Шығарма: Ұлттық құндылықтар ұлт қорғаны

Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ойындары, фольклоры. Қазақ халқы бұдан кенде емес. Халық аузында жүрген әрбір мақал-мәтелдің немесе тыйымның өз тәрбиелік мән-мағынасы бар. Бірақ, қазіргі жаһандану заманында бұл құндылықтар өз бағасын жоғалтып, өткеннің еншісінде қалып бара жатқандай. Оны айтып, ескеріп отыратын көнекөз қарияларымыздың да бүгінгі келбеті мүлдем бөлек. Ақ жаулығын таққан әже мен ақ сақалы мен тақиясы бар атаны бүгінде кезіктіру өте қиын. «Заманына қарай адамы» дегеннің әсері болар. Заман талабына қарай өзгере беретін болсақ, ұлттық құндылық түгілі, шыққан текті ұмыту қиын емес бұлай. Өйткені бүгінгі «заманауи» жас отбасылар ата-ана қадірі, туыстық байланыс, салт-дәстүрді біле бермейді. Барлығына топырақ шашудан аулақпын. Бұның барлығын өте жақсы білетін де жандар жетерлік. Өйткені, олар «отбасы институтынан» тәлім алған. Сол алған білімді ары қарай өз ұрпағына үйретіп, үнемі қайталап отырады.

Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды»,- деген сөзі бар. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде оның ататегін қоса үйреткен жөн. Жан-жақты болсын деп бірнеше шет тілін үйрету, бос уақыты болмасын деп түрлі үірмелерге жазып қою бүгінгі күннің «тенденциясы» деп те айтуға болатын шығар. Өзге тілді үйренемін деп, ана тілін білмей шүлдірлеп жүрген талай қара домалақтарды көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Сонда өз тілін білмеген бала өзге тілді қалай сыйлайды?! Әрине, әркімнің өз таңдауы бар. Бірақ, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың өз алар орны бар екенін жас ата-аналар ұмытпаса екен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекеттік тіл – ұлттық сапа негізі

Қазақ тілі – ғажап тіл.
Оның болашағы да ғажап.
Н.Ә.Назарбаев

Тіл қай елде, қай ұлтта болсын - қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың рухани, мәдени сапалық, байлығының дамуының құралы.

Ана тілдің қасиеті, сапасы туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», - деп толғанады. Осы екі ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Биязылық - ұлт құндылығы

Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше. Жастаймыздан жаттап өскен тіл, мәдениет, отаншылдық сияқты бірқатар ұлттық құндылықтарымыз бар. Алайда, мен білетін қазақы мінез - биязылық та біздің ұлттық құндылығымыз. Ия, ия. Биязылықты да маңызы жоғары құндылыққа жатқызуға болады деп ойлаймын. Тіптен, биязылық зиялылықпен үндес құбылыс. Зиялы қауымның біз жақсы білетін өкілдерін еске түсіріп көрейікші. Биязылық - ол қасындағылардың, жора-жолдастарының көңілінен оң орын алу, қоршаған адамдарды, бүкіл қауымды осы мінезімен баурап алу. Қазақ айтады ғой, “мінезге бай” деп. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан жақсы мінездің түрі де көп: өр мінезділік, жігерлілік, намысқойлық және тағысын тағылар. Өкінішке орай, кейінгі кезде осы бір қасиет көзге көрінбей, байқалмай елеусіз қалып бара жатқан сияқты.

Биязылық - қоғам үшін де құнды, қасиетті. Ол тіптен, адамды түрлі жаман әдеттерден сақтайды. Өрекпіп тұрған, мінезі ұр да жық адам өзін де, көпшілікті де жарға ұрындырары хақ. Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген жоқ па еді? Ал ұлы ақын Абай “Жүректен қозғайтын, әдептен озбайтын" деп, биязылықтың нормасын сақтауды адамдық парыз санаған. Биязылық – мәдениеттіліктің белгісі. Игі әдет, оның әдет-ғұрыпқа айналуы биязылықты қалыптастырады. Биязылық әлеуметтік ортаның талабына бейімделуге жетелейтін тұлғаның қасиеті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы көшіру стратегиялық шешімі неліктен қабылданды? (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:10.4 А.Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы (1997 жылдан бүгінге күнге дейін)
Сабақ тақырыбы: Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы көшіру стратегиялық шешімі неліктен қабылданды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Астананы Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде бағалау;
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ролін түсіну
Сабақ мақсаттары: Әр түрлі дерек көдерінен тарихи фактілерге сүйене отырып, оқиға желісін құрастыра алады, түсінеді;
Астананы көшіру секілді тарихи оқиғаға өзіндік пікір (интерпретация) айту арқылы өзіндік көзқарастары дамиды;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің алғышарттарын анықтап, барысы мен нәтижесін талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0