Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті, еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен рөлін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппа Еңбекті мамандыру мен бөлісу адамдар жұмысының рттағылардың барлығының жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асыры луын қамтамасыз ету. Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандыру, пропорциалдық, параллелдік(қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық. Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін. ....
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді. Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді. Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді. Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді. Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған. Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.....
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттер біріктіреді, бәрінен бұрын – осы өңірді анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау алдымен қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген. Қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер арасында біріккен қаупсіздік кеңістігін құру жолын іске асырудың нақты шараларына көшу қажеттілігі туындап отыр. ....
I Тарау Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары. 1.1Өлкетану тарихы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау. Туған өлке деген атаудың қамтитын территориясы бірыңғай бола бермейді.Кейбір мектеп өз ауылы мен төңірегін, мектеп орналасқан қаланы,не белгілі бір ауданын,енді бір мектеп аудан, тіпті облыс территориясын зерттеуді мақсат етеді. Сондықтан мектептегі өлкетану жүмысын шу бастан дұрыс ұйымдастырып, жүмысты мұқият жоспарлаған дұрыс. Әдетте өлкетану жүмысының жоспары мектептің бүкіл оқу-тәрбие жүмысы жоспарының құрамды бөлігі болып саналады және де көбіне сыныптан, мектептен тыс жүмыстар жоспарымен бірге жасалады. Сондықтан сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде байқағанымыздай бұл жұмысты көбіне тарих, география, әдебиет пөндері мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырады, бұл жұмыс жүргізу үшін қолайлы. Туған өлкенің материалын жинағанда алдымен мектептің оқу-тәрбие жұмысына, тарих және басқа да пәндерді оқытқанда қандай материалдардың қажеттігі ескеріледі және де оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға болатыны анықталады. Осыдан кейін барып тарихи өлкетану жұмысының мақсаты мен міндеттерін белгілеуге болады. Алдымен өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың төмендегідей талаптарға сәйкес келгені дұрыс:....
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. Мен «Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні» тақырыбында жазған диплом жұмысымның негізгі мақсаты қоғамда басқаруды құжатпен қамту қандай болмасын салада, әсіресе өндірістік-шаруашылық жүйесінде, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда құжат және құжат жүйесінің орны мен рөді өте жоғары екенін терең қарастырдым. Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарына тірек болған, ьарша құқықтық негіздер құрылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, қорғау сыртқы саясат ал салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдар, нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Барлық қабылданатын заңдардың басқа да нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі тікелей немесе жанама түрде азаматтарға жеке адамдарға туғаннан бастап қатысты болады. Құжаттандыру өзінің пайда болуынан бастап осы кезге дейін мемлекеттік мекемелерді құжаттық қамтудың нәтижесінде негіздерін атқарып келеді. Құжаттандыру басқаруды қамту қызметтеріндегі ерекше бір сала бастады. Ал құжаттандырудың негізгі яғни іс қағаздарын жүргізу. Іс қағаздарды өздерінің сипаты және маңызы жағынан ерекшеленеді. Мәселен, мемлекеттік маңызы бар құжаттандыруға Қазақстан Республикасының жазба түрінде берілген заңы болып табылады. Қазақстан Республикасының дерективалық шешімдері басқару іс қағаздарының көптеген түрлері бар.....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты. Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі. Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады. Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды. Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. Кәсіпкерлік нысандар көшпелі жағдайда ұдайы өндірістік қатынастарды келесідей жүйелі нәтижелерге әкелетіндей реформалау тұрғысынан қарағанда іс жүзінде шешуші рөл атқарады. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе Ұдайы өндірістік реформалау тұрғысынан маңыздылықты иеленеді. Кәсіпкерліктің өзі нақты нысандарда жүзеге асырылады, солардың ішінде ең пәрменділері - корпорациялар (ірі бизнес деңгейінде), лизинг, франчайзинг, венчурлық бизнес кәсіпкерліктің орта және шағын деңгейлерінде болып табылады. Акционерлік қатынастарды дамыту нәтижесі ретіндегі корпорациялау нақты өндірістік сектор мен қатар қаржылық сектордың белсенділігін арттырады. Бұл өндіріс сатысында (комбинаттар, трестер) және айналыс деңгейінде (банкілік консорциумдар, брокерлік ассоциациялар) бірлескен нысандардың пайда болуына әкеледі. Осының салдары қорпоративтік құрылымдардың (ҚӨТ, ТҰК) қалыптасуы болып табылады. Бұл өз кезегінде солардың тиімділігінің қосымша талдауын талап етеді. Сондықтан, мәселенің негізгі элементтеріне: - біріншіден, кәсіпкерліктің қалыптасуының шаруашылық тетігі, егер оның құрылуы үшін технологиялық негіз болса; - екіншіден, тұрақсыз экономикалық орта жағдайында базалық кәсіпкерлік нысандарының факторлық ерекшеліктері; - үшіншіден, кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәл көрсететін оның оңтайлы нысандарын іздестіру; Кәсіпкерлік қызметінің қандайы болмасын мемлекеттің экономикасы аясынан өзіне тиісті орнын, дәреже-деңгейін тапқаны бүгінде баршаға мәлім. Ал бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлікгің туындап, дамуы жүргізіліп жатқан зкономикалық реформалардың өзегі ретінде көрініс табуда. Өйткені, нарық экономикасына көшудің (өтудің) бірден-бір жолы, бұл кәсіпкерлік құрылымдардың материалдық базасы жекеменшік инвестициялар болып табылуымен қатар, олардың басқару бастауында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын кызметтерге тұлғаның жұмысқа кіруі еркін сипатта болғанымен, басқару қызметі басқарушы органың мүддесіне соған жету жолында жүзеге асыратын функциаларына, әдістеріне және т,б, негізделгендіктен қызмет істеу еріксіз болып табылады. Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.....
Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді. ....
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалыға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады: ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады. Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады. Кәсіпорындарда өндірістік капиталдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Сонымен, айналым қаражатының кәсіпорын өміріндегі рөлі мен маңызын, сондай-ақ капиталды қалыптастыру, айналым қаражатты талдануын және бағалануын алдағы бөлімдерде толық қарастырамыз. ....
Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң он алты жылдық жұмыс тәжiрибесi стратегиялық мақсаттарды нақты айқындаусыз, анық басымдықтарды тұжырымдаусыз елеулi табыстарға қол жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн көрсеттi. Қазiргi уақытта кеден қызметiн Қазақстандық сыртқы сауданы мемлекеттiк реттеудiң нақты жұмыс iстейтiн құралына айналдыру үшiн күш-жiгер жұмсалып жатыр, бұл жаңа басқару жүйесi бар қазiргi заманғы кеден қызметiн құруды, бақылау және пайдаланылып жүрген дәстүрлi кеден рәсiмдерiн жетiлдiру саласында жаңа стратегия әзiрлеудi талап етедi. Бұл талаптардың негiзгi мақсаты фискальдық саясат жүргiзу, сыртқы сауданы реттеу және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында кеден органдарының алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мейлiнше тиiмдi және ұтымды жолдарын iздеу болып табылады. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына тиiмдi жәрдемдесудiң қажеттiлiгi Қазақстандық кеденнiң алдына кеден iсiн дамытуға жаңа тәсiлдердi әзiрлеу мiндетiн қойды. ....
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру, яғни мәліметтер базасын құру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады. Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады. Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды. Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. Мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын ....