Реферат: География | Әлемдік мұхиттың экожүйесіндегі физикалық дүниенің таралуы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
Дүние жүзілік мұхиттың құрлықпен салыстырғандағы ауданы
Мұхит - 70,80%
Құрлық – 29,2 %
Дүниежүзілік мұхиттың ауданы
Тынық мұхит – 49,8%
Үнді мұхит – 20,8%
Атлант мұхит – 25,8%
Солтүстік мұзды мұхит – 3,6%

Дүние жүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариан шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтар да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетіне тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға жететін алып киттер тіршілік етеді.
Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің бірітіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхит тіршіліктің таралу географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суындағы тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40º-60º) дүние жүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қадылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

Сабақтың мақсаты: Балалардың доппен жаттығу жасау іскерлігін (домалату, лактыру, ұстау, баспен итеру, доппен массаж жасау) дамытып, ата-аналарға балалармен бірлесіп шынығудың, жұмыс жасауына ықпал ету және жұптық гимнастиканың тиімділігін арттырып, бір-біріне қамқорлықпен қарауына тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Фитболгимнастика.
Қостілдік құрауыш: доп-мяч.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде болып өткен әйгілі тарихи шайқас Орбұлақ соғысының мазмұнымен танысу және жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ сарбаздарының ерліктеріне тағзым ету.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Көптеген оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап жазады
Кейбір оқушылар: бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын, азат жолдың және тақырыптың өлшемін сақтап өздігінен жазады ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Музыка әлемі 3-сабақ (Музыка, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа сапар
Сабақ тақырыбы: Музыка әлемі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау;
4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу;
4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы әндерді орындау.
Сабақ мақсаттары:
- берілген тақырып бойынша музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды;
- өз жұмысын көрсетіп, бағалайды;
- А.Ермоловтың музыкасына жазылған «Гимн Музыке» әнің үйренеді және орындайды.
.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау:7.2A X – XІІІ ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қаншалықты үлес қосты? 2-сабақ
Оқу мақсаты:
7.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
7.2.3.2 түркі ғалымдарының, соның ішінде әл Фарабидің ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау
7.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеу үшін М.Қашғари және Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
7.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі

Кіріспе
"Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі" [1] делінген Елбасының 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында. Бұл жолдау Қазақстанды келешекте биік белестерден көрінуіне себепші болады деген сенімдемін. Соған орай мен диплом жұмысын осы жолдауды басшылыққа ала отырып жаздым.
Қазақ өлеңі туралы байсалды әңгіме қозғайтын уақыт әлдеқашан жетті. Қазақ поэзиясы, қазақтың қара өлеңі Абай мен Ыбырайдан бастау алып, оның жалғасы әсіресе, XX ғасыр басындағы поэзия әлемінде ерекше көзге түсе бастаған еді. Себебі, осы тұста асқақ жырларымен, жалынды үніменен халыққа танымал бола бастаған ақындар қатары көбейе түсті.
«... XX ғасырдың басында қазақ поэзиясында... Сұлтанмахмұт пен Сәкеннің, Мағжан мен Бернияздың кейіпкердің ішкі жан сырына үңіліп, оның қалың қатпарын аздап болса да, ашуға тырысатын өлеңдерімен бірге қазақ өлеңіне лиризм келе бастағанды» [2. 146 бет] деп өз мақаласында Бекділдә Алдамжаров 20 ғасырдың басындағы ақындар жайлы, олардың қозғаған тақырыптары мен өлеңге әкелген жаңалықтарын ауызға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін талдау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0