Сабақ жоспары (ұмж): Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
- XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
- Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар XІІІ-XҮ ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің саяси үдерістерін түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Әкенің өкініші

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.

«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»

Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Сәкен Майғазиаев Қордабайұлы (1975 жылы 1 қаңтар)

Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Өмірбаяны
Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сәкеңнің кітабы

Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім алып келген. Сонда Сәкеңнің елдің ішінде тек қарт әке-шешесі ғана тұрса керек. Сәкең кейін оқуын бітіргенде сол қалада қызметте қалуына мол мүмкіндік туып тұрғанына да қарамастан, қарттарына алаңдаса керек, елге оралады. Сәкеңдей білімді жігіттер елдің ішіне де керек болып тұрған ғой.

Сәкең келе еңбекке кіріседі. Елдің аруына қосылады. Обалы не керек, Сәкеңнің сүйіп алған жары Сәкеңнің ата-анасына бәйек болып қызметін жасапты, күтіп-бағыпты, қас-қабағына қарапты. Кейін қарттар өмірден өтерінде келіні мен баласына алғысын жаудыра-жаудыра өткен деседі. "Ата-анаға қарасаң, Сәкеңдердей-ақ қара-ау!" деп елдің аңыз қылатыны да содан ғой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Эссе: Мақтанышым-Әкем!

Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. Қазір басқа қалада оқуда жүрген апам мен ағам әр телефон шалып сөйлескен сайын «Әкем мен анамды ренжітпе, айтқандарын екі етпей орында, сыйла!» ,-деумен болады. Мүмкін сағынып жүрген болар деп ойлаймын кейде. Ал бір ойым адам қасында жүргенде жақын адамдарының қадірін білмейді,- деген оймен астасып, олар әкем мен анамның қадірін енді біліп жүрген болар деген ой мені мазалайды. Олар оқудан демалысқа келіп, қайтатын күні болғанда - анама таңертеңгі шайға балалардың бәрін оят, бәріміз бірге ауызбіршілік шайын ішейік, -дейтін. Анам сол күнге бола таңертең ерте оянып, бар тәттіні пісіріп, аузымызға тосатын. Бұл да болса әкемнің бірлік пен татулыққа шақырған тәрбиесі деп білемін. Әкемнің асыл қасиеттерін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Қанша шаршап- шалдықса да үйге үнемі күлімсіреп кіреді......
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Күлшаттың әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан әкем еді қорғаным,
Мәпелеп баққан қормалым.
Тұтқиыл келіп сұм ажал,
Қайғыға терең шомғаным.
Қоймадым жастық басына,
Бола алмадым қасында.
Тұтқиыл қаза болды ғой,
Сексенге келген жасында.
Көңілімнің күні едің,
Ақылымның нұры едің.
Айрылып, әке, бір күнде,
Қайғыдан әбден жүдедім.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Шығарма: Мен әкеме ұқсағым келеді, еліктегім келеді

Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, деп әрбір әке баласына өсиет қалдыратыны анық.

Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ деген өнегелі ұғымды ойға түйіп, отырып мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем содай мейрімді , қарапайым жан. Әкемнің ағасы, інілері бар оларда мейрімді және қарапайым адамдар. Атамызда ақ көңіл, балаларын өзінен артық көреді. Әсіресе қыздарын жақсы көреді. Менің әкем өз әкесіне ұқсайды, ал мен әкеме ұқсағым келеді. Әкем өте намысшыл, жаман қылық көрсетпеуімді талап етеді. Оның кейбір істеріне еліктегім келіп тұрады. Адам баласы отбасында нені көрсе, үлкен болып, өскенде, сол көрген нәрсені қайталауы мүмкін ғой. Менің әкеме атамыз қандай тәрбие берсе, әмекем маған сондай тәрбие беруде. Олар балалық шақтарында өте тату-тәтті болып өстік, сендер де тату болыңдар дейді,- бізге әкеміз. Менің ағам, әпкем бар. Олар анамызға жақын. Әкем өзін бізбен достық қатынаста ұстауға тырысады. Бос уқытында бізбен бірге уақыт өткізуге , мүмкіндік туғызады. Ол жұмыс көп істейді, ерте кетеді кеш келеді. Сонда да бізге көп көңіл бөледі. Әрбір мерекеге бірге барамыз. Ақылын айтып , өзі бізге үлгі көрсетеді. Оның достары көп. Сабақ орындауға ,ойнауға маған көмектеседі. Ол оқушы күнінде спортпен, би үйірмесіне баратын екен. Мен билеуді ұнатамын. Оның достары көп. Әкемнің сыныптастары, достары келгенде айтып отырады менің әкем туралы. Достары жыл сайын бізге қонаққа келеді. Әкемдер оларға барады. Олар үнемі балалық кездері туралы айтады. Маған әкем туралы тыңдау ұнайды. Ол адамдармен тез тіл табысады. Барлығын бірдей қабылдайды. Оны жұмыс орнында да сыйлайды, беделі жоғары әріптестерінің арасында.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; ассимиляция
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0