Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы шотындағы ақшаны айтады. Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады. Курстық жұмыстың алға қойған мақсаты шаруашылық жүргізуші кәсіпорындардағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі, сонымен бірге құжаттардың дұрыс рәсімделуін ашып көрсету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қаралды: - касса құжаттарын дайындауда 1СБухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу. - кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру; - бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту; - құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету; - касса операциялары есебін талдау; Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады Кіріспеде курстың жұмыстың өзектілігі, мақсаты, алға қойған міндеттері қарастырылады. Бірінші бөлімде кәсіпорындар мен ұйымдардың кассалық операцияларының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде касса операциялары бойынша есеп айырысу және құжаттарды рәсімдеу жолдары көрсетілген. Үшінші бөлімде касса құжаттарын дайындауда 1С:Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктерін нақты мысалдармен айтылған. Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма – қол ақшаларды кассадан беру Кіріс Ордері №2- нысанындағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордері мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма – қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерге бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек. Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир Кіріс Ордері №4 нысанындағы касса кітабына жазады. Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш – бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді. Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы «1С Бухгалтерия» деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа тіркеледі. «1С Бухгалтерия» бағдарламасында «Кассалық кітапті» ашу үшін келесідей операция орындалады: Меню → Банк и Касса → Кассовая книга. ....
2. Тапсырманы орындауға бағытталған ой, еңбек, технологиялық іс - әрекеттерді дұрыс жүргізе білуге үйрету; 3. Оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық қарым - қатынас жүйесін қалыптастыру. 4. Атқарған істерінен қанағат алуын көздеу. Барысы: Технология кез - келген өндіріс саласында белгілі бір өнімді жасап шығару үшін атқарылар жұмыстың, ережелердің және дағдылардың жиынтығы дейтін болсақ, «Технология пәнінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға бейімдеу» тақырыбының « Жоба» зерттеу нысаны мұғалімнің жұмысының жинақталуы және белгілі бір нәтижеге бағытталуын көздейді. Сонымен қоса оқушының ізденіс, зерттеу, дамыту жұмысын жүйелі түрде жүргізуіне үлкен көмегін тигізеді. «Жоба» ізденіс жұмысы реттілікті және « Не істеймін, қалай істеймін, кімдер үшін» деген сұрақтарға оңай жауап табуға көмектеседі. Жобаның құрылымын әр тарауға арнап белгілі бір бөлігін өзгертуге болады. Одан жоба жүйесі бұзылмайды. Өйткені «Конструкциялық металл материалдарды өңдеу технологиясы» тарауы мен «Сәндік қолданбалы өнер технологиясы» тарауы жобасы бөлек, «Жеміс - көкөніс дақылдарына» арналған, кәсіпке арналған жобалар бөлек болады......
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей күрделі кемістігі бар балалардың саны аса көп емес, бірақ тәжірибелі дефектологтардың тұжырымы бойынша, арнайы мекемелерде осы балалардың саны 40% құрайды. Сондықтан, осы балалардың ерекшеліктерін білу, арнайы мекеменің жұмыс істеу әдістемелерінің нәтижесі болуына өте қажет. Осы балаларды толық зерттеп, және олардың ерекшеліктерін жақсы білу оларға тек түзету, дамыту әдістерін қолдану үшін ғана қажет емес, сонымен қатар олардың келешекте жағдайларының нашарлауының алдын – алу үшін де қажет.
Зерттеудің мақсаты: Бұл зерттеудің негізгі мақсаты болып күрделі кемістігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу, бір ғана кемістігі бар баланың және бірнеше кемістігі бар баланың психикалық айырмашылығын көру. Ол бірнеше кемістіктің пайда болған себептерін анықтау және олардың оқыту принциптерін қарастыру.
Зерттеудің міндеті: Осы аталған мәселе бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зерттеудің теориялық мәні: Арнайы психологияның күрделі кемістігі бар балаларды оқытудағы бар кемшіліктерді анықтау, оны балалардың психикасына әсер етуін зерттеп білу.
