Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Сырқат әйел

Баққа бөленген әдемі қаланың ортасына салынған емхана бір көшені бір-ақ алып тұрады. Оның көше жағына қараған беті дәрігерлер науқас адамдарды қабылдайтын бөлмелер де, аула жақ беті ұзын зал. Ұзын залдың бойына қойылған отырғыштардың босы көп болғанымен қабылдау кабинеттерінің бәрінің алдында адам баршылық. Адамның ең көп отырған жерлері құлақ, мұрын, тамақ ауруларын, көзді, тісті қарайтын кабинеттер алды. Ұзын залдың ашпалы терезелерінің барлығы ашық. Осы ашық терезелерден таңертең соққан самалмен бір хош иіс келеді де, адам мейірін қандырмай жоқ болады. Сусап отырғандарға зор сабадан бір-бір тостағаннан қымыз беріп бір жайқар келіншек ізінше қайтып шығып кеткендей болып тұр. Жанға сая көктемнің лебі отырған науқастарға табылмас шипадай сезіледі. Самал тағы да, ессе игі еді деседі, отырғандар;

Залдың. кіре беріс есігі кең ашылды да, денесіне жабыстыра тіккен қалың күрең қызыл көйлегі бар бір әйел көріне кетті. Ол есік жабылар — жабылмастан залдың оң жағына қарай тез басып жүріп берді. Осылай қарай бұрылуымен одан хош иіс бұрқылдап, терезеден келген лепке жарымай отырғандардың мұрнын жарып жібере жаздады. Ол құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет алдынан аяғындағы өкшесі дірілдеген жылтыр қара туфлиін шажамайын шиқылдата, екі қолын артына лақтыра тастай сыпыртып өте шықты. Құлақ, мұрын, тамақ ауруларын қарайтын кабинет ең түкпірде еді. Бұдан былай кабинет жоқ болса да ол етіп барып бұрыштан кілт бұрылып, қашаған қуып үйренген қысыр биедей өкшесінен қайтты. Туфлиін шиқылдатып бері жүрді. Екі құлағын кезек басып шыдай алмай шеткерірек отырған орта жастағы Ерекеңнің беті тыржың ете түсті. Оған жалғас отырған қартаңдау әйел де татып кеткен айран ұрттан алғандай мұрнын тыжырып, бет-аузын қатпарландырып, аулын ырсита қойды. Көзі әлгі әйелде. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін.
Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады.
Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Аяғы ауыр әйел туралы сөз)

Абыр-сабыр,
Қарбалас қала қатты.
Машиналар көшелерді орап апты,
Оны-мұны алуға асығыстау
Бір жас әйел дүкенге бара жатты.

Ығы-жығы ағылған адамдар да,
Жол бермейді.
Болмайды жамандауға,
Өз жұмысың болмаса....
Өлеңдер
Толық
0 0

Декреттегі әйелдерге құлаққағыс

✅ Декрет - бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Әйел үшін декрет - өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартады. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзік жандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны шарт:

✅ Ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажет заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.
Ислам дінінің Еуропаға таралуымен мұсылман әлемінің батыспен бара – бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы жерлерде өз тілімен мәдени құндылықтарын тастап кетті.
Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір себебі – Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс. Өйткені қазірдің өзінде – ақ шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ақын әйел)

Басқа әйелде басқа арман, басқа мұрсат,
Отырады асықпай әңгіме айтып.
Ал мен үшін әрбір күн — қас-қағым сәт,
Еркіндікке енбеймін енді қайтып.
Бар бейнеті ақынның жүр ме өтеліп,
Гүлдей нәзік көңілімді кім ескерген.
Бір жеңіліс, бір жеңіс, бір қателік...
Қажыдым бұл қарусыз күрестерден.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қазақ әйелі)

Төзіміңді берсе сенің темірге,
Темірдің де түгі кетпес көмірге.
Қазақ қызы,
Қайран қазақ әйелі,
Не көрмедің,
Не кермедің өмірде?!
Қызды қатар қоймаса да ұлменен,
Азамат па қадіріңді білмеген!
Ақ жаулықпен орап алтын басыңды.
Отпен кіріп,
Шығып жүрдің күлменен.
Жұмсағанмен заман сені күң санап,
Жаманнан да ала білдің мың сабақ.
Жүн иіріп,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ әйелдері бойындағы патриоттық (елжандылық) сезім көріністері

