Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалап, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Жапонияның табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары

Кіріспе
Жапония эканомикасының даму ерекшеліктері.
Жапония көптеген ірі және кіші аралдардан тұрады. Жапоия солтүстігінен батысқа, оңтүстігінен шығысқа 3,5 мың км қашықтықта созылып жатыр. Аралдардың жалпы ауданы 378 мың кв, км, ал олардың саны 3900 жетеді. Ең ірі аралдарына мыналар жатады: Хонсю, Хоккоидо, Кюсю және Сикоку.
Жапония мемлекеті 47 префектураға бөлінеді, қалалары мен ауылдық жерлерінің әрқайсысының өз үкіметі, басқарушысы бар. 1999 жылдың наурыз айында жүргізілген халық санағы бойынша 125, 86 млн адамға жетті. Жапония КНР Индия, США, Индонезия, Бразилия, Ресей және Пакистан мемлекеттерінен кейін тұрып 8 – ші орынды иеленді.
Жапония тұрғындарының 99 % жапондықтар құрайды.
1875 жылғы саннақ бойынша халқының саны 35,3 млн адам болса, ал 1975 саннақ бойынша 100 жылдың ішінде 111,9 млн – ға жетті. Тұрғындарының ¾ бөлігі қалада өмір сүреді. 8,5 млн тұығыны бар астанасы Токио қаласында халық тығыз орналасқан. Мұнда 1 кв. Км жерге 332 адамнан келеді. Жапония тұрғындарының ерлері мен әйелдерін салыстырғанда шамамен тең келген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 8 саны және цифры

Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты:
а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету;
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір - біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: өткен сандарды қайталау, логикалық есептер шығару.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: 0 - ден 8 - ге дейінгі сандар, жұмыс дәптері, сандар, слайд.
Қостілдік компонент/билингвальный/: бір - один, екі - два, үш - три, төрт - четыре, бес - пять, алты - шесть, жеті - семь, сегіз - восемь.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Шаттық шеңбері:
1 - слайд Қайырлы таң досым, Қайырлы күн болсын. Жеті күннің әр кезі, Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Жұлдызша болсын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көшпелілер мемлекеттілігі туралы түсінік

Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40-50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда "қазақ түрік емес, қазаксыз түрік түрік емес" деген мәтелге өзек болған түрік тектес халыктардың ең іргелісі казак халқы болып саналады. Оның тарихы да, тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Адренокортикотропты гормон

Адренокортикотропты гормон — бүйрекүсті безінің қыртысты затының қыз-метін күшейтетін гормон (АКТГ). АКТГ-ды аденогипофиздің алдыңғы бөлігіндегі цитоплазмасы эозинмен Кызыл түске боялатын жасушалар — кортикотропоциттер бөледі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | РЕЦЕПТОРЛАР

Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары

Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды.
Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.
Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.
Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстар
Қылмыстық кодекстің тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдык қауіпсіздікке қарсы кылмыстар. Қоғамдық кауіпсіздік деп — адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және кауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен неме-се құрылыс жүмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін коғамдық катынастарының жиынтығы болып табылады. Бүл коғамдық қауіпсіздікке карсы кылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке карсы кылмыстардың тікелей объектісі қоғамдыкқкауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын кызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады.
Осы толқа жататын кейбір қылмыстардың тікелей объектісі адмның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0