Жануарлар дүниесімен байланысты тағы бір ойын — «Көк сиыр» ойыны. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды.
Ойын көгалды алаңда ойналады. Көгалға жиналған ойнаушылар бір сызықтың бойына малдастарын құрып отырады. Осы кезде, ойын жүргізушінің өзі «Көк сиыр» болып ойнаушылардың ортасына келіп: «Бұзауымды жоғалтып алдым, көргендерің бар ма»,— дейді. Ойнаушылар барлығы бір дауыспен: «Ит-құс жеп кеткен, сен адамға зиянкессің, сүзесің, бізден әрі кет»,— дейді. «Көк сиыр» кетіп қалады да, тағы бір айналып келеді. Ештеңе көрмеген, білмегенсіп, мүләйімсіп, мүсәпір болып, «Мені құшақтайтын адам жоқ, киім тігетін инем жоқ»,— деп шағым ете бастайды. Сонымен ойнаушылар бұзаудың қайда екенін біле тұра айтпайды да, әркім өзінше садақаларын береді. Содан «көк сиыр» тапқан табысын жинап алып, бұзауын таба алмай кете барады. Артынан ізінше, қатардың артында көрінбей отырған «Көк сиырдың» «бұзауын» жібереді. «Көк сиыр», «бұзауын» келген беттен, «Мен іздегенде қайда болдың?»— деп ашуға басып, қуып жібереді. «Бұзау» баяғы өзінің кеткен жағына қайта келеді. Ойнаушылардың барлығы қайтадан өз орындарына жайғасып отырғаннан соң «Көк сиыр» бағанағы жинап алған заттарын бір-бірлеп шығара отырып, иесін ортаға шақырып, көпшіліктің ұйғаруымен, болмаса өзінің айтуы бойынша, оған өнер көрсеткізеді. Осылайша барлық ойнаушылар ортаға шығып өнер көрсетіп біткеннен кейін, «Көк сиыр» мен «бұзау» өздерінің рөльдерін көңілі ұнатқан ойнаушыларға береді. Сөйтіп ойын әрі қарай жалғаса беред .....
Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.......
1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы 1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
«Патриот - Отанға қызмет етуші адам,ал Отан дегеніміз,ең алдымен, халық». Бұл кемелді пікірді данқты бабамыз,ел қорғаны Бауыржан Момышұлы айтқан екен. Шынымен де,Отанға қызмет ету,оны сүйіп,ардақтау Қазақстан Республикасында туған әр азаматтың ел алдындағы парызы мен азаматтығының белгісі. Қазіргі таңда біз ата-салтымызды,рухани құндылық пен сан ғасырлық тарихымызды сақтап қалған кемелді,зайырлы мемлекетпіз.Тұғыры биік тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен кейін,осы аз ғана жиырма жылдың ішінде еңсемізді тік көтеріп,мемлекеттігімізді мақтан тұтып,тарих сахнасына беделді қазақ халқын таныттық.......