«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» себебі, бүлдіршін жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз. Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың атасы. Ол - барлық мамандықтың көшбасшысы. Ұстаз - бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс көп мағыналы сөз деп ойлаймын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаз - өзінің шәкірті білімді, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол шәкірт болып өсуіне қаншама тер төгіп, аянбай еңбек етеді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар мұғалімнің де рөлі де өте зор.
Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкіртіне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғарғы жетістігі болып табылады. Мәлік Ғабдуллин сөздеріне сүйенсек «мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімі де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді деген екен. Әрине әр ұстаз өз ісінің жауаптысы болғандықтан барынша еңбек етеді. Сондықтан да қазіргі таңда еліміздің сан-саналы өміріне белсене араласатын жас ұрпақты тәрбиелеу білім саласында қызмет етіп жүрген ұстаздарға зор міндет жүктеліп отыр. Оның өзіндік себептерін күнбе-күн өмір талабы көрсетіп отыр, яғни тәуелсіз мемлекетіміздің дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдерімен иықтас көріну үшін білімді терең меңгерген, белсенді, қабілетті, ізденген ұстаздар қажет екені мәлім. Осыған байланысты білім беру саласында білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңа оқу жоспарына көшу, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу сияқты жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Кіріспе Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады. Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. ....
«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады. Осы сөздің үдесінен шыққан Қызылорда қаласындағы «Болашақ» оқу орнының ұстаздарының сол кезде, яғни сайыс өткізерде өздерінің оқу орнын педагогикалық мамандықтар бойынша бітіргелі жатқан студенттеріне ендігі жерде жас ұстаз ретінде қарағандығы да сондықтан болса керек. Ұстаздары олардың арасында жас ұстаздардың сайысын өткізеді. Сайыс барысында сайысты ұйымдастырушылар бірнеше сайыскер топтың әрқайсысының өзінің жас ұстаз ретіндегі айтатын әні болу керек деп шешім қабылдайды. Ол бұрыннан белгілі әнге салынып айтылса да болады. Сол кезде осы сайыстың I орнын еншілеген, күні ертең-ақ бастауыштың мұғалімдері болғалы тұрған жас ұстаз қыздардың бір тобы өздерінің жас ұстаз ретіндегі әнін сол сайыста ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Студенттердің қоштасу әні» әнінің әуеніне салып орындаған-ды:
Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге. .....
Нақтылы жазба дерек бойынша, түрік дәуірінде, Ұмай Ана мектебі жұмыстаған. Ұмай Ана мектебіндегі тәрбие туралы Орхон-Енисей ескерткіштері біршама мағлұмат бар. (Ана мектебінің кейбір ұлық ұстаздарының педагогикалық ой-пікірлері Батыс және Шығыс жазба әдебиеттері арқылы бізге жетті) Қазақ мектебінің басы – Ана мектебі. Оның даму тарихы тым тереңде жатыр. Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен. Қазақтың жеке ел болып, еңсе көтерген сол бір дәуірде, текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет, ауыл, ру, тайпа аумағында ақсақалдар мектебі тым ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында, өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата, әке-шеше, жезде-женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады, үлгі-өнеге ұқтырды. Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық. Осы үрдіс сабақтастығын үзбей отырып, күні бүгінге жетті. Ұмай Анадан Ұлпанға дейін, Қарашаш анадан Алтыншаш анаға дейін, Домалақ анадан Зереге дейін дегендей ұзақ тізбекті жаңылмай жасай аламыз. Бұл жолы қазақтың қараңғы төріне, мектеп орнатып, жастарды білім-ғылым үйретіп, үлгі өнеге көрсеткен ұстаз аналар туралы әңгіме етпекпіз. .....
Әрбір мектеп бітіруші жанның шәкірттік бейнесін ешбір фотосуретшінің көмегінсіз-ақ сана түкпірінде сақтап қала алатын бір жан бар болса, ол - оның ұстазы. Ұстаз - өзінің есейген шәкіртімен жүздесіп тұрып-ақ осы бір ересек жанның сол кездегі балаң бейнесін, оның сыныптың қай бөлігінде, қай партада отырғанына дейін көз алдына елестете алатын бірден-бір жан. Себебі шәкірт ұстаздың өзінің мектепке жас маман болып кіріп, зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейінгі саналы да мағыналы ғұмырының еріксіз бір ажырамас бөлшегі. Осы бір балаң бейне ұстазға ерекше түрде жақын. Ұстаз бүгінгі алдында отырған шәкірттерімен ғана емес, өткен шақтағы шәкірттерінің осы бір бейнесімен де үнемі бетпе-бет келе алар еді. Нақ осыны шәкірттің өзі де сезер, мүмкін ұстаздың шәкірт жанына жақын болуының да бір себебі - ұстаздың тек өзіне білім беруші жан ғана емес, балаң күнінің қастерлі куәгері екендігінде де болуы мүмкін. Себебі түлек болып кеткен жан да еріксіз бала күніне оралып отырады.
Бүгінгі түлектер - кешегі шәкірттер. Ол күні кеше ғана өз мектебінің үздігі, өнерлісі, білім немесе басқа да саладағы жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары атанды. Ол осы сәттерде өз ата-анасының мәртебелі мақтанышы болды. Осының барлығында да оның жанында ұстаз жүрді. Осының бәрінде де ұстаздың қажыр-қайраты, білімі мен білігі, еңбегі мен шәкірт көкірегіне сенім мен жігер тудырушы күш-қуаты жатты. Шәкірт пен ұстаздың бірігіп мақсатты жолға жауапты дайындықтарының басталуы мен нақты нәтижелерге қол жетулерінің арасында ұзақ жол жатады. Бұл жол шәкірттің ұстазға деген сенімі мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінен құралады. .....
Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.
Ғабиден Мұстафин. Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.....