасын басқанда , файл суреті ашылады , және керекті файлды таңдайсыз .bmp , суреттерден тұрады .Delphi батырмаларға арналған көптеген суреттер бар .Олар Images\Buttons , Images мына каталогта орналасқан program files\borland\borland shared .Суретті таңдап алынғаннан кейін ОК батырмасын басыңыз және таңдалған суретіміз батырма жазуының сол жағында пайда болады ....
Оғыздар мемлекеті құрамындағы тайпалар 1. Оғыздар мемлекеті, құрамындағы тайпалар. 2. Мемлекеттің саяси ролі. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жер-лері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде ....
Қазіргі ауыл шаруашылығында ауыл кәсіпкерлерінің қолындағы техниканы меңгерудің өзі жоғары білімді, тәжірибелі мамандарды талап етеді, өйткені оны шебер, озық тәжірибелі жоғары іскерлікпен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплектерге бар күш-қуатын жұмсай алмақ. Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құралы болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз.\ Оқыту-біртұтас педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Сондықтан арнайы пәндерді оқытудың құрылымды бөліктері бұл процестің барлық негізгі заңдылықтарына сай келуі тиіс.....
Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды. Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......