Болашақта қоғамға қажет мамандықтар

Мамандық таңдау – қазіргі түлектердің басты мәселесі. Оларды толғандыратыны – қай мамандық қоғамда тапшы. Болашақта кей мамандықтар жоғалып, жаңа маман иелеріне деген сұраныс арта түседі. Бұл қоғам мен техниканың әсерінен болуы мүмкін. Сонымен, назар аударайық: 10 жылда қоғамға қажет 10 мамандық тізімі.
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақстан әлемдік деңгейдегі көліктерді шығара бастайды

Бұдан былай танымал көліктерді іздеп ел аспайтын боламыз. Себебі ол автокөліктер өз елімізде жасалады.

Шетелдік компаниялар Қазақстанда өз зауытын салуға ниетті. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен жиында мәлім болды.

"Қазақстанда автокөлік жасауды дамыту: жетістіктері, түйінді мәселелері және перспективалары" тақырыбындағы өткен көшпелі дөңгелек үстелде мамандар мәселені жан-жақты талқылады. "Нұр Отан" партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесі бұл саланы жіті бақылап, қадағалап келеді. Нәтиже жаман емес. 2012 жылы Өскемен, Қостанай, Алматыдағы зауыттарда 20 мыңға жуық машина жасалған. Биылғы 9 айда 25 мың көлік шығарылса, жыл аяғына дейін 9 мың көлік жасау жоспарланып отыр.....

Жаңалықтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір - бірімізге сыйлайық

1. Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.

2. « Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0