Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шәкен ағаға риза еді

Апыр-ай десеңші, алты ай қыс, алты ай жаз, лүп еткен желсіз, қақырата соғар қара дауылсыз, азынаған ақ түтек борансыз күн кешіп жатқандары мынау. Казармадан шыға қалса маңдайына тіреліп, көз алдына керілген көк пердесін көлденең тартқан қалың орман. Сол орманның арасында өмір сүру көкжиекпен астасып жатқандай көрінетін байтақ қырда кіндік кесіп, саф ауасымен көкірек кере дем алып, ұлылы-кішілі төбелер мен тауларға өрмелеп өскен айдын шалқарға қаз қонып, үйрек ұшқан.

Айдындардың еркесі, аққу, аялдаған көлдерге өзендерге шомылып, ат құлағында ойнап, еркін өскен қыр баласы сол байтағын, қалай сағынбасын, қалай аңсамасын? Талай түндерде кірпік ілмей, сол далаға деген сағыныш бесігінде тербелгені де күні кеше. Сондықтан да болар ол қазақ киностудиясы жарыққа шығарған фильмді көруге асығып ынтығып отыр. Фильм басталмастан бұрын бұл туралы полк командирінің саяси жұмысы жөніндегі орынбасары (бұдан әрі командирдің орынбасары): « Бүгін сіздер қалыптасқан дәстүр бойынша айына бір рет көрсетілетін одақтас республикалардың бірінің кинофильмін көресіздер. Кезек – Қазақстандікі. «Алдар көсе» фильмінікі», – деген еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау»
Оқу мақсаттары: 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
Көпшілік оқушылар: нақыл сөздерді пайдаланып, туған жер туралы ойын айтады;
Кейбір оқушылар: шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жәке Қойтанұлы

Жәке қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр тауы) — би, шешен. Абақ керей руынан шыққан. Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған. 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, "керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Мемлекеттің бәсәке нарығындағы монополияға қарсы саясаты

Кіріспе
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады. Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады. Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса — құқығы да жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Сәкен Сейфуллин | Қыр балалары


Байлаған биенің бас сауымын сауып алған кезде, "Тайжүзген" құдығының басындағы төрт ауылдың атқа мінер кәрі, жас, қатын-қыздарының аттары ерттеліп болды. Үлкендер маңызданып қымызы бар үйлерден қымыз ішіп, қыз-бозбалалар, бай балалары сәнді киімдерін киіп, жақсы аттарын күмістеген ер-тоқымдарымен ерттеп, кедейдің балалары да барын киіп, қатындардың байы байша, кедейі кедейше тазарақ киімдерін киіп, бәрі бір түрлі асығып лепіруде.

Күн ыстық. Шыбындап, топтанып, шаптары терлеген жылқылар үймелеп жылы желі маңайында тұр. Қап-қара болып күнге күйген, бұттарында жүнін сыртына айналдырып киген шалбарлары ғана бар жап-жалаңаш малайлар арпалысып сауған биелердің сүтін шелектерімен қолдасып келе жатыр.

Құрғақ апандардың, әм жарлардың көлеңкелерінде қозылар үймелеп, жүргендері жүріп, жатқандары жатыр. Қара мал өріске кеткен. Ауылдың күншығыс жағындағы сортаңда сағымнан бұлдырап төрт-бес түйе жүр........
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Батырлар әкелген бейбітшілік заман

Міне, сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл. Сол бір кезде батырлық пен төзімділікті паш етіп, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол сұрапыл соғыс 1941-жылы 22-мамыр күні таң алдында басталды. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал, әйелдер соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ұлы Отан соғысының тарихына үңілсек, жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі зор екендігін байқаймыз. Майданға Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды.
Соғыстан 394 мың қазақ сарбазы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген отбасы кемде – кем. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Сұрапыл соғыс 1945-жылдың 9-мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Фашистік Германия тізе бүкті. 500-ге жуық жерлесіміз батыр атанып, аттары аңызға айналды.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабул жасауға қатысты. Оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы - Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегильдиновтың және көптеген жерелестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Біздер олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Мен, әрине, соғысты ұнатпаймын, қаншама адам қан төгіп, көз жұмады. Қазіргі таңда еліміздің тыныштығын сарбаздар қорғайды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: БАҚ қоғамға бақ әкелсін


28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...

Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).

Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...

Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!

Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...

P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)

.....
Әңгімелер
Толық
0 0