Курстық жұмыс: География | Африка елдерінің орталық езгіге қарсы ұлт азаттық күресі

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезіндегі ұлы империя үлестік мемлекетте отарлады жаулап алу системасын қарқынды түрде жедел қарқынмен өрбітті, соның нәтижесінде олардың қалтасына келіп құйылып жатқан олжалардың санында есеп жоқ болатын. Есесіне олар Африкада отарларын барған сайын қанап, халықты езгінің астына алды. Қулығына найза болаттың ұлы супердержава стстусындағы Англияның осы сөз қылған даьалар ішінде әлемдегі отарлар басқарудың ең негізгі құралына айналды. Англиядан басқа кәрі құрлықтың ең тырнақ алды мемлекеттері осы кезеңде отарлар иемденуді тым қарқындатқаны соншалықты, әлем картасының 70 – 80% өз пайдаларына шегініп үлгерді. Осы аталған уақыт шеңберінде Англия сияқты ірі держава Африкғадағы елдерде өзінің байырғы қарсыластары Германия, Испания, Португалиядан өң бойы озып, қара құрлықтағы 50 – ге жуық мемлекеттерді өзінің бауырына басып үлгерді. Осылайша Африка құрлығының барлық мемлекеттері Европаның державаларына жемдік болуларына тура келген еді.
Жұмыстың өзектілігі:
Біз сөз қозғап отырған жұмыс негізінен, өте күрделі, әрі көп ізденістер мен еңбектерді талап ететіні сөзсіз. Тақырып өзеге болып табылатын қырлар баса назар аударып айтар болсбақ әрине көп – ақ. Соның ішінде ревалюцияның қалайша тез арада бүкіл халықтық сипат алып, кең жайылуы, сонымен қатар алма – кезек орын алып отырған толқулардың ерекшеліктері және олрадың жетістіктері мен нәтижелері толық айтуымызға болады. Жұмыстың зерттелу тарихы әлемнің ең ерекше құрлығы сонымен африкадағы орталық езгіге қарсы ұлт – азаттық күрестер ғалымын не болмаса назарын өзіне аудармай қоймайды. Бұл жұмыс өте қызық. Ал енді осы қызықтың соңына түсіп, оны жаңа үлгілермен толықтыру ісінде көптеген ғалымдардың есімдегі тілге тиек етіп, атап шығуымызға болад ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: «Ұлтын ұлықтаған ұлтжанды азамат»

Ұлтының жүгін ауырсынбай арқалаған, аумалы төкпелі заманда қазағының сөзін сөйлеп, жанынан табылуы, озбыр саясаттың бүкір пейілін, ішкі арам ниетін көрегендікпен танып, бұқпантайламай өз ойын , өз шындығын халық қамы үшін ашық айтқан Алаш көсемі А.Байтұрсыновтың тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек. 1873 жылы дүние есігін ашқан Шошақтың немересі – Ахмет кеңестік жендеттердің қанды шеңгеліне арандап бақиға аттанғанға дейінгі 64 жылдың саналы ғұмырында өлшеусіз еңбек, ғасырлар бойы зерттелсе де түгесілмейтін мол мұра қалдырды. Азаматтық үні, қайраткерлік өнегесі, пендешіліктен биік тұрған өресі, қаптаған қара ниетті жауларына білімімен, көрегендігімен, алғарлығымен қарсы тұрып, есе жібермей, өркөкірек өзімшілдерге,......
Шығармалар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Сақа

Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қуалап соқ

Қуалап соқ — ұлттық ойын.

Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.

Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.

Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені.

Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.

Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш саяси партиясының құрылуы мен оның маңызына баға беріп, алғашқы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызын талдау. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ұлттық өрнекті пайдалана отырып аналар комзолын әшекейлеу

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттық бұйымдар (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Ұлттық бұйымдар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1. жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
4.3.Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.4.3.1. өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы мәтінді әңгімелеп,тыныс белгілерді қояды
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі оқиға желісін сызба бойынша мазмұндайды, тыныс белгілерді орынды қолданады
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің мазмұнын мазмұндайды, сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0