Сабақ жоспары (ұмж): Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Сабақ тақырыбы: Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.6 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;
10.3.4.7 мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Ұлттық идея қалыптасуының рухани әлеуметтік негіздері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Бес тас

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат бес асық немесе кішірек бес домалаң тас.

Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.

Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Әңгіме: Ұлттық құндылық ұлт болмысы


Бізге өткен тарихты білу, болашаққа бастайтын бір жол. Адамзат өмірінде тәрбиесіз алған білім ешқашан пайда әкелмейтіні белгілі. Қазіргі уақытта білім көзін іздеу үшін жастарымыз шет елдерге ағылып жатыр. Қанша жас өз ұлтына пайдасын тигізу үшін алға ұмтылуда! Алайда өзіміздің «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ» алыстап бара жатқаны өкінішті. Біз жастар өз еліміздің патриоты ретінде тарихи орындарымызды білуіміз қажет. Ұлттық құндылық дегеніміз ұлттың бір ортада, бір мүддеде жұмыс жасауы.

Ұлттық тәрбиесінің мақсаты — жастарды ауызбіршілікке шақыру, қазақ тілі мен тарихын, ұлттық рух пен патриотизмді ұлықтау.

Ұлттық тәрбиенің міндеті — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Соның ішінде Оңтүстік шахарының тарихи, аңызболған орындарына тоқталуды жөн көрдім.


Өткен тарихты білу — болашаққа бастар жол. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлттар достастығы – ел болашағы (5 сынып, IV тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттар достастығы – ел болашағы
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
Сабақтың мақсаты: - Барлық оқушылар сөздікпен жұмыс жасап, сұрақтар құрастырады және жауап береді
- Оқушылардық көбі сөздік қорының жеткілікті деңгейде екенін дәлелдеп, тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, жауап береді
- Қабілеті жоғары оқушылар сөздік қорының жоғары екенін көрсете алады, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, жауаптарын ұтымды ойларымен байланыстыра біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры ұлттық құндылықтар


Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!-деп Елбасымыз айтқандай еліме азда болса үлесімді қосуға, бар күшімді салып еңбек ету менің басты мақсатым болмақ.

Міне, Қазақстан тәуелсіз ел болғанына биыл 25 жыл болып отыр. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыз да, жақсылығымыз да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы - Қазақстан. Біз бақытты да ынтымағы мен татулығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатырмыз. Ата-бабамыз ғасырлыр бойы аңсап келген Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанында бастау алады. Қол жеткізген тәуелсіздік қолызмызға оңай түскен жоқ. Еліміздің басынан небір қиыншылықтар, сұрпайы соғыстыр өтті. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар мен қарапайым халықтар өз жандарын пида етті. Қазіргі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылыуда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді. Еліміздің тыныштығы мен қауыпсіздігі біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясытының арқасы деп білемін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0