Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді......
Атқаума. Бір топ бала алаңға немесе дене шынықтыру залына жиналады да, ортаға екі бала шығады. Бірінші бала өзінің сол қолымен оң қолының білегінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай істейді. Бұдан соң екі бала бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстап, айқасқан 4 қолдың басынан «орындық» жасайды да, соған үшінші баланы аяғын салбыратып отырғызады.
Атқаума, атқаума, Арқар атқан қай тауда?
— деп оны көтеріп алып жүреді де, бір жұмсақтау жер кездескенде:
Атқаума, атқаума, Арқар атқан ақ тау ма? Көк тау ма? Көк тау болса, Көп тау ма?.....
Дипломдық жұмысты орындауға бастапқы ақпараттың үш түрі пайдаланылады. Базалық ақпарат−оған өнім, яғни қуысденелі қабырғалық бетон тасы мен оның сапасын анықтайтын физика-механикалық көрсеткіштер, бетон тасынының үлгілерін сынау әдістері, сынау үлгілерінің нәтижелерін алу, сақтау және тасымалдау туралы ақпараттар жатады. Жетекші және анықтамалық ақпарат- оған тасты сынауға арналған ақпараттар, сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтайтын стандарттар, нормативті құжатты жасау, оны рәсімдеу және нормабақылауын анықтайтын стандарттар және ИСО 9001-04 сериялы халықаралық стандарттары жайлы. ....
Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. 1. Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. .....
Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны.
Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.
Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім? «Інген»: — «Ақ байпақ». Ойыншы:— Нең жоқ? «Інген»: — «Ботам» жоқ. Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр. .....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.
Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.
Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.
Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар Сабақтың тақырыбы: Араб әлеміндегі ең үлкен кітапхана. Ұлттық академиялық кітапхана Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу Сабақтың мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. ....