Тақырыбы. Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері. Негізгі екі бөлімнен тұрады: І. Жалпы ұлттық өнім, қор және ағын. ІІ. ЖҰӨ есептеу әдістері және дефляторы. Мақсаты: 1. ЖҰӨ туралы жалпы түсінігін 2. Аралық өнім және қосымша қосылған құнын 3. ЖҰӨ есептеу әдістерін 4. ЖҰӨ дефляторын Қарастыра отырып тақырыпты толық ашып, бір бірімен байланысын көрсету. Осыған сәйкес міндеті. Аталған тақырыпшалардың әрқайсысына жеке тоқталып, ашатындай толық түсіндіру. Ол үшін Қазақстандағы жалпы ұлттық өнімін есептеу әдістерін түсініп, біздің экономикада қалай реттеу керектігін білу қажет. ....
Біздің Қазақ тарихымызда көптеген тарихи оқиғалар болып тұрса да өткенімізді ұмытпау болып табылады. Ұлттық инттелегенттеріміз турасында ол интелегенция өкілдерінің қалыптасу тарихы жаңаша интелегенция деп ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап Ресей құрамына кіріп біткенен кейін одан алдында білім іздеп елін қараңғы заманна жарық заманға жиелеу мақсатында Білім іздеп ілімді білімді елге жетуге үгіттеген насихаттары текке кетпеді деуге болады. Олар келешек ұрпаққа жол сілтеп заман талабына көпке самғауға, білім мен бірлік керектігін айтып кетсе солар салған ізді жалғастырып елдерді бірлік құшағына шақырып кетті деуге тұрады. Қазақтарға діни сауатқана емес онымен қоса Дүниауи сауаттылық та керек есеп жаратылыс тану барша барлық білімді үйрену керектігі туралы талап армандары арқылы келешек үмітінде кетті деуге болады.....
Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген. Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану. Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады. Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады: - мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады; - макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру; - экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау; - ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi; - статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану. Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген: Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.....
Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту - ата-ана тәрбиесінің әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен мақұрым болатын. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары», деген мақал осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. «Шежіреші» деген даңқты атаққа ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың «жетпіс жеті атасын тарататын» жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынаы өткен ірі оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, қазақ шежірелері 7-ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, іағы басқа жамау-жасқаулар да бар ....
Менің жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы мәселелер өзіндік ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр деуге болады. Оны мынадан аңғаруға болар еді, яғни бүгінгі күнгі ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі тек Қазақстанға тән проблема ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдік қауымдастыққа мүше елдердің үлкен де өзекті ірі мәселесіне айналып отыр. Мәселен, ұлттық қауіпсіздігін қорғау мәселесі шын мәнінде қазір тәуелсіз мемлекеттердің дербес қорғаныс саласы болып қалыптаса бастағаны да белгілі. Сондықтанда біздің елімізде ұлттық қауіпсіздігін қорғау және оны құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұлттық қауіпсіздігін қорғаудағы басты мақсаты мен қағидалары еліміздің тәуелсіздігін нығайтып барлық даулы мәселелерді бейбіт жолдармен шешу, басқа елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді болдырмау және күш қолданудан немесе қандай да бір нысанда болсын күш колдану қаупінен тартыну, сондай-ақ қандай да бір іс-қимыл қолданбайтындыққа негізделген. Осы тұрғыда Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап еліміздің екінші тарапқа қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіретін қандай да бір үшінші тараппен шарт немесе келісім жасасудан бас тартатынын мәлімдеді. Декларацияда Қазақстанның сепаратизмді және діни фундаментализмді қабылдамайтыны туралы Қазақстан Рсспубликасының Президенті Н. Назарбаев ашық мәлімдеме жасаған болатын. Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйін және оған әсер ететін әр түрлі факторлардың ықпалын теориялық тұрғыдан қарастырып кеткім келеді. ....
КІРІСПЕ Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықарылық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүниежүзілік рыноктың қалыптасуы-мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жанандануымен сипатталады. Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын туындыратын әдістер құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлттаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады. Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсуімен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып соның ішінде өзекті саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы еліміз үшін маңызды.....
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ – барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың ролі мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқру құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды,оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және несиелік жүйесін басқару болып табылады. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттың банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктер орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды. Тәжірибеде жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.....
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резерфтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: Жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары. Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар қор қаражаттарының қалыптасуымен пайдаланылуының қолданылып жүрген тетігі ағымдары экономиканың жағдайын тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарының әлемдік бағамын конъюнгтурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімде жоспарлауға көшцге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану дүниежүзілік және әшкә товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады. ....
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi. Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады. Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда. Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды. Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етудi көздейдi. ....