Реферат: Құқық | ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА

Сана – объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б.) заңды нәтижесі болып табылады. Сана – шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының, бірі. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады. Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап алдыңғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да, тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қараханидтер мемлекеті

1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Антиалиментарлы факторлар

Антиалиментарлы факторлар.
Жоспар:
1. Антиферменттер.
2. Антивиоаминдер.
3. Антиаминқышқылдар.

1. Академик А.Покровскийдің ойынша ортақ токсинге ие емес, бірақ нутриенттерді таңдаулы түрде төмендетуге немесе бұғаулауға қабілетті қосылыстарды антиалиментарлы факторларға жатқызады. Бұл анықтама тек табиғи тағам өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылатын табиғи тектес заттарға ғана таралады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Гомеостаздық нейро

Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері.

1929 ж. Америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның, организмнің басты – басты биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады.
Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абдукция

Абдукция (лат. abductio — сыртқа серпу, алыстату) — адам мен жануарлардың омыртқа бағаналарының бойын бойлай бастан кұйрыққа дейін өтіп, олардың денелерін арқадан құрсаққақарай тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. cagitta — жебе) жазықтықтан дененің оң жағына немесе сол жағына сыртқа қарай бағытталған қозғалыс. Аталған қозғалысты іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "абдукторлар" деп атайды......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мен және сен

Жақсы көру деген бір ұлы қасиет бар. Бұл сезім әйел адам мен ер адам арасында пайда болады. «Махаббат, жақсы көру дегеніміз не?» деген сұрақты қойсақ барлығы өзгеше етіп айтып берер еді. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын (адамзатты) жақсы көру. Және жеке біреуді жақсы көру, сол адам үшін барлық жақсылық жасау, қолымыздағын беру шынайы махаббат сезімі болса керек. Бала дүниеге келгенде ата-анасының махаббатына бөленеді. Есейгенде бір адамды кездестіреді, ғашық болады, кейде жүрегін жаралайтын сезімге дұшар болады. Махаббат әрі мейірімді, әрі қатал болып келеді. Кейде адам ғашық екенін сезбей де қалады. Немесе жауапсыз (безответная) махаббат сезіміне дұшар болады. Махаббат сезімі мыңдаған адамдардың жүрегін жаралаған, қаншама адам махаббат үшін күресте өмірімен қоштасқан (әдеби шығармалар, тарихи оқиғаларға сүйенсек). Бірақ, сонда да, махаббат туралы айтылған әндер, даналар сөзі, мақалдар, өлеңдер т.б. көп кездеседі. Қаншама атақты жазушылар бұл нәзік сезім туралы өлеңдер жазған десеңізші.

….. Біз өмірімізде әр түрлі адамдарды кездестіреміз. Балалық шағымызда тіпті балабақшада жүргенде біреуіне ғашық болып қаламыз. Есейгенде біздің бір адамға сүйіспеншілігіміз пайда болады, кейнірек болса арта түседі. Өмірімдегі жалғызымды таптым деп ойлаймыз, кейде қателесуіміз де мүмкін. Біреулер бір көргеннен ғашық болса, екіншілерге біршама уақыт керек болады. Басқалар болса өзінің махаббатын тым кеш кездестіреді. «Махаббат адам жасына қарамайды» - деп бекер айтпаған болса керек. Кейде жасы жеткен адамдар арасындағы нәзік сезімге күә боламыз. Киноларда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ал өмірімізде солай бола ма? Біздің өміріміз құпия мен сырларға, күтілмеген жағдайларға толы болады ғой...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «
Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.
Біздің «Қоршаған орта және адам денсаулығы» тақырыбын алуымыздағы басты мақсат болып қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянын келтіретін пробллемаларды ашып көрсету, сонымен қатар осы қоршаған ортаны қорғаудағы жасалып жатқан жағдайлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянды әсерлері қандай деңгейде тұрғанын ашып көрсету болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеті болып біріншіден, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерінің түсінігін, мазмұнын ашып көрсетіп, мемлекетіміздің қазіргі уақыттағы адам денсаулығына зиянды және пайдалы мәселелерімен танысу. Өйткені біз осы мәселелерді білмей тұрып қоршаған орта және адам денсаулығы мәселелерінің қалай жүзеге асып жатқанын біле алмаймыз. Екіншіден, мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жағдайларын қарастырамыз. Мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау,қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсері бұрыннан зерттеліп келе жатқан өзекті мәселе болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ішек дисбактериозы

