Сауат ашудан сабақ жоспары: №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №124 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Назарбаев "Нұр Отанға" шерулету мен жасандылықтың қажеті жоқ екенін ескертті

Елбасы, партия төрағасы «Үгіт-насихат жұмыстары және логистика тобының», «Ұйымдастыру жұмыстары тобының» және «Ақпараттық-сараптамалық топтың» қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Шамхан мен Сұлтанхан

Өткен заманда Ыбырайым деген бір пайғамбардың түні бойы тісі ауырыпты. Тісінің ауруына шыдамай ол түрегеп жүріп, әйеліне:

— Менің тісім қатты ауырды, сен бір әңгіме айтшы, тісімнің ауырғаны қояр ма екен, – депті. Әйелі: «Менің әңгімем сіздің ауруыңызды қойғызарлық қандай қызықты болар дейсің, одан да осында көп жасаған қарт Сұлтанхан деген кісі бар, сол кісіні шақырып берейін. Сізге әңгіме айтып берсін», – депті де Сұлтанханды шақырыпты. Сұлтанхан келген соң, Ыбырайым: «Бір әңгіме айтшы, менің тісімнің ауырғаны басылар ма екен», – дейді. «Тақсыр, есіткенімді айтайын ба, жоқ көргенімді айтайын ба?» – дейді Сұлтанхан. «Естігеннің бірі рас болса, бірі бекер болады, одан да көзбен көргенді айт!» – дейді Ыбырайым.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Ат үстіндегі тартыс

"«Ат үстіндегі тартыс»" ойынын жүргізу үшін 20-30 шаршы метр алаң әзірленеді. Осы әзірленген алаң ортасына ойынға қатынасушы 3-5 жаяу мен бір атты шығады. Жаяу ойыншылардың мақсаты — аттыны жаяулату. Атты жаяулардан қашады. Ойынның шарты бойынша, жаяулардан қашқан аттының белгіленген алаңның сыртына шығып кетуіне болмайды. Ойын жүргізуші жаяуларға аттының атына тиіспей, өзін аударып тастау үшін 10-15 минут уақыт белгілейді. Осы уақыт ішінде аттыны құлата алмаса, жаяулардың келесі тобы шығады .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Реферат: Биология | АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ



Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.

Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.

Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0