Шығарма: Асқақта тұғырлы тұлға-ұстаз!

Асқақта тұғырлы Тұлға

«Талабы мен еңбегі екі жақтап,

Ортамызда Ұстаз тұр нық асқақтап»

Жер бетінде жаңалық,жетістіктер білімге байланысты. Кез-келген мемлекеттің өркендеп,өсуі де білім нәтижесі. Өзінің бойындағы білім-тәлім нәрімен алдындағы жас өрендерді сусындатушы,ұлылардың ұлықты да адами қасиеттерін болашақ ұрпақ бойына сіңіруші зиялы тұлғалардың бірі де, бірегейі — Мұғалім. Шәкірттерін алдағы өмір жолының қилы-қиын кезеңдеріне дайындаушы, әсерлі әдістерімен олардың шеберлігін шыңдаушы да мұғалім.

Болмаса егер мұғалім,

Білмес те еді көпшілік

Бүкіл әлем,жер жүзін

Ұшпас та еді ғарышқа

Тоқтар менен Гагарин.

Сондықтан болар, қай елде болмасын ең көп маман, басты тұлға мұғалім. Десемде, әр адам мен әр маман секілді,әр мұғалімнің де өзіндік ерекшелігі бар.Білім-біліктілігі мен әдіскерлік әсері,еңбекқорлығы мен ұйымдастыру қабілеті,адамсүйгіштік те ұлтжандылық , ғибраты,қоғамдық істегі белсенділігі секілді қасиеттері алуан қилы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің сүйікті ұстазым

Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.

Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.

Негізгі бөлім:

Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Ұстаз мәртебесі

Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгені, жеткен әрбір жетістіктері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен ізденімпаздығының арқасы деуге әбден болады. Қай мамандық иесі болмасын ұстаздан білім алатыны баршамызға аян. Халқымызда «Бір әріп үйреткенге, қырық жыл сәлем бер» деген аталы сөз де бар. Әрбір саналы азаматтың жүрек түкпірінде мұғалімдерге деген құрмет пен шексіз алғыстың бары сөзсіз. Бұл сөзімізге Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Педагог мәртебесіне» ерекше назар аударуы дәлел бола алады. Үкіметке келер жылдан бастап «Педагог мәртебесі» туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырған мемлекет басшысы аталған құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуы, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген ойын жеткізген еді.

«Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылдануы ұстаздар қауымы үшін тек құрмет қана емес жаңа міндеттер деп қарауымыз керек. Н.Назарбаев өз жодауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігін де атап көрсеткен болатын. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылардың бала кезден қалыптасатынын ескерген ол білім беру ісінде 4К моделіне, яғни, креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды көздейді. Бұл дегеніміз бірінші сыныптың өзіне жан-жақты ойлау қабілеті дамыған оқушылар қабылдана бастайды деген сөз. Бастауыш сыныптан бастап сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, бұрынғы оқушылардан өзгешелеу ойлап, ойын екшеп, анық жеткізе алатын баланы әрі қарай дамыта түсу қазіргі таңда қолымызда бар оқыту базасымен оңайға түспейтіні белгілі. .....
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Ұстаз берген бағыт

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова

Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.

Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.

Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстаз - қоғамның тірегі

Мұғалім деген ат — қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам - мұғалім.
С. Мұқанов

Ұстаздық ету – ең ұлы іс. Ал ұстаздар – шын бақыттылар. Ұстаз алдынан өтпеген жан кемде-кем. Мейлі әкім бол, мейлі ғалым бол, ұстазыңның алдында мәңгілік қарыздарсың! Өйткені оның тәлім-тәрбиесін, үйреткен оқу-білімін жылдар бойы сіңіріп, дүниенің бір кірпіші боп қаландың.

Ұстаз деген кім? Ол – мектептің жүрегі. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен жеткізсек, ұстаз - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Мен «ҰСТАЗ» ұғымын өз ісінің ұстасы, шебері деп түсінемін.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен асыл дінімізде де ұстазға деген құрмет сөз болады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар»,- делінген. Халқымыздың: «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген даналығынан ұстаздар қауымының жоғары бағасын көремін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет!

Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» - жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу және оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазды нағыз өз ісінің маманы дейді. Ұстазға ақын да, ғалым да, малшы да, хан да бас иген. Ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету - үлкен шеберлік. Сол шеберлікке жоғары баға бергендердің бірі - орыстың атақты педагог демократы, әрі педагогика ғылымының нағыз майталманының бірі - К.Д.Ушинский еді. Ол өзінің бір сөзінде: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деп үлкен баға берген болатын. Бұл сөзіндегі «сырттай қарапайым» дегенін бөлек алып қарайықшы. Яғни, сырттай қарапайым, жай ғана бір мамандық. Мұны бірі түсінсе, бірі аса түсіне бермейді, бірақ мұғалім өз бойында тек бір ғана ұстаздықты, бір ғана тәлімгерлікті алып жүрмейді. Қажет кезінде актер де, әнші де болады. Ұйымдастырушы, режиссер, биші, бағдарламашы, суретші... Бұл қасиеттердің барлығы бір ғана ұстаздың бойынан табылатыны таң қалдырады. Бір емес, бірнеше асыл қасиеттерді өз бойына арқалап жүрген аяулы ұстаздарымыздың еңбегі – баға жетпес асыл еңбек. Сол себепті де К.Д.Ушинскийдің ұстаздықты ең ұлы іс, ең ұлы жол деп бағалауы бекер емес......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Алаш ұстанымы ұтымды

1917жыл 21 шілде қазақ халқы үшін тарихи күн болды себебі дәл сол күні қазақ мәселесін тұңғыш рет заманауи саяси деңгейде қаралса , екіншіден “Алаш” партиясын құру туралы шешім қабылданады.

1906жылы 10 маысымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Жалпы сол жиналыста Әлихан Бөкейханов “Халық еркіндігі ”атты бағдарламасымен таныстырады. Қазақ кадеттерінің бағдарламасында қойылған талаптар мынадай болды . Қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі етіпп жариялайтын Заң қабылдау,Ресейден көшіп келушілердің легіне тежеу қою,қазақ жұмысшыларына еркіндік ,теңдік беру ,олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару,қазақ балалары үшін мектеп ,медресе ашу,(“Фикер ”,1905,25 желтоқсан).1905 ж жазда өмірге келген Қарқаралы құзырхатының да талаптары осы мазмұндас болады делінген.

Алаш партиясының да ұстанымы да осы іспеттес болды . Оларды қазақстанда тәуелсіздік орнағанын , елде теңдік болғанын қалады. Халықты қандай жағыдай болса да қорғап қалуды көздеді . Ресей империясының Қазақстанға жүргізген саясатына көңілі толмады. Қазақстанды эконмикалық болсын рухани болсын жағыдай жасайтын партия құру керек болды сол заманда ,соның нәтижесінде алаш партиясының негізі қаланған болатын .

Жоғарыда айтып өткендей сьезде Алаш партиясын құру туралы шешім қабылдансада , сол кездегі құжаттар жайлы еш дерек жоқ екен . Оны тарихшы , алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді жалпықазақ сьезінің құжаттары сақталмағанын айтады. Бірақ Алаш партиясының жер мәселесі жайлы көтерген мәселелері әлі де күшін жойған жоқ. Себебі қазіргі таңда жер мәселесіне байланысты көптеген шешімін таппай келе жатқан жайттар өте көп десем өтірік болмас........
Шығармалар
Толық
0 0