Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин
«Ұстаз - ұлы есім» - дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да, «ұстаз» деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар, бәрі де бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық... Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әрбір мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстазымыз. ......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: 8-сабақ Тұңғыш ұстаз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту. 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру. 4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу. Сабақ мақсаттары: 1.Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту. 2. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою. 3. Жазбаша сөйлемдер құру. Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды. Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жазбаша мазмұндайды. Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады.....
Менің ұстазым ақылды, әдемі, көрікті. Ұстазым әр балаға білім нұрын шашты. Мектепте ұстаздар жоқ болса мектеп қаңырап қалады. Күн шықпай қалады мысалы аспанда.......
Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі. Мағжан Жұмабаев
«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.
Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.......