Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды. .....
Қазіргі таңда топырақтың мұнай көмірсутектерімен ластануы глобалды проблемалардың бірі болып табылады, сол себепті оларды анықтау және де ластанудың алдын алу дүниежүзілік экологтардың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Айта кетерлік қазіргі уақытқа дейін бұл жайында ғалымдардың зерттеулері аз емес, дегенмен хромотографиялық әдіс топырақтың құрамындағы барлық компоненттерді анықтайтын ең нақты әдістердің бірі, ал бұл әдіс жаңа әдістердің бірі болып табылады. Топырақ құрылысының бүлінуі және де құрамының бүліну себептері мұнай көмірсутектерінің топыраққа көп мөлшерде түсуімен тікелей байланысты. Ал мұнай көмірсутектерінің топыраққа түсу себептерінің маңыздыларын қарастыра кетсек: 1) Мұнайдың шығарылуы және оның тасымалдануының өсуі; 2) Мұнай өнімдерінің апаттық және жасырын төгілуі; 3) Бұрғылау арқылы мұнайды алған кезде топырақ құрылысының бүлінуі т. б.; Мұнай көмірсутектерін топырақтың құрамынан анықтау қазіргі таңда алға қойылып отырған маңызды міндеттердің бірі. Мұнай көмірсутектерін топырақтан анықтау қиын процесс, яғни топырақтың құрамын зерттеу өте қиын процесс екендігін ескермегенде оның құрамына түсетін мұнай көмірсутектері әр түрлі қосылыстан құралған күрделі құрамды әрі күрделі құрылысты болып келетіндігі зерттеу процессін айтарлықтай қиындатады. Сол қиындықтарға қарамастан күрделі кешенді анализдер және қазіргі заманғы жетістіктер топырақтың құрылысын, құрамын тегістей дерлік зерттеуге мүмкіндік береді......
Қазіргі қазақ жастарының арасында қолданыста пайда болған жаргон сөздер мен компьютерлік терминдердің ана тіліндегі балама ұғымдағы сөздер Копировать ету – көшірмесін жасау Печатьтау – басып шығару Поискті қолдану – іздеу батырмасын қолдану Проводникті қолдану – бағыттаушыны қолдану Документ ашу – құжатты ашу Новая папка ашу – жаңа қапшық ашу Ярлыкты жою – таңбашаны жою Сохранить ету – сақтау Калькулятормен есептеу – Есептеуішпен есептеу Назадты басу – кері қайту Вставитьті басу – кірістіру Компьютерлік терминдер .....
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп - оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады. .....
Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады. Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияны (АКТ) пайдалану. Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады......
Нарықтың монополиялық бәсеке құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседі. Монополия бәсеке нарығының ерекшелiктерi жетiлген бәсеке мен монополияга тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кiтап шығару, қызмет көрсетудiң басқа да көп түрлерi монополиялық бәсеке нарығының iс-әрекетi. Монополиялық бәсеке нарығы – көптеген сатушылардың ұқсас, бiрақ әртектi өнiмдi сатуынан құралады. өнiмдердi бiр-бiрiнен сапасы, қасиетi, сыртқы әрлеуi бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортиментi, қызмет көрсету бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігiн көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киiм, тағам өнiмдерi, жанармай және бөлшек сауда жасау өте жақын. Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай бекітетінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.....
Ғылыми жобаның тақырыбы: Мүшелде бар жұмбақ сыр Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу. Міндеттері: Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ. Болжам: Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. Дүние жүзінде шығыс күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршіл және сұранысқа сай екендігінің белгісі. Сондықтан, мүшелді ғұмырнама компасы ретінде күнделікті тұрмыста пайдалануға әбден болады. Мерейтойларға себеп болып жүрген дөңгелек даталар нөл мен 5 - ке аяқталғанымен, олар өмір кезеңдерінің сырын ашпайды. .....
Алматыда екі бүйрегі істен шығып, бүйрек алмастыру отасын жасатқан 11 жасар Жәнел Жайлауоваға қатысты тың дерек пайда болды деп хабарлайды nur.kz порталы.
Бұл зерттеу жұмысында Жәмет Замира Қызыл мияның емдік қасиетін зерттеген. Табиғаттағы өсімдіктер адам өмірінде маңызды қызмет атқарады Қызыл мия өсімдігінің қасиеттері де жетерлік. Міне, Жәмет Замира « Қызыл мияның емдік қасиеттері» тақырыбындағы жұмысында ғылыми әдебиеттерден деректер жинап, практикалық зерттеулер, жұмыстарын жасаған. Жұмыс жасау барысында жоба жұмысы Кіріспе бөлімі, Негізгі бөлім, Зерттеу бөлім, Қортынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі және суреттер бөлімінен тұрады. Кіріспеде табиғаттағы өсімдіктер әлемі, оның дамуы мен көптүрлілігін атап көрсеткен. Негізгі бөлімде дәрілік өсімдіктердің көптүрлілігін, оның шығу тарихын, пайдалану ерекшеліктерін, сонымен бірге зерттеу жұмысы Қызыл мияның адам денсаулығын емдеуде адам ағзасына пайдалылығын ашып көрсеткен. Зерттеу бөлімінде халық емінің қасиеттерін, одан жасап алынған өнімнің пайдасы мен негізгі қасиеттеріне тоқталған......