Сценарий тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8наурыз! ) Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
1 – бала: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық. 2 – бала: Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық алтын бақ.