Шығарма: Ұлттық патриотизм!

Еліміздің тұтастығын, оның тынышытығын,
яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да
болсын ішкі және сыртқы күштерден сақтау
міндетінің өзі жастарымызды патриоттық
рухта тәрбиелеуді жүктейді
Н.Ә.Назарбаев

Патриотизмнің негізгі элементтерінің бірі – рух не болмаса ұлттық патриотизм.
Патриотизм әр пенденің өз Еліне, халқына деген сүйспеншілікке негізделеді. Патриотизм
өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына
тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Әрбір патриот өз отанын қорғауға, халқы
мен отбасына тіреу болуға міндетті.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Ұлттық ойындар туралы түсінік Ойын ережесі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар туралы түсінік. Ойын ережесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
Сабақ мақсаттары: Ойын ережесін құрамыз. Сөз мағыналарын ажыратуды үйренеміз.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Әубәкір Сұлтанбекұлының естелігі


Жаңылмасам, шілденің 10-ы күні Албанның мен деген адамын ақжелке пристав Подборков Қарқарада алдына шақырды. Барлығымыз 20-дай кісіміз. Шақырғанда айтқаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен сарт-ноғайдан, саудагерден 50-дей қара жоғалды. Осының бәрін ұрлап жатқан - қазақ. Болыс-болысқа бөліп алып төлейсіңдер», — деді. «Қарқара қазақ жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ. Төлемейміз», — дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристав тақтай тепкілесе де біз қасарысып отырып алыстық. Пристав бастығын Жәмеңке, Ұзақ қылып 21 кісіні абақтыға қамады. «Түбі осы малды төлемесеңдер сендерді өлтіретін ыңғайы бар», — деп приставты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққанымыздан «төлейік» деп уәде қып босанып, 30000 теңгені Албаннан алып бердік.

Ақшаны алып болған соң, ақжелке жігіт сұрады. Біз оны «көп біледіге» сүйеп жүріп кетістік.

Онда Албан екі учаскеге қарайтын. Тараншылармен қосып тоғыз болыс елді Қалжат приставы сұрайды. 5 болыс елді Нарынқол приставы сұрайды. Нарынқол приставы бізді Қырғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды.Пристав: «Кісі бересіңдер ме, жоқ па?» — деп сұрақ қылды. Біз «жеке мұндай ауыр жұмысты ашып айта алмаймыз. Біраз күн мәулет бер, біз көппен ақылдасып, жауап берелік», — дестік. Пристав бізге біраз күн мәулет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды және сол жерде пристав соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң жанымыздан 1000 сом ақша жинап бердік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Махамбетәлиева Зере | Ұлтыңды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле


Қыз баланың тәрбиесі-халықтың қымбат байлығы. Иә, қыздың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі деген тағы бар.Өткенге көз жүгіртсек,қыз баласы қашан да инабаттылығымен,әдептілігімен,өзіндік ұяңдығымен дараланған.Жалпақ тілмен айтқанда,тал бойында бір мін жоқ,кіршіксіз таза жандар.Үлбіреген үкісі,сәнді сәукелесі,өрілген қос бұрымы,сыңғырлаған шолпысы,тобықтан төмен түскен қарапайым көйлегі қандай десеңші!!!Иә, көрсең көз тоймайтын ерекше тылсым күштің иелері бұлар!Бірақ,қазіргі қыздарға қарасаң бұрынғының иісі де сезілмейді.Құндылығын жойған қазақ қызын көргенде бармақ тістеп,іштей күйінесің.Заман өзгерді екен деп,өткенді ұмыту үлкен қылмыс.Ұрпағымыздың ұсақталғаны осы шығар сірә!Кезіндегі сүбелі сөздерін сүйегіне қондырып,әуезді әнімен әлдилене білген жандардың,бүгінгі заманының қырат-қырат белестерінен тұжырым түйістіре алмайтын жастарымыз.Жібі түзу,басынан сөз асырмайтын,сөйлеген сөзі мірдің оғындай,өрісі кең батыр аналарымыздың қу сирақ,сөзі түйеден түскендей,тас жүрек ұрпағымыз.Алтын қолымен игі жақсы іс қылатын жандардың,өз қолын өздері жаман іске апаратын әпербақандарымыз.Табиғи сұлулығымен дараланған қыздардың,өз жүздерін өздері солдырып,бетіне 5 тонна далабын жағатын сылқымдарымыз.Күндіз-түні ас үйден шықпайтын ханшайымдардың,күндіз қыдырудан қолы тимей,түнде түнгі клубтың төрінен табылатын жарғанаттарымыз.Әркез жаулығымен оранып,шашын ердің көзіне түсірмейтін ардақтыларымыздың,орамалды жұма мен оразада әрең тағатын имансыздарымыз.Қос бұрымын құлпыртып өретін аруларымыздың,шашын жаймаса жүре алмайтын ауруларымыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,кезіндегі қазақ қыздарының тырнағына да татымайтын,ұлы дана халқымыздың ұсақталып бара жатқан бөлшегі сындымыз......
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жануарлар қалай үндейді

Бірінші бала — Марат, сен тышқанның қалай дыбыстайтынын білесің бе?
Марат:— Шиық-шиық...
Бірінші бала:— Шібилер қайтеді?
Марат:— Қыт-қыт...
Бірінші бала:— Жарайды, жігіт екенсің. Ал енді иттің қалай үретінін айтып көрші.
Марат:— Үреді, ырылдайды, арсылдайды.
Бірінші бала:—Солай ма екен, сен сиыр мен қойдың қалай дыбыстайтынын айтшы?
Марат:— Сиыр — шиық-шиың..., қой — шиық-шиық етеді.
Бірінші бала:— Олай болса, сен білмейді екенсің. Жануарлардың бәрі бірдей шиқылдай бере ме екен?
Марат:— Ендеше, мына балалардан сұрайық. Жануарлардың дыбысын кім жақсы біліп, дұрыс айтатын болса, соны мал дәрігері қояйы.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш, .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ МАЗМҰНЫ

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Хан талапай

Хан талапай - қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекшені хан деп тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Хан кімде болады, сол жеңімпаз аталады. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ұлттық экономика және оның қызметтерінің деңгейі

Кіріспе
Менің таңдап алған курстық жұмысымның тақырыбы «Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі».
Мен осы тақырыпта курстық жұмысты жаза отырып, өзімнің мамандығымның қыр-сырын ашық түрде түсімнемін, яғни бұл курстық жұмыс маған жалпы «ұлттық экономика» және «ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі» туралы кеңінен түсіндіретін мағлұмат береді деп ойлаймын.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде «ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі» алғашқы орынды алатыны сөзсіз. Жалпы, ұлттық экономика кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық эконмиканың қызмет ету деңгейі – яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.
Экономикалық теорияда шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әрі қилылық мына жайлармен байланысты:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҰЛТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ АЛАШ МҮДДЕСІ

Құрметті конференция қонақтары!
Қадірлі отандастар!
Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз......
Рефераттар
Толық
0 0