Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры XIX ғасырдың 90 –шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа творчестволық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мазмұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Ә.Бөкейханов 1913 жылдың ақпанынан бастап Орынбордан шыға бастаған «Қазақтың» негізін қалап, бағыт-бағдарын анықтаушылардың бірі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ газеттің ыстығына күйіп, суығына тоңған ең белсенді және өндірімді авторлардың қатарында болды. Ал, «Қазақ» болса 1913-1918 жылдар аралығында ең алдымен белгілі үштік, яғни А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов және М.Дулатовтардың табан ет, маңдай тер еңбегінің арқасында жалпыұлттық басылым деңгейіне көтерілуімен бірге, ұлт-азаттық қозғалыстың баспа үніне де айналған еді. Тура осы мезгілде ол қазақ қоғамында отарлық және феодалдық езгіге қарсы күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті......
Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. 1. Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. .....
Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны.
Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.
Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім? «Інген»: — «Ақ байпақ». Ойыншы:— Нең жоқ? «Інген»: — «Ботам» жоқ. Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр. .....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....