Зерттеудің практикалық мәні: Күрделі кемістігі бар балаларды оқыту біздің елімізде енді 10 жылдың ішінде қолға алынып жатқан мәселелердің бірі болып саналады. Олардың барлық психикалық ерекшеліктерін мамандар әлі қарастырып зерттеп болған жоқ. Өйткені, кемістіктер әртүрлі болып келеді және де олардың түрлері көп. Бұрында егер күрделі дефектісі бар бала оқытылмайды деген атқа ие болса, ....
Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; лат. radio — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. .....
Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді. .....
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау және бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, оны қадағалау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеру үшін бағытталған. Яғни, корпорацияның қаржысын жоспарлау, бақылау және қаржыны оперативті басқару сияқты элементтермен тығыз байланысты. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүзеге асырылады. Мысалы, қандай кәсіпкер болмасын ол - өзінің кәсіпорынын ашу үшін, біріншіден қаржылық жоспарлауға сүйенеді, ал екіншіден, бақылауға. Бұның себебі: алдағы уақытта кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету үшін, ең алдымен кеткен шикізат ресурстарын үнемді пайдалану т.б. жатады. Негізінен жоспар дегеніміз- қандайда бір мақсатқа жету үшін көзделген іс-әрекет болып табылады. Яғни, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Корпорациядағы қаржылық бақылау- қондырмалық категория болып табылады. Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады. Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Корпорациядағы қаржылық тәртіп- бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау. Мемлекеттік қаржылық бақылау сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларджы өткізуден түсетін өз игілігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметтің ҚР-ның заңдарына сәкестігін тексеру. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қауылысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Жоспарлау негізінен өндірілген өнімдерді өткізу шығындарын тиімді саясатын жүргізуге қажет. Корпорациядағы қаржылық жоспарлаудың басты шарты- ауыспалы және тұрақты шығындарды жоспарлауды анықтау керек. Тұрақты экономикалық жағдайда ауыспалы шығындарды жоспарлау қиындық туғызбайды. Бұл, ауыспалы және тұрақты шығындар арасындағы қатнастарды өзгерте отырып, пайда көлемін ұтымды ету мәселелерін шешуге болады.....
Дүниеге көзқарас - бұл, адамның Әлемге деген тұтас көзқарасы және оның осы Әлемге қатынасы және сол көзқарастарға негізделген сенім, сезімдер және адам өмірінің бағыт-бағдарын айқындайтын идеалдар, жүріс-тұрыстардың қағидалары және құндылықтары. Көзқарастар дегеніміз түсініктер мен ұғымдарда көрсетілген белгілі бір білімдер жиынтығының жүйесі, олар дүниетанымның негізін құрайды. Бұл, адам бойындағы толық білім емес, солардың ішіндегі ең жалпықтары мен принциптері ғана, Олар нағыз сенімділікке айналғанда ғана дүниеге көзқарастың құрамдас бөліктері болып саналады. Ал, адамдардың дүниеге көзқарастарының түрлері - сол адам өмірінің ойы мен қылықтарына органикалық түрде қосылатын белгілі бір нормалардың, өлшемдердің жүйесі. Дүниеге көзқарас өзінің барлық құрамдас бөліктерінің бүтіндігімен, бірлігімен сипатталатын күрделі рухани құбылыс. Оның құрылысындағы мына бөліктер маңызды роль атқарады. Жинақталған білім. Олар дүниеге көзқарастың ең басты ақпараттық негізі болып келеді. Белгілі бір халықтағы немесе белгілі бір адамдағы жинақталған білімдер неғұрлым көбірек болса, дүниеге лайықталған көзқарас соншалықты өзінің дәлелдерін негіздей алады. Әрине дүниеге деген көзқарасқа білімнің барлығы бірдей жатпайды олардың ішінде тек қана әрбір тарихи заманға сай туындайтын адам мен әлемнің өзара қатынастарының практикалық және теориялық мәнін ашатын адам тіршілігіне ең қажетті білімдер жатады. Сенімділік. Бұл руханилықтың ілікі әлеуметтік - психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік - тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағыталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті бөліктерінің бірі болып табылады. Құндыдықтар. Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттідіктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән - олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы. ....
Шіркін қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кене сынды хандарымыз қасыз қаны қалғанша оларға қарсы тұрды. Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды. .....
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда. 1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады. ....