Рухани құндылықтар мен дәстүрлердің өсіп келе жатқан жас жеткіншек ұрпақты, бүгінгі заманның көшіміне ілесе алатын буын, бітім-болмысы мықты, дүниеге өзіндік көзқарасы бар, атадан балаға мирас болып келе жатқан ақжарқын мінезі мен биік адамгершілік қадір-қасиеттерді бойына жинақтаған жаңы жомарт, ділі мен тілі таза азамат, жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, қоғам өміріне бейімдеп, әлеуметтендіруде алатын өзіндік орны мен рөлі біршама. Осыған байланысты халықтық тәрбие көздерінің тарихи орны мен рөлін объективті тұрғыдан дұрыс бағалап, зерделеу бүгінгі таңда терең мәнді әлеуметтік маңызға, педагогикалық сұранысқа ие болып отыр. Себебі, өткеннің педагогикық мәдениетін білу, оны ой елегінен өткізу және пайдалану қазіргі жағдайларда жас жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік күрделі проблемаларды ойдағыдай шешуге жәрдемдеседі.
Халық педагогикасы- ұлттық қазына, рухани дүние. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас болып келе жатқан тәрбие жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Мұндағы бас тәрбиеші- халықтың өзі. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауыса отырып, бірте-бірте қордаланып, кемелдене келе «халық айтса, қалт айтпайды» дейтіндей кем-кетіксіз, ақаусыз халық игерген тәрбие ұрпағын халықтық педагогика дәстүрлері мен тәжірибесін қазіргі педагогика ғылыммының теориялық-қағидаларын әдістемелік тәсілдермен қиюластыра байланыстырып, бірлікте пайдалануға айрықша мән беріп отыр.
Халықтың ізгілік және адамгершілік тәрбие мұраттары негізіне алынған халықтық педагогиканың прогресшіл дәстүрлерін қайта өркендету аясында ғана білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын жаңғырту процесі айрықша мәнге ие бола алады. Бұл мұраттарды орынды жәе мақсатты пайдалану жеткіншек ұрпақты туған жерге, еңбекке сүйіспеншілік, үлкендері сыйлау, әр түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерін құрметтеу және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасау, табиғатқа аялап қарау рухында тәрбиелеуде жәрдемдесе алады. «Халықтық педагогика, мектептік оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын, т.с.с. сіңіру үлгі-өнегесі, бір сөзбен айтқанда, адам баласына жұғысты барлық адамшыл қадір-қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Семсерлесушінің кардиореспираторлық жүйесіне әйел ағзасы ерекшеліктерінің әсері

Әрбір Қазақстандық үшін ең басты құндылық оның денсаулығы. Ілеспелі түрде белсенді демалыстың дамуы мен дене тәрбиесіне, жаппай спортпен шұғылдануға жағдайлар жасалынуы керек. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс дене шынықтыру сабақтары мен дене шынықтыру секцияларын кеңейту қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Зерттеутақырыбының өзектілігі.Қазіргі таңда шаңғы түрлері өзінің танымдылығы және жалпы көпшілікке қызығушылық жағынан алдыңғы орындарда.Әрине бұл тұрғыдан алғанда дамушы спорт түрлеріне жатады.
Еліміздегі шаңғы түрлерінің дамуына соның ішінде қысқы демалысты ұйымдастыруда шаңғышылардың көпшілік демалысын ұйымдастыруда көптеген жұмыстар жасалуда.Спорттың бұл түрі қысқы туризмге оң әсерін көрсетіп, көптеген дамыған елдерде және ол елдердің ұлттық экономикасын дамытуда өз үлесін қосуда.
Ертеректе елімізде шаңғы тебу дәл қазіргідей көпшілікті қызықтырмайтын, себебі тау туризмі орталықтарының жабдықталуы нашар еді. Ал қазіргі кезеңде спорттық туризм, әсіресе тау шаңғысы туризміне деген қызығушылық артып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

ӘЙЕЛ

…Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:

— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:

— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып: ......
Кеңестер
Толық
0 0