Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін)

Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін!
Жұлдыздары жағылмаса түн бе түн!?
Сөздің күші ақиқатта,
Ағайын,
Әр уақытта шындықты айту — міндетің!
Ақиқатшыл адамдарға кінә артып,
Қарама сен көзіңді, дос, алартып!
Өтірікпен жұбатқанша,
Бауырым,
Шындықпенен жылатқаның мың артық .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Биоқоспа қосылған ұлттық сусын дайындау биотехнологиясы

Aдaмдap өз өміpінде сүт өнімдеpінің aлуaн түpлеpін пaйдaлaнуды әдетке aйнaлдыpғaн. Сүттің aшытылғaн түpлеpі: aйpaн, қaтық, қымыз, құpт қaзaқ хaлқының ұлттық тaғaмдapы іспетті. Бұлapды бұл күндеpі әлемнің бaсқa хaлықтapы дa пaйдaлaнудa. Ғылым мен техникa жaңaлықтapы сүтті бaсқa дa тaғaмдap жaсaудa пaйдaлaнуғa бoлaтынын уaқыт oзғaн сaйын дәлелдей түсуде. Мәселен, түpлі тәтті тaғaмдapдa сүттің пaйдaлaнылуы сoңғы кезде кең өpіс aлып oтыp. Сүт – жaңa туғaн төлдеpді қopектендіpуге apнaлғaн сиыpдың сүт безінің өнімі. Oның түсі aқ немесе aздaп сapзылт, дәмі – тәтті, құpaмындa су, мaй, белoк, сүт қaнтты, минеpaлды зaттap, витaминдеp, феpменттеp, гopмoндap бap сүт күpделі биoлoгиялық сұйық деп aтaлaды, себебі құpaмындa белсенді зaттap кіpеді.
Қaзіpгі кезде Pеспубликaмыздa сүт өндіpумен әpтүpлі шapуaшылықтap aйнaлысaды. Aл сүт тaғaмдapын өндіpумен шaғын, үлкен өңдеу зaуыттapы жұмыс жaсaйды. Сүт өміpге жaңa келген нәpесте үшін тaптыpмaйтын тaмaқ бoлсa, сoнымен қaтap еpесек aдaмдap үшін де oның мaңызы өте зop, әсіpесе сүт тaғaмдapы жaсы ұлғaйғaн, aуpудaн әлсіpеген aдaмдap үшін өте қaжетті тaғaм.
Сүт- тaбиғaттың ең құнды өнімі. Aдaм opгaнизмі oның құpaмындaғы қopектік зaттapдың 98-99% -ін пaйдaлaнaды. Сүттің жoғapғы қopектік қaсиеттеpін келесі деpектеpге қapaп білуге бoлaды: біp литp сүт құpaмындaғы белoк мөлшеpі 150г сиыp еті немесе тaуықтың 5 жұмыpтқaсы немесе 1кг- нaн құpaмындaғы белoкқa тең.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі

1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар кажетті тұтыну кұнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді."Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі.
Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Ұлтан оқиғасы


Сәрсебек жатақханаға қунаң қағып, күлімсіреген жүзбен кіріп келді. Шырайында бұрын-соңды болмаған көңілділік бар. Магазиннен жап-жаңа аппақ ақ жейде сатып әкелген екен. Онысының орауын жазды да «қане көріңдерші, қалай екен» деген адамша кереуетінің үстіне жарқыратып жайып тастады.

Және бір сұр шұбар галстук сатып әкеліпті.|Ақ көйлектің үстіне оны да шұбалта тастап қойды.

Жолдастары Сәрсебекке назар тіге қарасып:

— Сәкенді қара, ақ жейде сатып әкепті.

— Галстук сатып әкепті.

— Ой, сен ақ жейде әкелмеймін деуші едің ғой?

— Мынау бір жаңалық екен! — деген тәрізді сөздер aйтылып жатты.

Иә, Сәрсебекте әлгіндей оғаш мінездердің бір екені рас. «Өмірге жарасымы жоқ, кіршең» деп, ол ақ көйлек атаулыны ұнатпайтын. Галстукты түкке қажетсіз артық әурешілік деп қарайтын. Басқалардан бір бөлек томаға-тұйық жүріп тұратын. Жаңа жыл түгіл он мереке қабатынан келсе де бүйірі қызбайтын, сәнденіп бой түзеуді еш елемейтін. Қандай той -томалақ, кештерге де күнделік үйреншікті киімімен бара беретін.

Институтта бірге оқыған үш жылдың ішінде жолдастары Сәрсебектің бір қызбен көңіл қосуға талаптанбақ түгіл қиырдан көз салып, қырындамақ болған ниетін де байқаған емес-ті..

