Өлең: Жұмағали Саин (Сәлем саған, астанам)
Мен қазақпын!
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын
Еркін өстім, Отанымда тең өстім.
Европадан оздым, ұшқыр заманым,
Өлшеу бермес менің басқан қадамым,
Жеңістермен кеттім тағы ілгері
Партия алда! Қасында орыс ананың.
Колға тұрды Ульба, асау Сырлар да,
Завод, қала қаптады шет, қырларда,
Данқым асты дүниені жаңғырттым,
Ленин туы астында өткен жылдарда.....
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын
Еркін өстім, Отанымда тең өстім.
Европадан оздым, ұшқыр заманым,
Өлшеу бермес менің басқан қадамым,
Жеңістермен кеттім тағы ілгері
Партия алда! Қасында орыс ананың.
Колға тұрды Ульба, асау Сырлар да,
Завод, қала қаптады шет, қырларда,
Данқым асты дүниені жаңғырттым,
Ленин туы астында өткен жылдарда.....
Өлеңдер