Бір адам көп жасады жер бетінде, Мекендеп жақсы жайды ел шетінде. Зорлықшыл, арам ойлы, ұры болды, Құралған арамдықтан дәулеті де. Нашарды зар жылатқан.....
Мәжiлiс депутаттарының сот сараптамасы орталығының қызметкерлерiмен өткен кездесуде Бекболат Тiлеухан дiни радикализм, дәстүрлi тәрбие, ұлттық бiрлiкке төнетiн қауiптер туралы пiкiрiмен бөлiстi, деп хабарлайды baq.kz.
Көп уақыт жаңбыр көрмей, қурап, күйіп, Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық, Шөлдеген сол қатарда жан - жануар Аузына тұра алмаған тілі сыйып. Айналған Сарыарқамен.....
Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаңқа лаңтырады.
Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.....
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Ориа Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. әсіресе Қазақстанда отаралау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХIХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында 941 жаңадан қоныстанған посекелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс поселкелерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға 0,21 десятина ғана жер келді. Ешқандай жері жоқ қазақ қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 пайызына астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс украин қоныстну-шылырының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймқтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік имперлиастік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол пташа чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына , ірі қара малдың азаюына әкеоіп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдарлағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістанның майдандағы әскерінің қажеті үшін 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күшпен алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, бай құлақ шаруашылықтарына жаодап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде щенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым слық жинауы өсті. Бұл кезде әр түрлі салықтардың 10-тарта түрі болды. 1916 жылы 3 миллирд сомға жаңа мемлекеттік заемға жазылу науқаны жүргізілді, ол да қазақ халқының мойнына ауыр салмақ болып түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен байланысты қазақ халқын тағы бір ауыртпалық әскери салық салды. Оның әр түтінге көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді.....
Шұғыласынан нұр шашып, өз жылуымен жыл басы Наурыз да келді. Қос етек көйлектері желбіреп, үкілері үлбіреп, шашбаулары сылдырап, басқан іздері білінбей, белдерін қынай байлап, қазақ киімін киген менің сыныптастарым Наурыз мерекесіне дайындалуда. Қарағанда көз тоятын мұндай әдемі ұлттық киімге бай сән өнері, күмбірлеген күй өнері, әуелеген ән өнері, таң қалдырған би өнері, ұлттық спорт, тағылымға толы ұлттық салт-дәстүр – бәрі менің ұлтымның тамырын тереңге жайған текті халық екендігінің дәлеліндей. Мен өзімнің қазақ болып жаралғаныма шын бақыттымын. Басынан «ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» өткеріп, жетпіс жылдың үстінде қызыл империяның құрамында болған біздің елімізге, ұлттық құндылықтарымызға ......