Қашанда қоңыр жүріп, қоңыр тұратын, оқудан өзге ештемені білмейтін осы Сәрсебек енді міне, аяқ астынан құбылып шыға келіпті. Бұрынғы көзқарастарынан айнып, ақ жейде, галстук сатып әкеліп отыр. Енді жігіттерден үтік сұрап тұр. Жыл бойы үтік тиіп көрмеген қоңыр костюмге істемегені қалмады. Әуелі есік алдына ауаға алып шығып, жарты сағат бойына щеткалап тазалады. Одан соң сабынды суға ақ шүберекті малғыштап отырып, әуелі шалбарын, одан соң педжагын мипаздап өтектеуге кірісті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мен - ұлттық бояуы сіңген елімнің перзентімін

Қызық... Бұл жолы жан дүниемді белгісіз ойлар арбап, жүрегімнің дүрсілі әлденені сезгендей ме? Бұрындары ойыма келген әр нәрсені ақ қағазға түсірудің өзі мен үшін бір ләззат болса, ал бүгінгі сезім одан да күштірек, одан да беймәлім болады- ау. Кеудемдегі жүрек дүрсіліне құлақ салсам «жаза түс және тағы жаз» дегендей үн қататын секілді. Осы үнмен жалғасқан ойды мына параққа түсірмесем сірә, мұным тағы әбестікке жатар.
Сайын даланың атырабында, ақша бұлттың арманында, жазиралы асқар ала таудың бауырында, тұғыры биік , талғамы таза, тарихы тереңде жатқан дархан халқымның даласы қашанда әр перзентіне аналық рух берері хақ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық валюта мәні және қызметі

Кіріспе
Төл теңгеміз мыңдаған адамдардың, түрлі мамандық иелерінің ерен еңбегінің нәтижесінде дүниеге келді.
Ұлттық валютамыз Қазақстан мен Ресейдің қаржы жүйесінің арасындағы байланыстың үзілу жағдайында енгізілгені белгілі. Алтайда оған әзірлі экономикалық және қаржылық дербестікке ұмтылу нышандары алғаш байқалған 1992 жылдың наурыз айында нақты басталды.
Ақша жасап шығарумен айналысатын әлемдік деңгейдегі өндірістермен келіссөздер жүргізіле бастады. Ең алғаш ұлттық банк еуропалық «Делару» фирмасымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай – ақ Американың, Жапонияның және Қытайдың ақша жасаушылары да өз қызметін ұсынды. Маңызды тапсырысты орындауда сенім артуға болатын компаниялардың ішінде Англияның «Харрисон» фирмасына назар аударылды. Ұзақ мерзімге созылған келіссөздер нәтижесінде осы «Харрисон» фирмасына таңдау жасау ұйғарылды.
Ақшаның алғашқы нұсқалары АҚШ долларына тым ұқсас болды. Екіншісі – ешқандай портретсіз, тек ұлттық оюлармен безендірілді. Ал үшінші нұсқада адам бейнелері мен ұлттық ою - өрнек көрінісі алды. Түбегейлі таңдау төртінші нұсқаға түсті. Ол еуропалық купюралар негізінде жасалғанымен, қазақтың үлтық ерекшеліктерін айқын танытып тұрды. Банкноттар жеті номиналдарға ие болу керек деген шешім қабылданды. Ендігі кезекте тұңғыш қазақ теңгесіндей бейнелеуге тұрарлық тарихи тұлғаларды таңдаудың қиын ісі тұрды. Сонымен арнайы жұмыс тобы бұл істі сан сараптан өткізіп, ұлттық валютада Абылай хан, Әбілқайыр, Абай, Шоқан, Құрманғазы, Сүйінбай мен Әл – Фараби бейнелерін салу туралы шешім қабылданды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстан халқының ұлттық құрамы

Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 100 астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері тұрады. Әрбір халықтың өмір салты әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдылары жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда жергілікті ұлт қазақтардан басқа орыс, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, ұйғырлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Қазақтардың көпшілігі республиканың мал шаруашылығы дамыған оңтүстік пен батыс аудандарында қоныстанған. Әрбір ұлт өзінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалу үшін өз жерінде үлесі 65 пайыздан жоғары болуы керек. 1897 жылы Қазақстандағы халықтың 80 пайыздан астамы қазақтар болса, ал 60 жылдары бұл көрсеткіш 32 пайызға кеміген. Мысалы, 1997 жылғы деректер бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі 51 пайыз болып отыр. Қазақтардың ең көп қоныстанған жері Қызылорда облысы, онда облыстағы халықтың 93 пайызы қазақтар болып табылады. Атырау облысында – 84, Ақтөбе мен Оңтүстік Қазақстан облысында 60 пайыздан асады, ал қазақтардың ең аз қоныстанған жері – Қостанай және Павлодар.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi.
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. ....
Рефераттар
Толық
0 0