Ұлттық ойын: Көтермек

Көтермек- қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Балалар шеңберге тұрады. Өз ерігімен сайысам дегендер екі бала ортаға шығады, бір-біріне құрамалар бойынша қарама-қарсы тұрады және қарсыласты өзінің арқасына көтеріп алуға тырысады. Ойын күшті дамытады.Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

2017 жылы енгізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болады?

Бүгiн Үкiмет отырысынан кейiн өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүйесiнде қандай өзгерiстер болатынын мәлiм еттi.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс (жоба): Діни терроризм мен экстремизмнің психологиялық негіздері

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде  «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.   Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес  жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді. Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың ұлттық ойындары (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.
6.4.5.1.- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаттары:
Қазақ халқының ұлттық ойындары тақырыбы бойынша түсінік ала отырып, тыңдалым материалдары арқылы негізгі ойды анықтай отырып, орфографиялық норманы сақтап, жазба жұмыстарында сөзддердің орын тәртібін сақтап, жай сөйлемдер құрастырып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сценарий: Жігіт сұлтаны (7-9 сынып)

7-9 сыныптар арасындағы «Мичурин орта мектеп директорының» кубогына өткізілетін мектепаралық
«Жігіт сұлтаны» байқауының СЦЕНАРИЙІ


Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0