шек дисбактериозы деп ішектегі қалыпты микрофлораның құрамының өзгерісін айтады. Ол әртүрлі қолайсыз жағдайларда организмнің әлсіреуінде немесе антибиотиктерді бақылаусыз және ретсіз көп қолданғанда дамиды. Осы кезде тоқ ішекте ашу, шіру процесстері күшейіп, перистальтикасы жоғарылайды, іш өту болады, К витаминінің түзілуі нашарлайды. Ішек дисбактериозын емдеу үшін И.И.Мечников сүт қышқылының бактерияларын ұсынған. Бұл бактериялар адамның ішегіне бейімделіп, өсіп-өніп, басқа бактериялардың өсуін тежейді. Сүт қышқылы айран, сүт, қымыз т.с.с. тағамдарда болады.



Бауыр организмде ішкі ортаның тұрақтылығын сақтап тұруға бағытталған көптеген өте маңызды қызметтер атқарады.

Бауыр аурулары жиі қабынумен (гепатит), бауыр жасушаларында зат алмасудың бірінші бұзылыстары нәтижесінде дамитын дистрофиялармен (гепатоздар), осылардың нәтижесінде бауырда дөнекер тіннің көптеп өсуімен (цирроз), өспе өсуімен, өт өндірілу мен өттің ішекке шығарылуьгның бұзылыстарымен көрінеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Жантану пәні

Психология- психикалық қубылыстардын пайда болу, даму және қалыптасу зандылықтарын зерттейтін гылым.
Психикалық қубылыстар бізді қоршап турган сыртқы дуние заттары мен қубылыстарынын мидагы әр турлі бейнелері болып табылады. Олар копшілігімізге оз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін угымдар. Психология ерте ззаманнан келе жатқан білім салаларынын бірі. Онын дуниеге тунгыш келген жері ежелгі Греция. “Психология” термині гректін екі созінен турады, “псюхе”- жан, “логос”- соз, ілім. Сойтіп, бул соз “ жан туралы ілім” деген магынаны білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, гасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардын козқарастарында насихатталып келген тусініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәнгі бақи жасайтын жан адамнын барлық психикалық тіршілігінін иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалган тусініктін пайда болуына алгашқы адамдардын табигат сырларын дурыс тусіне алмауы себеп болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Альвеококкоз

Альвеококкоз (alveococcosіs; синонимі: көп камералы эхинококкоз — эхинококк тектес таспа құрттардың (echіnococcosіs alveolars) әрекетінен болатын ауру. Қазақтар кейде оны "бауыр құрт” деп атайды. Құрт иттің, қасқырдың, түлкінің ішектерінде арамтамақ (паразит) ретінде өмір сүреді. Көбінесе бауырда, өкпеде, кейде бүйректе және жүректе де орналасады. Құрт дернәсілі өсе келе сол орналасқан ағзаның бөліктерін біртіндеп зақымдайды. Ауру көп жылдар бойы адамға еш белгі бермеуі мүмкін. Құрт өсіп, көбейе, келе А. белгісі пайда болып, паразит орналасқан органның көлемі ұлғаяды. Егер құрт бауырда орналасса, ол ұлғайып, қатаяды, науқас тез жүдеп, терісі сарғыш тартады, қан құрамында эозинофилдер көбейеді. А-ды толық анықтау үшін рентген сәулесі, ультрадыбыс пайдаланылады және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. А-дың негізгі емдеу жолы — хирур. жолмен алып тастау. .....
Рефераттар
Толық
0 0