Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді

Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кәсіби тіл | Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік

Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді.
Декларацияда Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді қабылдамайтыны туралы Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н. Назарбаев ашық мәлімдеме жасаған болатын.
Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін және оған әсер ететін әр түрлі
факторлардың ықпалын теориялық тұрғыдан қарастырып кеткім келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Домалақ ағаш

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлт ойындарының бірі — «Домалақ ағаш» ойыны. Бұл «Қазан» ойынының бір түрі. «Домалақ ағаш» ойынын қыста мұз үстінде, ал жазда тақыр алаңда ойнауға болады. Ойынға қатынасушылардың әрқайсысының басы қайқы қақпа таяғы мен ағаштан істелген домалақ шары болуы керек.

Ойынға қатынасушылар ортадан шеңбер сызып, бір «қазан» қазады. Ойнаушылардың саны көп болса, шеңбер соғұрлым үлкен болады. Шеңбердің бойымен қатарласа тұрып, арасы бір-бірі адымдай жерден, яғни әрқайсысы өзінің алдынан «қазан» қазып алады, домалақ ағашын соған алып қояды. Шеңбердің ортасында бір ойыншы бос «қазанды» күзетіп тұрады, яғни басқа шеңбер бойында түрған ойыншылардың әрқайсысы өзінің шарын ортадағы бос «қазанға» түсіру; ал ортадағы бос «қазанды» қорып тұрған ойыншы басқалардың домалақ ағаштарын өзі қорып тұрған «қазанға» түсірмеуге тырысады. Егер ортадағы «қазанға» домалақ ағашын кім түсіріп алса, сол адаммен орындарынауыстырады. Ойын жалғаса береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Баяндама: Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды ұлттық өнерге үйрету

Халқымыздың дәстүрлі мұрасы болып табылатын қол өнері мен сәулет өнері,
оның тұрмыс-салт, наным –сенімдермен ырым-жоралармен, ауыз
әдебиетіндегі тұрақты ұғымдармен байланысы оқушылардың білімі мен
түсінік қорын молайтады. Әрі олардың дүниетанымын қалыптасырудағы
педогогикалық мүмкіндіктерді .......
Баяндамалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Бұлт)

Тұрады бұлттар тұлданып,
Бір туғандай соғыспен,
Сол бұлттай түсі сұрланып,
Зулайды тынбай оқ үстен.
Жинаған жұртты намазға
Қаралы сол бір қағазға?
Түсе ме әлде ажал боп
Маңдайы күндей......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұлттық тағамдардың емдік қасиеті

Қазақ халқының ұлттық тағамдары пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай, сонымен бірге көптеген ауру түрлеріне де ем. Тағамдардың емдік қасиеті жөніндегі ұғым медицинада пайда болмай тұрып-ақ ата-бабаларымыз қымыз, шұбат ішіп көптеген дерттің алдын алған.

Шұбат

Түйе сүтінен әзірленетін бұл сусын биологиялық құрамы бойынша құнарлы және дәмді азық қана емес, В, В1, В2, С дәрумендерінің де қайнар көзі. Шұбат өзіндегі В1, В2 дәрумендері бойынша сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың бір литрі адам ағзасында С дәруменіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыра алады. Шұбат – сиыр сүтіне қарағанда май, ақуыз, минералды заттарға және дәрумендерге өте бай. Емдік қасиеті де күшті. Ол қант диабеті, асқазан жарасы, диарея, бауыр, аллергия тәрізді аурулардан айықтырады.......
Кеңестер
Толық
0 0